Аимамбетова Оралкан Кыизаименовна

Туған күні: 08.03.1979

Туған жер: Қазахстан. Алматы обласы. Алакөл ауданы. Ушарал қаласы

Білім:
Талдықорган заң коллежі спецалист «Құқықтану»

Қоғамдық қызмет:
«Нұр Отан» партиясының мүшесі

Педагогикалық өтілі: 3 жыл

Еңбек қызметі:
2014 жылдан бастап - «Таңжарық» балабақшасында тәрбиеші

Кәсіби жетістіктер:
Алғыс хат «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз». Балабақша әкімшілігінен 2015 жыл
Диплом «Ұлағатты Ұстаз». Балабақша әкімшілігінен 2016 жыл
Сертификат «Мектепке дейінгі білім беруде педагогикалық техникаларды қолдану М.Монтессори, Н.Зайцев, Триз, Тәй- Тәй»2016 жыл
Граммота «8 Наурыз Әйелдер күні» Балабақша әкімшілігінен 2017 ж

----------------------------------------

Мен Аимамбетова Оралкан Кыизаименқызы 1979 жылдың 8 наурызында Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келдім.

2014 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ақжар ауылындағы «Таңжарық» балабақшасында тәрбиешілік қызметімді атқарып келемін. Өз өмірімді саналы ұрпақ оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнаған қымбатты ұстаз, ардақта анамын. Мен – осы қиын болғанмен қасиетті, ауыр болғанмен абыройлы – тәрбиеші мамандығын таңдағанды мақтан етемін, мақсатына жеткен бақытты жандардың бірі санаймын.

Ұстаз – бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мағыналы сөз. Өйткені, осы сөзде қаншама мағына, қаншама мән жатыр. Тәрбиеші – тәрбиеленушілердің жан дүниесін қалыптастыратын және балалардың жақсы қасиеттерінің өсуіне себепкер болатын, сонымен қатар жас баланың жүрегін, жанын азықтандыратын адам.

«Үлкен бір жұмысты сәтті орындаудың бір ғана жолы бар. Ол істі жан-тәнімен сүю қажет» демекші, адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем де тілейді. Алға қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ол осы үшін әрекет жасайды, еңбек қылады. Балалардың әр жетістігіне қуану мен өз еңбегіңнің жемісін көру – ұстаз үшін үлкен бақыт. Өз тәрбиеленушілерімді баули жүріп, кез-келген жұмыста нәтижеге жетуге ынталандырамын, оларға сенім білдіремін. Сенім болмаса, адам баласы жетем деген биігіне жете алмайды. Нәтижесінде тәрбиеленушілерім саналы да, сапалы тәрбие алып, жан-жағыма жиналған балаларды көргенде, жапырағымның жайқалып өскеніне, еңбегімнің жемісті болғанына шүкіршілік етемін. Әрбір қоғамның ауыр да абыройлы жауапкершілігін арқалаудан мен жалықпаспын.