Габдуллина Галия Гимеденовна

Туған күні: 10.03.1977

Туған жер: Орал облысы Фурманов ауданы Қарасу ауылы

Білім:
Батыс Қазақстан Гуманитарлық Университеті, филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 1998 жыл

Қоғамдық қызмет:
Беру қызметкерлері кәсіподағының мүшесі, 1998 жыл

Педагогикалық өтілі: 18 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
1998-2016 жылдар: Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
2012 жылдан қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі

Кәсіби жетістіктер:
Жетістіктері:
2011жыл 4 қарашада Орал қаласында өткен «Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарындағы академиялық ұтқырлық: тәжірибе және даму мүмкіндіктері» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасадым, еңбегім конференция материалдары жинағына енді.
2012 жылы (1 қазан- 22 желтоқсан) Алматы қаласы “Өрлеу” біліктілікті арттыру Ұлттық орталығында деңгейлік курстың 2- деңгейін оқып, сертификатталдым. II № 0001103 15 қаңтар, 2013 жыл. Тренерлерім: Кудайбергенова Кулзада Саековна, Куралай Рыскулбекова, Сидней Роуз.
2013 жылы «Сатылай кешенді талдау технологиясы» № 000387
2013 жылы «Биоақпараттану және Синергетика» Республикалық жоба «Білім беру Технопаркі» орта білім беру мектепінде сапаны басқару технологиясы
2014 жылы «Абайтану ғылымы: зерттеулер мен тың деректер»облыстық семинар
Марапаттаулары:
Бірінші Республикалық педагогикалық оқулардың аудандық кезеңінің пленарлық отырысында мектептің озық инновациялық педагогикалық тәжірибесін бөліскені үшін Диплом, 2013 жыл;
аудандық Құрмет Грамотасы, 2014 жыл;
аудандық YI «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы Диплом, 2014 жыл; аудандық YI «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы Диплом, 2015 жыл;
“Абайды оқы, таңырқа” панорамалық сабақтар байқауы, “Бас жүлде”, 2015 жыл;
Облыстық “Абайды оқы, таңырқа” панорамалық сабақтар байқауы, “АКТ-құзіретті ұстаз” номинациясы Диплом, 2015жыл.
2016 жыл «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Қазақ тілі» пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадасынан 1-орын «Диплом» иегері.

----------------------------------------

Габдуллина Галия Гимеденовна – Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінде 17 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы   уақыт аралығында өзін білікті маман  ретінде  көрсете білді. Мұғалім өз білімі мен кәсіби шеберлігін шыңдауда шығармашылықпен ізденеді. Заманауи ақпарат құралдарын шебер меңгеріп, әрбір сабағын жаңа ізденіспен,   үлкен дайындықпен өткізеді. Өз ісіне жетік, кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп отыратын,  педагогикалық-әдістемелік қоржыны аса бай   ұстаз. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін алдыңғы қатарлы озық тәжірибені жүйелі пайдалануға, оқу мен оқытуда білім берудің  тиімділігін арттыруға, өзін-өзі бағалау мен формативті бағалауды жүзеге асыруға, оқушының функционалдық сауаттылығын дамытуға жұмыстанып келеді. «Оқыту мен оқуда оқушылардың  сөйлеу мәдениетін дамыту үшін сыни тұрғыдан ойлаудың маңызы» атты әдістемелік тақырып  бойынша жұмыстана отырып, өз шәкірттерінің сыни ойлай алуын дамыта отырып,  қазақ халқының тілі мен әдебиетінің  бай мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуде ұлттық рухты , рухани бай шәкірт тәрбиелеуде. Педагогикалық оқыту технологияларын саралап, пән ерекшелігіне қарай қолдана біледі.

«Педагог» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Диалогтік оқыту» коучинг жоспары (№5 2014 ж); «Мектеп директорының орынбасары»  оқу-әдістемелік журналында «Диалогтік оқыту және ЖАДА» (№ 4 2014 ж) ; «Ұлағат» республикалық ғылыми-психологиялық және педагогикалық басылымда «Оқушыларды формативті бағалаудың педагогикалық-психологиялық маңызы» (№2 2015ж) атты мақаласы «Оқушы тәрбиесі» журналында «Формативті бағалаудың оқу мен оқытуда тиімділігі» баяндамасы (№6 2015) ; «Мектеп-45 минут» журналында «Сөздің дәлдігі ойдың айқындылығы» сабақ жоспары, 11-сынып  (№7 2015 ж)  «Білім кілті» журналында «Омонимдер. Жаттығулар жұмысы» сабақ жоспары, 5-сынып  (№7 2015 ж) «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» (№9 2015 ж)  журналында  «Ана тілім - дана тілім, өз тілім» атты сыныптан тыс шара жарияланып, республика көлемінде іс-тәжірибе таратты.

