Кәрімова Әйгерім Лұқпанқызы

Туған күні: 08.12.1960

Туған жер: Солтүстік Қазақстан облысы

Білім:
Павлодар мемлекеттік университеті, мамандығы: «Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі», 2007

Қоғамдық қызмет:
Тілдік үйірменің жетекшісі, "Нұр Отан" мүшесі

Педагогикалық өтілі: 29 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1988-2017 ж. - "Павлодар қаласының №116 сәбилер бақшасы" МҚКК, қазақ тілі мұғалімі

Кәсіби жетістіктер:
Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының «Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілдің оқытудың ең үздік әдістемесі» республикалық конкурсы, 2 орын, диплом ( 04. 2011ж.)
Бұқаралық ақпарат құралдарында (22.05.2013), Павлодар облыстық радиосында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты тақырыппен сөз сөйледім (эфирлық анықтама);
Мемлекеттік тілді дамытудағы көп жылғы еңбегім үшін Павлодар қаласы әкімінің және Тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапатталдым (2013 ж.);
Республикалық «Үздік педагог-2014 » конкурсы (04.2014) – 1 тур - 2 орын, диплом
Республикалық "Мың бала" конкурсы - 3 орын, диплом (12.2016 ж,)
Қалалық "От просвещения к современной педагогической практике" конкурсы - 1 орын, диплом (04.2017)
Қалалық "Балбұлақ" конкурсы -1 орын, диплом ( 05.2017 жыл)

----------------------------------------

Мен орыс тілді балабақшада қазақ тілі мұғалімі болып 25 жылдан астам жұмыс істеймін. Орыс тілді бақшада қазақ тілін үйренуге барлық жағдай жасалған: толық жабдықталған қазақ тілі кабинеті, тілдік ортаны дамытуға оқыту аймағы құрылған, балаларды қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру үшін үлкендердің күшімен мұражай аймағы үйымдастырылған.

Балаға қанша ертеден бастап екінші тілді үйретуге мүмкіндік берілсе, қолайлы ортаны құрастырып, жұмысты дұрыс бағытпен ұйымдастырса, сонша нәтиже үлгерімді және тиімді болады деп есептеймін.

Балабақшаларда жыл сайын көп бағдарламалар шығып жатыр. Бірақ жоғарыдан келген жоспар, бағдарламаларға сүйіне бермей, балалармени жұмыс жүргізуде инновациялық іс-әрекеттерді жетілдіріп, жаңа технологияларды ойдағыдай енгізіп отырамын.

Балалардың қазақ тіліне деген құмарлығын дамыту және танымдық белсенділігін арттыру, алдына қойған міндеттерді шешуге дағдыландыру мақсатымен өзімнің педагогикалық тәжірибеме сүйеніп, қазақ тілін үйренуге мектепалды топтарға арналған «Айгөлек» бағдарламасын құрастырып, жеке жұмыс дәптерлерімен толықтырдым. Осы тілдік материалмен Президенттің қоры ұйымдастырған «Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілдің оқытудың ең үздік әдістемесі» республикалық конкурсына қатысып, 2 орынға ие болып дипломмен марапатталдым. Аталған материал Павлодар қаласының ПМБАИ–да мақұлданған. Қазақ тілі мұғалімдеріне қолдануға ұсынылды. Отбасы мен балабақша тығыз қарым-қатынаста болу қажет. Балабақшада балалардың алған білімі тұрақты болады, егер ата–аналар педагогикалық процеске қатысып отырса деп есептеймін. Ата-аналардың қатысуымен балабақшада ашық сабақтар, олимпиадалар, ұйымдастырылған жобалардың қорғау шараларын өткіземін. Қазақ тілінен ересек тобында ата-аналардың қатысуымен «Менің шежірем», даярлық топтарда "Менің Отаным – Қазақстан", "Қош келдің, Наурыз!" атты жобалар өз мәресіне жетті.

Басқа ұлт өкілдерінің ата-аналарына көмек ретінде балаларымен үй жағдайында қазақ тілін үйретуге арналған «Қазақ тілі бәрімізге керек!» атты әдістемелік құрал құрастырдым. Осы әдістемелік құралдың аты айтқандай, Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдеріне мемлекеттік тіл ауадай керек екенін ата­аналар түсінеді. Ата-аналар үйлерінде «дамыту ортасын» құрастырса, үй жағдайында қазақ тілін үйренуге болады Өз тәжірибесімен облыста және қала педагогтармен шын көңілімен бөлісемін. 13.09.2012. ПОПБАИ (Павлодар облысының педагогтардың біліктілігін арттыру институты) тыңдаушылар арасында Шебер жетілдіру класын ұйымдастырып қазақ тілі мұғалімдеріне «Бір шанырақ астында» атты сабақ көрсеттім, және «Авторлық сызбаларды қазақ тілі сабағында пайдалану» атты тақырыппен дәріс өткіздім.    24.05.2013. «Тірек сызбаларды, шартты белгілерді қазақ тілі сабағында пайдалану» атты тақырыппен ПОПБАИ тыңдаушылар курсына тәжірибелі семинар өткіздім. Облыстан келген тәрбиешілерге «Үй жануарлары» атты практикалық сабақ өткіздім.Өзімнің тәжірибеммен, көрнекі үлгі схемалармен, тірек суреттермен, шартты белгілермен бөлістім.

Қазіргі уакытта өзіміздің сәбилерді қалай тәрбиелейміз, Қазақстанның болашағы содан тәуелді болады. Азаматтық-патриоттық сезімді, мемлекеттік тілге құрмет көрсету арқылы тәрбиелеуге болады. 22.05.2013. ж. Облыстық павлодар радиосында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты тақырыппен сөз сөйледім. Облыстық радио желісінде балалармен өткізілген «Ойнаймыз да, ойлаймыз» олимпиада ойыны берілді.

Қазақ тілін оқытып, үйрету – ізденістерді, жаңа технологияны қолдануды керек етеді. Балаларды қазақ тілінен олимпиада, байқауларға қатыстырып жыл сайын жоғары нәтижелерге жетуге тырысамын. Республикалық "Мың бала" конкурсы, қалалық "Балбұлақ" конкурстарына қатысып жүлделі орындарға ие болдық. Мектепке барған балалар қазақ тілінен қиыншылық көрмей, психологиялық жағынан дайын болады, ата–аналар ризашылығын білдіріп жатады.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл” дегендей, мемлекеттік тілін мектепке дейінгі кезеңнен ерікті үйрету, отбасы, балабақша, ата–аналар болып жүзеге асырылғанда ғана нәтижелі болады.