Ибраимова Жанар Кайратовна

Туған күні: 04.06.1987
Туған жер: Қазақстан, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Көкжар ауылы
Білім:
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, мамандығы қазақ тілі мен әдебиеті, 2009 ж
Қоғамдық қызмет:
«Нұр Отан» партиясының мүшесі
Педагогикалық өтілі: 7 жыл
Біліктілік санаты: екінші
Еңбек қызметі:
2009-2014 жж - Көкжар орталау мектебі, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
2014 жылдан бастап - МКҚК «Таңжарық» балабақшасында тәрбиеші
Кәсіби жетістіктер:
Алғыс «8-наурыз халықаралық әйелдер күніне». Балабақша әкімшілігінен 2015 жыл
Мадақтама «Менің Отаным Қазақстан». Балабақша ішілік спорттық сайыс 2015 жыл
Сертификат «Ашық әлеумет» қоғамдық қорынан 2015 жыл
Мақала «Бала тәрбиесі – ұлт болашағы» Облыстық «Алатау» газеті 2016 жыл
Мадақтама «Ұстаздар күніне». Аудандық кәсіподақ комитетінен 2016 жыл
Мадақтама «8-наурыз халықаралық әйелдер күніне». Аудандық білім бөлімінен 2017 жыл
----------------------------------------
Мен Ибраимова Жанар Кайратовна 1987 жылы 4 маусымда Алматы облысы Алакөл ауданы, Көкжар ауылында дүниеге келдім. 1993 жылдың 1-қыркүйегінде Көкжар орталау мектебіне бірінші сыныпқа бардым. Негізгі мектеп болғандықтан 2003 жылы 9сыныпты бітіріп, 10-11 сыныпты Ақжар орта мектебінде оқып шықтым. Мектеп бітіргеннен кейін мен ұстаз болуды армандадым, алдыма мақсат қойып 2005 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығынатүсіп, 2009 жылы аталған жоғарғы оқу орнын аяқтап шықтым. Сол жылы қыркүйек айында Алматы облысы, Алакөл ауданы, Көкжар ауылындағы, Көкжар орталау мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым. Жұмыс істеудегі алдыма қойған басты мақсатым: «Жас жеткіншектерге саналы да сапалы білім беру». Сол мақсатпен аталған мекемеде 5 жыл жұмыс істедім. Отбасы жағдайына байланысты 2014 жылдың қараша айында өз еркіммен жұмыстан босатылып, Ақжар ауылындағы МКҚК «Таңжарық» балабақшасына жұмысқа орналастым. Сол уақыттан бастап тәрбиеші міндетін атқарып келемін. Мен үшін білім беру процесінде маманның шығармашылық жұмысы ең негізгі және басты бөлім болып саналады. Сондықтан тәрбиешінің озат тәжірибесі, оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіру де үлкен орын алады.Осыған орай мен жаңашыл педагогтар тәжірибелерін белгілі педагогтармен психологтардың ғылыми жұмыстарын зерттей отырып, өз ісімді шеберлікпен пайдаланудың тиімді жолдарын қарастырып келемін.. Жалпы педагогикалық өтілім 8 жыл. Тәрбиеші болудағы мақсатым: «Тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен өз үлесімді қосып, одан нәтиже шығару» болып табылады.
Тәрбиеші өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана маман болып есептеледі. Әрбір тәрбиеші өз ізденісін тоқтатпай үнемі үздіксіз жұмыс жасау керек деп ойлаймын. Мен үшін тәрбиеші болу бір бақыт.