Галия Гимеденовна аудан көлемінде бірнеше рет іс-тәжірибе алмасу мақсатында  шеберлік сыныбын әріптестерімен бөлісті. Тьютерлік  мектептерде 9-сыныпта Абайдың  «Ескендір»  поэмасын, 2013 жылы 17.04. аудандық «12 жылдық білім беруге көшу жағдайында жалпы орта білім беретін мектептің жұмыс мазмұны және оқушыларды жаңа форматта оқыту жолдары» атты мектеп директорларының  семинарында «Оқушыларды бағалаудың педагогикалық-психологиялық негіздері» атты баяндамасымен бөлісіп,  С.Мұратбековтің «Жусан иісі» шығармасынан шеберлік сыныбын көрсетсе, «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың мәселелері » атты жаңа формат оқыған мұғалімдердің аудандық семинарында «Диалогтік оқыту және ЖАДА» атты мұғалімдер коучингін өткізді.   Облыстық ресурстық орталықта  «Ана тілім-дана тілім, өз тілім» атты сыныптан тыс шарасын 2015 жылы, Облыстық  «Қазақ әдебиетінен білім берудің инновациялық технологиялары» атты семинар-практикумда «Қазақ әдебиетінде қолданылатын әдіс-тәсілдер» атты шеберлік сыныбын 2015 жылы бөліссе, Облыстық “Абайды оқы, таңырқа” панорамалық сабақтар байқауында  “АКТ-құзіретті ұстаз” номинациясын иеленіп, Дипломмен марапатталды.

Галия Гимеденовнаның   шығармашылық пен ізденіске толы еңбегінің  нәтижесі шәкірттерінің нәтижесінен байқалады. Шәкірттері аудан, облыс көлеміндегі пәндік және интеллектуалдық сайыстарда жүлделі орындардан көрініп келеді. Шәкірттері  бірнеше рет пән олимпиадаларының жүлдегері.

2013-2014 оқу жылында Каленова  Перизат аудандық пәндік  олимпиадада  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 2-орын, Рашова Алия  аудандық Қадыр оқулары «Сөздің бәрі құдіретті» 2-орын; 2014-2015 оқу жылында  Икиш Жұпар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аудандық кезеңінде 5-сыныптар арасында  1-орын, Каленова  Перизат жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11-сыныптар арасында 2-орын, аудандық «Жарқын болашақ» YII қазақ тілі олимпиадасында «Тілші-әдебиетшілер» конкурсы бойынша

1-орын, Кайргали Жибек аудандық «Жарқын болашақ» YII қазақ тілі олимпиадасында «Сөз шеберлері» конкурсы бойынша  1-орын, аудандық YI Махамбет оқуларының «Ел құтқарар ер едім...» мәнерлеп оқу сайысында 2-орын, Рашова Алия  аудандық ғылыми жобалар конкурсында қазақ әдебиеті пәнінен 1-орын, осы  оқу жылында шәкірті Каленова Перизат Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің студенті атанса, 2015-2016 оқу жылында Абекенова Венера жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10-сыныптар арасында 3-орын, Рашова Алия  аудандық «Жарқын болашақ» YIII қазақ тілі олимпиадасында «Сөз шеберлері» конкурсы бойынша  2-орын иеленсе, Кайргали Жибек  облыстық  «Жұбан оқуларының», Рашова Алия  облыстық «Қадыр оқуларының» қатысушы сертификатын иеленді.

Галия Гимеденовна  Облыстық ресурстық орталықта  «Ана тілім-дана тілім, өз тілім» атты сыныптан тыс шарасын 2015 жылы, Облыстық  «Қазақ әдебиетінен білім берудің инновациялық технологиялары» атты семинар-практикумда «Қазақ әдебиетінде қолданылатын әдіс-тәсілдер» атты шеберлік сыныбын 2015 жылы, Облыстық “Абайды оқы, таңырқа” панорамалық сабақтар байқауында  “АКТ-құзіретті ұстаз” номинациясын иеленіп, Дипломмен марапатталды.

Ұстаздың биік кәсіби педагогикалық шеберлігі тынымсыз  еңбекпен, асқан жауапкершілікпен ұштасып келеді. Ол – ұжым ішінде беделді мүше, шәкірттері сабағын асыға күтетін сыйлы ұстаз, ата-аналар алғысын арқалаған майталман  маман.