Мукашева Назира Мураткалиевна

Туған күні: 16.06.1988

Туған жер: Қазақстан, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылы

Білім:
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, мамандық – «Шет тілі: екі шет тілі», бакалавр, 2011 жыл
Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достастығы университеті, мамандық – «Мектепке дейінгі оқытудың әдісі»

Қоғамдық қызмет:
«Нұр Отан» партиясының мүшесі

Педагогикалық өтілі: 3 жыл

Еңбек қызметі:
2014 жылдан бастап - МКҚК «Таңжарық» балабақшасы», тіл маманы

Кәсіби жетістіктер:
1. Мадақтама балабақша әкімшілігінен, 2015 жыл
2. Диплом балабақша ішілік «Ұлағатты ұстаз» байқауы, І орын 2015 жыл
3. Мадақтама балабақша ішілік спорттық сайыстан 2015 жыл
4. Алғыс «Қазақ хандығының 550 жылдығы» патриоттық әндер байқауы, 2015 жыл
5. Сертификат «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Семинар, 2016 жыл
6. Мадақтама балабақша әкімшілігінен, 2017 жыл
7. Мақала «Тіл-тірлік асқақталды» аудандық «Алакөл» газеті, 2016 жыл

----------------------------------------

Мен Мукашева Назира Мураткалиевна 1988 жылдың 16шы маусымында Алакөл ауданының Қабанбай ауылында дүниеге келдім.

Ана сүтімен ана тілін үйрендім. Жанұяма, еліме, жеріме деген құрмет балалық тілмен басталды. Өмір ағымына сай есейіп ер жеттім. 2011 жылы Қазақ  мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін тамамдадым. Сондай-ақ Қазақстан инженерлі педагогикалық халықтар Достастығы университетінде білімімді шыңдап оқуымды аяқтадым. Осы алған біліміммен қазіргі таңда «Таңжарық» балабақшасында тіл маманы болып қызмет атқарамын. «Бала тілі-бал» дегендей балалармен жұмыс жасау мен үшін бір ғанибет.

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмей өскен әңгүдік.
Өсер болсаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік

Соңғы жылдары шет тілдерін үйренушілер саны күрт өсіп отыр. Бұл заман ағымына, қоғам дамуындағы жаңа бағыт-бағдарларға, жылдам ақпараттануға байланысты деп ойлаймын. Осының нәтижесінде ағылшын, орыс тілдерін ерте жастан үйрету қажеттілігі туындайды.

Менің мақсатым: мектепке дейінгі  жастағы бала тұлғасын қалыптастыру ана тілге деген құрметін арттыра отырып, шет тілдерін ерте жастан үйрету. Себебі тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы  достық  пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту біздің  міндетіміз.

«Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін» - дей келе, Өзге тілдің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтейік!