Бекназарова Замира Казгуловна

Туған күні: 09.07.1987

Туған жер: Семей облысы Шар қаласы

Білім:
«Электротехника колледжі» КМҚК

Қоғамдық қызмет:
«Нұр Отан» партиясының мүшесі

Педагогикалық өтілі: 1 жыл

Еңбек қызметі:
2015 жылдан бастап МКҚК «Таңжарық» балабақшасында қызмет атқарамын

Кәсіби жетістіктер:
Сертификат «Қазақстанның аймақаралық біліктілігін арттыру орталығынан» 2016 жыл
Алғыс «8-наурыз Халықаралық әйелдер күні». Балабақша әкімшілігінен 2017 жыл

----------------------------------------

Мен Бекназарова Замира Қазғұлқызы 1987 жылы 09 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Семей ауданы Шар қаласында дүниеге келдім. Қазіргі таңда Алматы облысы Алакөл ауданы Ақжар ауылының тұрғынымын. 2015 жылдан бастап осы Ақжар ауылындағы «Таңжарық» балабақшасында ұстаздық біліміммен тәрбиешілік қызметімді атқарып келемін.Өз өмірімді бала тәрбиесіне арнағанымды мақтан етемін.

Ұстаз деген сөзге лайық болу үшін,білімді, шығармашыл болу қажет.Ол үшін,әрқашан біліктілігін арттырып, үнемі тынбай еңбек етіп отыру қажет. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқытатын пәнді терең түсіну, сол алған білімдерін кез-келген жерде тиімді,ұтымды пайдалана білу керек. Оқыту екі жақты үдеріс,онда ұстаз бен тәрбиеленушінің ынтымақтастық іс-әрекеттері жүзеге асырылады.

Ұстаз – ұлы тұлға. Ұстаз - балаға жеке тұлға ретінде қарай отырып, тәрбиелі,білімді,мәдениетті болуына ықпалын тигізеді. Тәлім-тәрбие беріп, баланың арман-қиялын көкке жеткізетін де, осы - ұстаз.

Ұстаз балаларға  білім алу әдістері мен тәсілдеріне үйретеді. Осы модульдерді сабақтарда пайдалану – оқу мен оқыту барысында білім сапаның көтерілуіне зор ықпалын беретін де ұстаз. Білім сапасын көтеру, тек  ұстаз бен  оқушының қолында.

Ұстаз мамандығы -ауыр мамандық. Ол адамнан тек аса жоғары білімді ғана емес, сонымен қатар рухани күш пен табандылықты және батылдықты да талап етеді. «Мен болмасам, сіз барсыз, үміт еткен ұрпағым» -деп, Ы.Алтынсарин атамыз нық сеніммен айтып өткендей болашақ ұрпағымыз білімді,көзіашық,шығармашыл болу үшін,тынбай білім алып,тынбай еңбектену керек. Сонда ғана ұрпағымыз тәрбиелі, болашағымыз жарқын болмақ.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей әрқашан талмай еңбек етіп, тәрбиелі де, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақты тәрбиелеуге үлесімді қоссам деймін.