Хамидуллина Жаныл Тапаловна

Туған күні: 17.06.1966

Туған жер: Қазақстан. Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы

Білім:
А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты, мамандығы «Орыс тілі мен әдебиеті ұлттық мектептерде», 1992 ж.
РФ. Самара мемлекеттік коррекциялық педагогика университеті, мамандығы «Тифлопедагогика», 2006 ж.

Қоғамдық қызмет:
«НұрОтан» партия мүшесі;
жас мамандар тәлімгері;

Педагогикалық өтілі: 25 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1992-2000 жж. - Карабас негізгі мектебі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2000-2017 жж. - Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты, мұғалім–тифлопедагог

Кәсіби жетістіктер:
2014 ж. «Құрмет грамотасы» Облыстық білім басқармасы
2015 ж. «Алғыс хат» ҚР Білім мен ғылым министрлігі.

----------------------------------------

Жаныл Тапаловна педагогикалық шеберлігі мол, терең де жан-жақты ізденімпаздығы мен педагогикалық әдістемені жетік меңгерген тәжірибесімен ерекшеленетін ұстаз. Сан түрлі әдіс-тәсілдерді балалардың мүмкіндігін ескере отырып, ұштастыра пайдалану арқылы олардың ойлау қызметін ынталандырып, белсенділіктерін үнемі жетілдіріп отырады.

Тифлоқұралдарды және дидактикалық материалдарды мақсатты пайдаланады. Көру мүмкіндігі шектеулі әр оқушының қабылдау ерекшелігін ескере отырып, оқу сабақтары мен түзету пәндерін байланыстыра отырады.

Әдістемелік тақырыбы: «Оқушылардың оқу процесінде сақталған сезім мүшелерін пайдалану дағдысын дамыту және жетілдіру». Оқушының қарым-қатынас дағдысын жетілдіру, қабылдау, ойлау, еске сақтау, елестету дағдыларын, ұсақ моториканы, кеңістікте бағдарлауын және әлеуметтік-тұрмысқа бейімделу дағдыларын дамыту және жетілдіру бағытында дәстүрлі емес сабақтар, саяхат, түрлі ойын-жаттығу сабақтарын өткізу- мұғалімнің тәжірибесі. Республикалық, аймақтық, облыстық конференция мен семинарларда, Ашық есік күндерін ұйымдастырып, оны әсерлі өткізуге ат салысып және баяндамалар оқып, әр түрлі тренингтер жүргізді. Іс -тәжірибесін тарату мақсатымен «Дефектология» Республикалық - ғылыми әдістемелік педагогикалық- психологиялық журналының «Заман талабына сай қазіргі сабақтарға қойылатын тифлопедагогикалық және офтальмологиялық гигиеналық талаптар» №4 (46)2014 ж; «Расширять зрительную реакцию на признаки весны» № 12. 2014 ж; Көру қабілеті бұзылған оқушыларға арналған арнаулы мектепте қазақ тілі (орыс тілі) және математика сабақтарында қолданылатын бірыңғай орфографиялық тәртіп» №2. 2015ж. атты мақалалары жарыққа шықты. 2014 жылдың ақпан айында «Өрлеу» БАҰО АҚ институты ұйымдастырған курс тыңдаушыларының алдында өз іс-тәжірибелерімен баяндама оқып бөлісті. 2014 жылдың ақпан айында Астана қаласының «ZIAT» орталығы ұйымдастырған «Ұстазға жаңа талап» атты республикалық конференцияға «Көру қабілеті бұзылған балалар үшін жеке тұлғаға бағытталған білім беруді ұйымдастырудың тиімді жолдары» атты баяндамасымен қатысып, II дәрежелі Дипломмен марапатталды. 2014 жылы 20.02-10.05 Халықаралық ғылыми-практикалық Интернет-конференциясына қатысып, қатысушы куәлігіне ие болып, мақаласы конференция материалының жинақ кітапшасына енді. Көптеген облыс көлеміне таратқан әріптестерінің жинақ (брошюра) кітапшаларына рецензент болып, 2015 жылы «Использование наглядности в обучении детей с нарушением зрения» атты әдістемелік нұсқауы облыс көлеміне таратылды. 2015 жылы «Жайық әдіскері» атты облыстық ғылыми- әдістемелік журналына №1. (5) санына «Көру қабілеті бұзылған балалардың оқу-тәрбие процесінде коррекциялық пәндердің алатын орны» мақаласы жарық көрді. Мұғалімнің түлегі Мубаракова Айгерім 2012 жылы Құрманғазы атындағы музыкалық колледжге кітапхана бөліміне түсіп, 2015 жылы үздік бітіріп, қызыл дипломға бітірді. Оқушысы Болатқалиев Бекжан 2012 жылы және 2013 жылы тоғызқұмалақ ойынынан облыстық зағип мүгедектер арасында I орынға ие болды.

Шәкірт тағдырына, оның болашағына үлкен жауапкершілікпен қарайтын нағыз адамгершіліктің, іскерліктің, жаңашылдықтың үлгісі бола білетін маман 2014 жылы еңбегі еленіп, облыстық білім басқармасының «Құрмет Грамотасымен» марапатталса, «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін» 2015 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Алғыс хатымен марапатталды. Жаныл Тапаловна шәкірттерінің, ата-аналардың, өз әріптестерінің арасында ерекше сенімге ие тұлға.