Сыздыкова Гульмира Камбаровна

Туған күні: 10.05.1976

Туған жер: Қазақстан, ОҚО, Төлеби ауданы, Леңгір қаласы

Білім:
1993 ж. - 1997 ж., Әл-Фараби атындағы ҚМҰУ, математика мамандығы, бакалавр
1997 ж. - 1999 ж., Әл-Фараби атындағы ҚМҰУ, математика магистрі (үздік белгімен)

Дәрежелер мен ғылыми атақтар:
Математика магистрі, 1999 ж.

Педагогикалық өтілі: 14 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
01.12.98 ж.-01.10.02 ж. - №28 Орта мектебі, математика пәні мұғалімі; «Қазақстанның медициналық институтында» математика, информатика оқытушысы.
15.10.02 ж.-16.03.04 ж. - М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оқу-әдістемелік бөлім инспекторы.
01.10.04 ж.-15.10.07 ж. - ҚазМемҚызПИ, Қазақ жол қатынастары университеттері, оқытушы.
05.09.08 ж.-11.11.12 ж. - Алматы Полиграфия коледжі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, математика және информатика оқытушысы.
08.02.13 ж.-01.08.13 ж. – Алматы Қалалық біліктілікті арттыру институты, әдіскер.
02.08.13 ж.-02.02.15 ж. - М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі, математика пәні мұғалімі.
03.02.2015 ж. бастап Алматы қаласы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, математика пәні мұғалімі.

Кәсіби жетістіктер:
2014 ж., «Е ң үздік сынып жетекшісі 2014 жыл»: Қалалық «Ең үздік сынып жетекшісі-2014ж» байқауына белсене қатысып, «Заманауи ұстаз» лауазымына ие болғаны үшін; Алматы қаласы, Білім басқармасы.
2014 ж., мадақтама: М.Ганди атындағы №92 Мамандандырылған лицейде 2013-2014 оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік мұғалім-2014» номинациясы.
20.06.2014 ж., грамота: за II место в районном конкурсе «Лучший педагог Алматы - 2014», Бостандыкский РОО.
01.10.2014 ж., құрмет грамотасы, «Ауданның білім беру жүйесіне қосқан үлесі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін марапатталады».
2016 ж. 12-сәуір, құрмет грамотасы, «Жастар және ғылым: Бүгінгі және Болашағы», 69-шы ғылыми-тәжірибелік конференцияда үздік баяндама жасаған оқушының жетекшісі, ҚазМемҚПУ.
28.03.2014 ж., мадақтама: «Білім берудегі инновациялық технологиялар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына белсене қатысқаны үшін; Абай атындағы ҚазҰПУ.
15.05.2014 ж., Свидетельство: о подготовке учащихся, ставших победителями (занявших третье место) на Международном дистанционном конкурсе по математике проекта «Новый урок».
2015 ж., Сертификат №619275, математика пәні мұғалімдеріне арналған дистанционды олимпиададан "үздік нәтиже" көрсеткені үшін.
25-28.03.2015 ж., благодарность за подготовку финалиста VII Математической Олимпиады имени Леонардо Эйлера.
2016 ж. Астана қаласы, І Дәрежелі диплом №00801276-F6CC, Математика пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасы.
22-25 марта 2016 г., благодарность за подготовку финалиста VIII Математической Олимпиады имени Леонардо Эйлера.
2016 ж.. Алматы қаласы ФМБ НЗМ, мадақтама, «2015-2016 оқу жылындағы тиянақты қызметі мен білім берудегі жетістіктері үшін» марапатталады.
2017 ж. Астана қаласы, ІІІ Дәрежелі диплом №01048135-F6CC, Математика пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасы.

----------------------------------------

Сыздыкова Гульмира Камбаровна − Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистратура бөлімінің математика факультетін «үздік» дипломмен бітірген 1999 жылғы түлегі, 14 жыл педагогикалық өтілі бар математика пәні мұғалімі.

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2015-ші жылдың 3-ші ақпанынан бері жұмыс жасап келе жатқан Г.К.Сыздыкова ізденімпаз, шығармашыл мұғалімдердің бірі болып саналады. Математика пәні бойынша мұғалімдерге  арналған Республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысы бойынша: 2015 жылы «үздік нәтиже», 2016 жылы І Дәрежелі диплом және 2017 жылы ІІІ Дәрежелі дипломды иеленді. 08.09.2014ж.–05.01.2015ж. аралығында ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтаған Гульмира Камбаровнаның математика пәнін оқытудағы негізгі ұстанымымның мәні: сабақта оқу мен оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың өздігінен ізденулері арқылы ой-өрістерін дамыту, логикалық тапсырмаларды орындаулары барысында оқушылардың сыни ойлауларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Жалпы, қазіргі заман талабына сай білім беру және тәрбиелеу, сонымен бірге жас ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмаларды, оқу стратегиялары мен жаңа технологияларды Блум таксономиясы негізінде құрылып жасалған қысқа мерзімді жоспарлардың әр кезеңіне сәйкес тиімді де, ұтымды қолдана білу. Белсенді оқудың стратегияларын қолдану мұғалімнің барлық оқушыларды бар білімдерін ой елегінен өткізіп, жаңа материалды меңгеруге қажеттілігі мен сабақта алынған білімінің нәтижесіне қатысты  қорытынды жасауға мүмкіндік тудырады. Сонымен қатар, сабақ барысында оқушыларды оқуға жеке, жұптық, топтық жұмыс формалары арқылы тарту барысында олардың алған білімдерін тәжірибеде қолдануға жетелейді. Сабақтың мақсаты мен критерийлерін оқушылармен бірлесе анықтау арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағыттайды. Г.К.Сыздыкованың педагогикалық ұстанымы математика сабағында оқушылардың ой-ұшқырлығын кеңейтіп, білім сапасының да артуына септігін тигізіп қана қоймай, әртүрлі пәндік іс-шараларға қатысып, жүлделі орындардың да иегерлері атануларына жол ашады. 2015 жылы Л.Эйлер атындағы VII Математикалық Олимпиаданың, ал 2016 жылы VIII Математикалық Олимпиаданың жеңімпаздарын дайындағаны үшін Алғыс хатпен, сонымен қатар 2016 жылы «Фоксфорд» Халықаралық он-лайн олимпиадасын ұйымдастырғаны үшін Алғыс хатпен, 2016 жылы «Жастар және ғылым: Бүгінгі және Болашағы», 69-шы ғылыми-тәжірибелік конференцияда үздік баяндама жасаған оқушының жетекшісі ретінде Құрмет грамотасымен марапатталды. 2016 жылы «Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «2015-2016 оқу жылындағы тиянақты қызметі мен білім берудегі жетістіктері үшін»» Грамотасымен марапатталды.

Г.К.Сыздыкова мектептегі мақсаттық топтың жетекшісі ретінде жас мамандармен оқу мен оқытуға қатысты тренингтер мен коучингтерді ұйымдастырады. Өзара тәжірибе алмасу ретінде оқу жүйесіне байланысты шебер-кластар өткізіп отырады. Ұжым арасында беделді, адамгершілігі мол, кішіпейіл, қарапайым ұстаз, жас мамандарға көмек көрсетумен қатар, тәлімгерлік үдерісін жүргізіп отырады. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол - аяулы ана, әрі адал жар.

Әлемдік ойшыл, кемеңгер ұстаз Әбу наср Әл-Фараби: «Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне де жақсылық пен ізгілік көрсетіп, ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек», - деген. Демек, мұғалімнің күнделікті еңбегі оқушы тәрбиесі мен сапалы білім беруге арналуы тиіс.