Оралхан Өнергүл

Туған күні: 25.04.1986
Туған жер: Монголия, Сэлэнгэ
Білім:
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Мамандық – музыкалық білім, 2010 жыл
Қоғамдық қызмет:
«Нұр Отан» патриясының мүшесі
Педагогикалық өтілі: 8 жыл
Біліктілік санаты: екінші
Еңбек қызметі:
2006-2011 - Қызылқайың орта мектебі, ән-күй пәнінің мұғалімі
2011-2013 - Қабанбай ауылдық мәдениет үйі, оператор
2013-2014 - МКҚК «Таңжарық» балабақшасы, ән-күй маманы
2014-2015 - Екпінді ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі
2015 жылдан бастап МКҚК «Таңжарық» балабақшасының ән-күй және хореограф маманы
Кәсіби жетістіктер:
Мадақтама, Балабақша әкімшілігінен 2014 жыл
Алғыс хат «Ханшайым - 2014», 2014 жыл
Мадақтау қағазы, Аудандық кәсіподақ комитеті 2015 жыл
Алғыс хат «Ұстаздар күніне». Балабақша әкімшілігінен 2015 жыл
Мадақтама балабақша әкімшілігінен, 2015 жыл
Мақала «Тарихты таныту аясында» аудандық «Алакөл» газеті, 2015 жыл
Сертификат, «9 мамыр-Жеңіс күні!» сценарий, ЖК «Ажар» 2016 жыл
Сертификат «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, 2016 жыл
Мадақтама балабақша әкімшілігінен, 2017 жыл
----------------------------------------
Мен Оралхан Өнергүл 1986 жылы 25 сәуірде Монғолия Республикасы Улан-батор қаласы, Сэлэнгэ ауданында дүниеге келдім. Ұлтым-қазақ.
1993 жылы Көлбай орта мектебінің 1-сынып табалдырығын аттап, 2004 жылы осы аталған мектепті тәмамдадым. Әрбір адамның арманы өзінің сүйікті мамандығына қол жеткізу.
2005 жылы І.Жансүгіров атындағы Мемлекеттік университетіне түсіп, музыкалық факультетінің «Бакалавр академиялық» дәрежесімен, баян аспабын меңгеріп шықтым.
«Өмірдің өзі күрес»- дегендей, жұдырықтай жүрегімнің қалауымен ұстаздық жолды таңдадым.
Мен өзімнің еңбек жолымды Қызылқайың ауылында музыка пәнінің мұғалімі болып бастадым. Менің мақсатым : тәжірибелі білікті ұстаздардан тәжірибе алмасып, білгенімді бөлісіп, білмегенімді үйрене отырып, келешек ұрпаққа қазаққтың ұлттық өнерін дәріптеу болды. «Бұлақ көрсен көзін аш» деген дана хылықым. Әр бала жанып тұрған жұлдыз, сол себептенде сол жұлдызға кішкентайда болсын өз үлесімді қосып жұлдызын жарқырату менің басты арманым еді.
-Міне сол арманым бүгінгі таңда Ақжар ауылындағы МКҚК «Таңжарық» балабақшасында жалғасуда. Балабақша менің екінші үйім десем де артық айтқандық емес. Мұндағы мамандардың әр қайсысы мен үшін бір тау тұлға. Мен әріптестерімнің кішіпейілділігін, сыйласымдылығын, озық тәжірибелі білімдерін құрмет тұтамын. Әрине балалармен жұмыс жасау өте ауыр, дегенмен балаларды күнде көріп мен өзім үлкен әсер аламын. Бүлдіршіндердің күлгені, ойнағаны, қуанғаны бұл бір ғажайып құбылыс...
Бүгінгі күнде жаңартылған білім беру аясында балалардың шығармашылыған , білімін жан-жақты шыңдап жетелеу әрбір педагогтың басты мақсаты деп ойлаймын. Мен осы аталған балақшада жұмыс жасағаныма төрт жылдың көлемі болды. Балабақшада өнерсіз бала кемде-кем. Әр баланың бойында жеке – дара өнерлері бар. Өнерлі балалардың өнерін шыңдай отырып, әрбір мерекеде бүлдіршіндерді жан-жақты қырынан көрсетуге тырысамын.
Бірі ән салса, бірі мың бұрала билейді, ал бірі айтыскер ақын болғысы келіп өлең шумақтарын мәнерлеп айтуға талпынады. Міне балабақша өмірі осындай қызықтарға толы, талай конкуртарға қатысып бүлдіршіндеріміз жүлделі орындарға ие болды. Мен өзімнің мамандығымды мақтан тұтамын. Әліде өнерлі балаларды жетелеуге еңбегімді аямаймын.