Батырбекова Перизат Айташевна

Туған күні: 01.08.1984
Туған жер: Қазақстан, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Тасқарасу
Білім:
Абай атындағы Қазақ ұлттықпедагогикалық университеті, мамандық – «Педагогика және психология», 2015 жыл
Қоғамдық қызмет:
«Нұр Отан» патриясының мүшесі
Педагогикалық өтілі: 4 жыл
Еңбек қызметі:
2013 жылдан бастап МКҚК «Таңжарық» балабақшасында қызмет атқарамын, педагог-психолог
Кәсіби жетістіктер:
Грамота. Балабақша әкімшілігінен 2014 жыл
Грамота «Менің Отаным Қазақстан». Балабақша әкімшілігінен 2015 жыл
Диплом «Ұлағатты ұстаз». Балабақша әкімшілігінен 2015 жыл
Сертификат «Ашық әлем әлеуметтік қорынан» 2015 жыл
Диплом «Мамандығым мақтанышым» ІІ-орын, 2016 жыл
Сертификат «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, 2016 жыл
Диплом «Халықаралық әйелдер күніне» Балабақша әкімшілігінен 2017 жыл
Алғыс хат Ақжар ауылының әкімі, 2017 жыл
----------------------------------------
Мен қазіргі таңда өзім атқарып жүрген мамандығымды өте жақсы көремін және сондай бір қызығушылықпен күнде бір жаңалықпен жаныммен беріле істеймін. Жұмысқа келгенде өзімнің жеке басымда болған сәтсіз күндерімді де, көңілсіз көңіл күйімді де ұмыттыратын осы менің мамандығыма деген сүйіспеншілігім. Себебі таңертең ерте, таңмен бірге оянып ата-ананың баласына жағдайлы орта қалыптастыру жолында, жұмысына кедергі жасамауда баланың бір күндік қызықты өмірін ұйымдастыратын орда-алтын орда–ол балабақша тәрбиешісімін. Ертеңгілік әр түрлі көңіл күймен келген әр баланы қабылдап алып, жылағанын жұбатып, көңілсіз келгенін қызықтырып әр түрлі баланың мінезіне сай сөйлесіп, зейіндерін таң қаларлық жағдаймен балабақша өміріне, тәртібіне бағындыра білу кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Ал балабақшада тәрбиеші қандай болу керек, ол жас ерекшелігіне сай баламен қалай сөйлесіп, нені үйрету керек, қандай ойыншықтармен ойнату, немесе он минуттық оқу іс-әрекетінде баланың есте сақтауын, зейінін, тілін қалай дамытудың қыр сырын үйрететін жоғары оқу орындары мен арнаулы оқу орындарында оқығанның арқасы деп ойлаймын. Сонымен бірге жұмыс басты болып бала тәрбиесіне аз көңіл бөлетін ата-ана бере алмаған тәрбиені ең бірінші беретін балабақша тәрбиешілері деп білемін. Бала - жаңа отырғызылған шыбық. Ал оны қалай баптасаң солай өседі. Жел соқса қисаяды, су құймасаң қурайды. Ал соған уақытында суын керегінше құйып, қатты желден сақтап қорған болу- ол ата-ана мен тәрбиешінің ең басты міндеті. Ал ақ жүрегіңмен қабылдаған кәсібің тәрбиеші болу- айтуға ғана оңай шаруа болғанымен, бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп жүрген жандар жақсы түсінеді. Балабақшада берілген тәрбие мен білім өмірдің алғашқы баспалдағы іспеттес. Осы бағытты ары қарай жалғастырып бала бойына терең білім беру әр пәннің қыр сырын үйрету ғылым құпияларын шешуге ынталандыру, мектептегі ұстаздардың басты парызы. Балабақшалар ашып, баланы мектепке дайындау –Елбасымыздың «100 мектеп 100 балабақша» деп басым айтылған жолдауындағы кезек күттірмес тапсырмалар болатын. Қазіргі таңда шалғай жатқан жерлерге де балабақша ашып ,үш ауысымды мектептепте оқытудың қиындығын көре отырып осы бастаманы қолға алып бірталай шаруалар орындалғанына, еліміздің болашағы балаларды ойлап олардың білім алуы, балабақшада тәрбие алуына жағдай жасап жатқан Елбасымызға алғысымыз шексіз. Жыл сайын балабақша тәрбиешілерін дайындап, жоғары оқу орындарын бітірген жастардың ауылды жерге баруына ықпал етіп отырған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қазақ еліне ,қазақ ұрпақтарына жасап жатқан жақсылық. Елбасымыздың қазақ елін «Мәңгілік ел» етем деген жан шырылы әр қазақтың жүрегінен орын алып, қолдау көрсетіп бәрі қазақ елі үшін жасап жатқан игілікті істер екенін ұмытпаса екен.
Біздің ұстанымымыз-мектепке дейінгі уйым мамандарының ұстанымы.
Ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгу. Олай болса әр күніміз жаңалыққа толы болсын. Оқу іс-әрекетімізді жаңа технология жаңалықтарымен ұштастыра отырып, әр күніміз ізденіспен өтсін, еңбектің нәтижесін көруге лайықтымыз. Тәрбиешілердің еңбегі, әр сағаты, әр күні бағалауға, дәріптеуге ,алғыс айтуға тұрарлық мамандық иелері