Джексенова Айман Максутовна

Туған күні: 23.11.1961
Туған жер: Қазақстан. Батыс Қазақстан облысы. Шыңғырлау ауданы
Білім:
Орал педагогикалық училищесі, мамандығы «Бастауыш сынып мұғалімі», 1983 ж.
Батыс Қазақстан облысы, мамандығы «Бастауыш сынып мұғалімі», 1999 ж.
Қоғамдық қызмет:
Жас мамандар тәлімгері, мектеп демеушісі
Педагогикалық өтілі: 32 жыл
Біліктілік санаты: бірінші
Еңбек қызметі:
1979-1983 жж. - Шыңғырлауорта мектебі, тәрбиеші
1983-2006 жж. - №17 мектебі, бастауыш сынып мұғалімі
2006-2017 жж. Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты, бастауыш сынып мұғалімі
Кәсіби жетістіктер:
2013 ж. «Құрмет грамотасы» Облыстық білім басқармасы
2015 ж. Диплом. облыстық семинар: «Көру қабілеті бұзылған балаларға тифлопедагогикалық негізгі түзету жұмыстарын жасау»
2016 ж. «Құрмет грамотасы» - мұғалімдердің облыстық кәсіподақ ұйым комитеті.
----------------------------------------
Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі Джексенова Айман Максутовна. Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы.
Мұғалім өте білімді, оқу-тәрбие барысында нормативті-құқықтық базасында білімін меңгерген, жас ерекшелік психологиялық-педагогикалық аймағында денсаулық сақтау технологияларында пайдалана біледі, іс-тәжірибесінде оқушымен жекелей байланысып, оқыту-танымдық, шығармашылық қызметіне жағдай жасайды. Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданады. Оқытуда білім беру жүйелерін қалыптастыру жүйесін бастапқы, жалпы орта білім беру мемлекеттік стандартында сақталған қызмет тәсілдерін біледі. Педагог пәндерді оқыту әдістемесін жоғары кәсіби деңгейде меңгерген, өз жұмысында көз жанары бұзылған балалардың жеке және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жеке-дара, топтық, жұптық, жалпы жұмыстарды орынды ұйымдастырады.
Айман Максутовна өзінің педагогикалық біліктілігін облыстық семинарларға, әріптестерінің сабақтарына қатысып, біліктілігін көтеру курстарынан өтіп, қазіргі заманғы педагогикалық әдістемелік материалдарды оқып үйрену арқылы жүзеге асырады. Әдістемелік тақырыбы: «Совершенствование и разнообразие методов коррекционно-развивающего обучения детей младшего школьного возраста с ограниченными возможностями». 2015 жылы «Көру қабілеті бұзылған балаларға тифлопедагогикалық негізгі түзету жұмыстарын жасау» тақырыбындағы облыстық семинарда «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектептің бастауыш сыныптарында математика сабағындағы түзетудің бағыты» тақырыбында баяндамамен қатысты. Сондай-ақ, 2016 жылдың қараша айында «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған түзету жұмыстарының әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы облыстық семинарға, балаларды қоршаған әлеммен таныстыру бойынша «Көлік. Көліктің түрлері» тақырыбында сабағын өте жоғары деңгейде өткізіп, қатсықан дефектолог мамандардың алғысына ие болды.
Ұстаз балалар ұжымын қалыптастыруға ерекше көңіл бөліп, көп жұмыстанады. Айман Максутовна тәжірибелі, жігерлі, білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагог. Мұғалім әріптестері арасында өзінің жұмыс тәжірибесімен әрқашанда бөлісіп отырады. 2015, 2016 жылдары «Ертегілер», «Мәтелдер» атты жинақтарын Брайль жүйесінде аударып, шығарды. «Infust.kz» сайтында «Менің сүйікті қалам-Орал», «Қазақстан», «Қазақстан рәміздері» атты сыныптан тыс шаралары жарияланып шықты. Жұмыс кезінде өзін тек жақсы жағынан көрсетеді, әрі осы мектептің қоғамдық негізде тұрақты демеушісі, кез-келген тапсырылған жұмыстарды үлкен жауапкершілікпен атқарады. Осы атқарған еңбектері бағаланып, 2015 жылы облыстық білім басқармасының «Құрмет Грамотасымен” марапатталса, 2016 жылы облыстық кәсіподақ ұйымының Грамотасымен марапатталды. Өз жұмысына және оқушыларына талап қойып жұмыстарын ұқыпты, әрі ерекше еңбекқорлықпен орындайды. Әріптестерімен арақатынасы өте жақсы. Ата-аналарға, әріптестері мен оқушыларына сенімді әрі сыйлы ұстаз.