Муканова Жансара Камешевна

Туған күні: 22.04.1957

Туған жер: Қазақстан, Ақмола облысы

Білім:
Арқалық қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институты
1980 ж. - орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
2002 ж. - қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мұғалімі

Педагогикалық өтілі: 35 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
2009-2017 жж. - Державин қаласы, Н.Крупская атындағы орта мектебі

Кәсіби жетістіктер:
«Аға оқытушы», 1984
«Білім беру ісінің үздігі», 1988
Марапаттаулары: 2009 ж. Облыстық білім беру Басқармасының марапаттау қағазы, ұстаздар мен оқушыларға арналған қосалқы білімді сайтының Алғыс хаты Қазақстан Республикасының 25 жылдығы қарсаңында, ОQU-ZAMAN6 2016., «Құрмет тақтасына енген ұстаздар» ОQU-ZAMAN 2016, аудандық «Үздік педагог» байқауында -2015, 1 орын, «12 жылдық оқыту жағдайында гуманитарлық цикл пәндерін оқыту» атты облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу мен «Қазақ тілі сабағында оқушылардың құзыреттілігін және функционалды сауаттылықтарын қалыптастырудағы мұғалімнің құзыреттілігі мен әрекет-тәсілдері»еңбегін жариялау, 2013ж., Республикалық ғылыми журналында «Қазақ тілін үйренейік» ашық сабағы жарияланды, 2013 ж., облыстық деңгейдегі семинары «Өрлеу» НЦПК қолдауымен 2015ж. берілді, аудандық пәндік олимпиадаларда 1 орын 2016 г., облыстық «Абай оқулары»байқауында , 2014 г., 2 орын, өзге ұлтты оқушылар арасында өткен облыстық шығармашылық байқауында 2017 жылы-3 орын,

----------------------------------------

Мұқанова Жансара Кәмешқызы - зейнеткер ұстаз, «Қазақ ССР оқу - ағарту ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері, «Аға оқытушы», жоғары санатты ұстаз.

Жансара Кәмешқызы 1957 жылдың 22- сәуірінде Ақмола облысының Қима ауданына қарасты Терсақан ауылында дүниеге келген. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Ұстаздық еңбек жолын 1975 жылы Жарқайың ауданының орталығы Державин қаласындағы Н.Крупская атындағы орта мектебінен бастаған Жансара Кәмешқызы бар саналы ғұмырының 40 жылға жуық уақытын оқу-ағарту саласына арнап, шәкірттеріне қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сапалы білім беріп жүздеген мектеп түлектерін тәрбиелеп шығарды. Ұлағатты ұстаздың үздіксіз шығармашыл ізденістерінің арқасында еңбегі еленіп, білім саласына қосқан үлесі үшін аудан және облыс әкімінің, білім басқармасының алғыс хаттарымен құрмет грамоталарына ие болды.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп, ұлы Абай айтқандай, оқушылары түрлі тіл байқауларына қатысып аудандық, облыстық байқауларда жүлделі орындарды иеленіп жүр. 2012 жылы Жарқайың ауданының Тілдерді оқыту орталығы ашылған жылы білікті тіл маманы ретінде мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілінен дәріс беруге шақыртылып, осы мекемеде қосымша 4 жылға жуық еңбек етіп, қызмтешілердің мемлекеттік тілді оқып үйренуіне зор үлесін қосты.

«Беделі бар ұстаздың - берері бар» демекші, тұғыры биік ұстаз бүгінде зейнеткерлік жаста болса да еңбектен қол үзбей, жас мамандарға да тәжірибелік көмегін аямай жұмыс істеп келеді.

Алпыстың асқарына аяқ басқан тәжірибелі ұстаз, зайыбы Мұқанов Сәрсембаймен бірге екі қыз, бір ұл тәрбиелеп өсіріп, 5 немере-жиендерінің қызықтарын көріп отыр.