Жумагелдина Нургул Елтаевна

Туған күні: 08.11.1964

Туған жер: Қазақстан. Батыс Қазақстан облысы. Казталов ауданы

Білім:
А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты, мамандығы «Физика мен математика», 1987 ж.
Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, мамандығы «Дефектология», 2015 ж.

Қоғамдық қызмет:
«НұрОтан» партиясының мүшесі

Педагогикалық өтілі: 25 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1987 ж - 2000 ж. - Алғабас орта мектебі, Жымпиты ауданы, физика пәнінің мұғалімі
2005 ж - 2011 ж. - Орал қаласы. «Жас дәурен» балалар кешені, физика пәнінің мұғалімі
2011 ж - 2017 ж. - Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп интернаты, физика пәнінің мұғалімі

Кәсіби жетістіктер:
2015ж. «Құрмет грамотасы» Облыстық білім басқармасы;
2015ж, 2016ж, 2017ж- «Құрмет грамоталары» РФ, Самара қаласының ГБУ(К ), №17 мектеп-интернаты мүмкіндіктері шектеулі балалардың V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы «Мектеп жобаларынан- білім шыңына».

----------------------------------------

Нургул Елтаевна теориялық білімі жан- жақты, әдістемелік тәсілдерді шебер меңгерген тәжірибелі ұстаз. Мұғалім әр сабақтың оқу тәжірибелік мақсатын дұрыс қойып, оқушының жан- жақты терең білім алуына, логикалық ойлау қабілетінің жетілуіне, жеке тұлга ретінде қалыптасуына күш салады. «Көру қабілеті бұзылған балалармен физика сабақтарында оқыту әдістерін дамыту және жетілдіру» әдістемелік тақырыбы бойынша ашық сабақтар, сыныптан тыс тәрбиелік шараларды, көру қабілеті бұзылған балалардың жас ерекшеліктеріне, қабілетіне қарай деңгейлеп- саралап оқыту және оқытудың басқа да технологияларын пайдалана отырып өткізеді. Өз жұмысын үнемі түрлендіріп, жаңа әдіс-тәсілдермен толықтырып отырады. Педагогикалық тәжірибесін тарату мақсатында «Физика- это интересно!» атты мақаласы, «Орта мектеп жаршысы» республикалық оқу-әдістемелік журналында (№6, 2013ж), «Қыздың шеберін бармағынан білерсің» тақырыбымен мақаласы «Қазақстан мектептеріндегі сыныптан тыс жұмыс» журналында (№4, 2013ж) жарияланды. 7-8 сынып оқушыларына физика пәнінен Брайль жүйесі бойынша оқитын оқушыларға арналған «Логические задачи по физике» жинағын құрастырды. Ұстаз еңбегінің жемісін шәкірттерінің алған марапаттарынан көруге болады: 2015жылы РФ, Самара ГБУ(К ), №17 школа- интернат IV международной научно-практической конференции школьников с ограниченными возможностями здоровья «От школьного проекта-к вершинам знаний» Рахманкулова Асель «В мире звуков» жобасымен қатысып, II орын иеленсе, 2016 жылы РФ, Самара ГБУ(К ), №17 школа- интернат V международной научно-практической конференции школьников с ограниченными возможностями здоровья «От школьного проекта- к вершинам знаний» Утаров Азат «Гагарин-Восток» атты жобамен қатысты, II орынды иеленді. Ал 2017 жлы РФ, Самара ГБУ(К ), №17 школа- интернат VI международной научно-практической конференции школьников с ограниченными возможностями здоровья «От школьного проекта-к вершинам знаний», Утаров Азат «Двигатель Стерлинга» жобасымен қатысып, занял I орынды иеленді. осы 2015; 2016; 2017 жылдарда жетекшісі ретінде Нургул Елтаевна оқушыларын жобаға дайындағаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.

Осындай конференцияларға оқушыларын жобаға дайындағаны үшін 2015 жылы облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» 2016 жылы мектеп-интернатының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Әріптестері мен ата-аналар, оқушылар арасында сыйлы, беделді, мейірімді, ақкөңіл, кәсіби шеберлігі мол, уақытының көп бөлігін еліміздің келешегі үшін жас ұрпақты тәрбиелеуде санасуды білмейтін, еңбекқорлығымен ерекшеленетін ұстаз.