Кулекешов Малик Зайткалиевич

Туған күні: 06.01.1974
Туған жер: Қазақстан. Батыс Қазақстан облысы. Ақжайық ауданы
Білім:
Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті, мамандығы «Информатика, химия, физика» 1997 ж
БҚМУ. мамандығы «Дефектология», 2015 ж
Қоғамдық қызмет:
«НұрОтан» партия мүшесі; жас мамандар тәлімгері
Педагогикалық өтілі: 19 жыл
Біліктілік санаты: жоғары
Еңбек қызметі:
1999-2001 жж. - Бөкей орда орта мектебі, биология мен информатика пәнінің мұғалімі
2001-2017 жж. - Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп интернаты, информатика пәнінің мұғалімі
Кәсіби жетістіктер:
2016 ж. «Мадақтама» мектеп-интернат,
2017 ж. «Құрмет грамотасы». Республикалық журнал «Мектеп ұстаздарының әлемі»
----------------------------------------
Малик Зайткалиевич аталған мектеп-интернатта 2001 жылдан бері информатика пәнінен сабақ беріп келеді. Арнаулы мектепте білім алатын шәкірттердің ерекшеліктерін мұқият сезінетін, өз сабақтарын шәкірттер мүмкіндігіне сай ұйымдастыра білетін ұстаз. Өз пәні бойынша терең теориялық білімді, әр сабағын ғылыми негізге сүйене отырып, жоғарғы әдістемелік деңгейде өткізеді. Ол оқу материалдарын кезеңдерін сақтай отырып, жүйелеп, тиімді түрде түсіндіре біледі. Жаңа заманға сай оқу әдістерін, компьютерлік технологияларды шебер меңгерген. Оқушылармен жеке және өз алдына жұмыстануды қатаң қадағалап, олардың шығармашылық әлеуетін дамытып, пәнге деген қызығушылығын оятады. Сабақтарында түзету бағыттары, соның ішінде, назар аударуын, көру-сипап сезу арқылы қабылдауын, ойлауын, есте сақтау жұмыстарына көп көңіл бөледі. Мұғалімнің әдістемелік тақырыбы: «Зағип балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйретудің тиімді тәсілдерін жетілдіру». Сол бағытта тәжірибесін жинақтап, «Зағип балаларды Интернетте жұмыс істеуге үйрету» атты жинағы басылып шықты (04.2016 ж.), (07.2015ж.) Брайль жүйесімен оқитын сыныптарға арналған «Windowsпен жұмыс» жинағы құрастырылып, мектеп көлемінде таратуға мақұлданды. «Зағип балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйретудің әдістері» (Түзету педагогикасы журналы, 2014 жылы №2 (10) 2016 мақаласы және аймақтық, облыстық семинар-практикумда оқыған баяндамалары жинақтарда жарық көрді. 2015 жылы Самара қаласының ГС(К)ОУ №17 мектеп-интернаты ұйымдастырған «Использование информационных технологий и ресурсов сети Интернет в обучении и воспитании детей с патологией зрения» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинарға қатысып, алғыс хат алды. 2013 жылдың 11-12 сәуір аралығында Самара облысының Оңтүстік білім және ғылым басқармасының ұйымдастырумен өткен «Среда образовательного учреждения как средство воспитания, развития и социализации личности ребенка» I аймақаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, «Социализация как основный аспект обучения детей с нарушением зрения» атты баяндама оқыды. Мектеп-интернатында дәстүрлі өткізіп оздырлатын дефектолог мамандарға семинар-практикумда Брайль жүйесі бойынша оқитын оқушылардың (әсіресе көру қабілеті терең бұзылған) компьютермен жұмыстану барысын көрсетті. Ол нашар көретін немесе Брайль жүйесінде оқитын әр баламен жекелеп жұмыстанады. Брайль дисплейі, Вирго экрандық бағдарламасы арқылы зағип және көру қабілеті бұзылған оқушылармен түсінікті әдіс қолданып жұмыс жүргізе біледі. Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырып, оны ойын әдісінде қызықты және ерекше өткізу арқылы балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыра біледі. 9-12 сынып арасында өткен «Интелектуальді кафе», жанұялық сайыс «Информатикалық алаң» ойындары. Ойынға қатысушылар информатика пәнінен жақсы теориялық білімдерін көрсете білді.
Малик Зайткалиевич әріптестері, оқушылар және ата-аналар арасында жоғары беделге ие мұғалім.