Татенова Жанерке Ғинятқызы

Туған күні: 25.01.1984

Туған жер: Қазақстан, Қостанай облысы

Білім:
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы, 2006 жж.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы (Магистратура), 2009 жж.

Дәрежелер мен ғылыми атақтар:
Қазақ тілі және әдебиеті магистрі

Қоғамдық қызмет:
Дебат клубының жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 11 жыл

Еңбек қызметі:
2006-2016 жж. - Рудный индустриялық институты, қазақ тілі оқытушысы;
2016 ж. – Рудный тау-кен технологиялық колледжі, тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары

Кәсіби жетістіктер:
Ғылым саласындағы атқарылған шараларға белсенді қатысқаны үшін ҚР БжҒМ Ғылым Комитетінің құрмет грамотасы;
«РИИ ЭМФ ең үздік жас ғалым» дипломы
Түркістан қаласы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қабырғасында өткен «Түркі бастамасы» жастар слетіне белсенді қатысқаны үшін сертификат, 2010 ж.
«Оқытудың белсенді әдістері» халықаралық бизнес мектебінің семинарына қатысқаны үшін сертификат, 2010 ж.
Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауында 2 орын, 2012 ж.
Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының ұйымдастыруымен өткізілген Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша 1-үйренушілік деңгейін меңгергені үшін сертификат, 2014 ж.
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жоба аясында республикалық көшбасшылар лагері барысында өткен «Жастарға педагогика-психологиялық қолдау көрсету, бейімдеу жолдарының әдістемесі» тақырыбындағы семинарға қатысқаны үшін Сертификат, Астана қ., 2016 жыл.
Республикалық «Білім айнасы» газетінің редакциясы ұйымдастырған «Педагогтардың шығармашылық жазу дағдыларын дамыту» тренингі: БАҚ және ӘЛЕУМЕТТІК желімен жұмыс тәсілдерін меңгергені үшін Сертификат, Астана қ., 2017 жыл.
«Жас ғалым - 2017» облыстық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы: «Креативті шешім» номинациясы бойынша Мирзабеков Арман (Татенова Ж.Ғ. жетекшілігімен) марапатталды.
08.02-31.03.2017ж. аралығында «Дар учителя» халықаралық білім сайтында өткен «Педагогтар тәжірибесімен бөліседі» қашықтық жобаға белсенді ат салысқаны үшін алтын сертификат.
«Педагогтар тәжірибесімен бөліседі» халықаралық қашықтық жобаға белсенді ат салысқаны үшін алғыс хат, 2017.
Мұғалімдерге арналған «Дар учителя» халықаралық білім сайты бетінде сыныптан тыс сағат «Екі жұлдыз» байқауы сценарийінің жарық көргені туралы сертификат, 2017.
Мұғалімдерге арналған «Дар учителя» халықаралық білім сайты бетінде сыныптан тыс сағат «Жұлдызды жауын» байқауы сценарийінің жарық көргені туралы сертификат, 2017.
Мұғалімдерге арналған «Дар учителя» халықаралық білім сайты бетінде сыныптан тыс сағат «Менің елім - Қазақстан» байқауы сценарийінің жарық көргені туралы сертификат, 2017.
Омск қ., Омск мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен халықаралық қатысы бар «Рухани адамгершілік тәрбие: болашаққа көзқарас» аймақтық байқауындағы жеңісі үшін ІІІ дәрежелі диплом, 2017 ж.
27-30.04.2017ж. «ТжКО ұйымдарының студенттік жастарын ұлттық тәрбиелеуде қазіргі заманғы қадамдар» тәжірибелік-бағытталған семинарына қатысу (Арқалық қ.).
«Көшбасшы – 2017» облыстық көшбасшылар мектебінің жұмысына қатысқаны үшін Қостанай облысы әкімшілігі Білім басқармасы сертификаты.

----------------------------------------

Татенова Жанерке Ғинятқызы бүгінде Рудный тау-кен технологиялық колледжінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

Еңбек жолы 2006 жылы Рудный индустриялық институты қабырғасында басталды. Педагогтық қызмет оның өмірлік мақсатын айғақтағандай. Білім беру, тәрбие жұмысымен айналысу – оның ең жақсы көретін ісі.

Алғашында журналист кәсібіне қызыққан Жанерке Ғинятқызы анасының қалауымен қазақ тілі және әдебиеті мамандығына құжатын тапсырды. 2001 жылдың қыркүйек айынан басталған 5 жылдық білім үрдісінде өзіне ең қажетті не екенін түсінді. Жоғары оқу орнын қызыл дипломмен тәмамдап, Рудный шаһарына бет бұрды.  Рудный білім ордасында оқытушылық қызмет атқара жүріп, ғылым саласында ізбасарлар дайындап, жоғарғы жетістіктерге қол жеткізіп жүрді. Мәселен, Жанерке Ғинятқызының жетекшілігімен шәкірттері облыстық, республикалық зерттеулер жұмысы байқауында жүлделі орындарға ие болды. Мақтанышпен айтар ең биік жетістігі – қазақ тілі бойынша өткен «Тілім – менің тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты республикалық байқауда студенті Дадаров Евгенийдің 1 орынды қанжығасына байлауы. Ұстаздың еңбегі мен үміті ақталған сәт ұмытылмас.

Институт тарихында алғашқы мемлекеттік тілдегі көңілді тапқырлар клубын ұйымдастыру, оны дамыту – Ж.Татенованың шығармашылық бір қырын анықтағандай. Онымен қоса, көркемсөз оқу шеберлігі аясында да өзінің бір қырын паш етті. Бірнеше жыл бойына Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауының қалалық және облыстық деңгейлерінде бағы мен талабын сынап, жүлделі орындарды қанжығасына байлады.

Рудный қаласының ауқымды ірі шараларына конферансье ретінде қатысып, азаматтық позициясы үшін қалалық ішкі саясат бөлімі басшысы және қала әкімі алғыс хаттарымен марапатталды.

Қызығы мен шыжығы қатар жүретін өмірде өз орнын тапқан кейіпкердің алар асуы әлі алда.