Ергалиева Алмагул Базарбаевна

Туған күні: 20.10.1966

Туған жер: Қазақстан, Батыс қазақстан облысы, Орал қаласы

Білім:
Орал педагогикалық училищесі,мамандығы «Балалар бақшасының тәрбиешісі», 1985 ж.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институты, мамандығы «Мектепке дейінгі педагогика және психология пәнінің оқытушысы», 1993 ж.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік Университеті, мамандығы «Дефектология мұғалімі», 2015 ж.

Педагогикалық өтілі: 32 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
1993-1996 ж. - Орал педагогикалық училищесі, мектепке дейінгі педагогика мұғалімі
1996-2017 ж. - Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты, тәрбиеші

Кәсіби жетістіктер:
2017 жыл - «Мадақтама» Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты
2017 жыл - «Құрмет грамотасы» «Мектеп ұстаздарының әлемі» журналы
2017 жыл - «Диплом» «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы

----------------------------------------

Ергалиева Алмагул Базарбаевна Орал қаласындағы Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында көп жылдар бойы тәрбиеші қызметін атқаруда. Осы жылдар ішінде дамуында ерекшелігі бар балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде өз үлесін қосып келе жатқан, шығармашылық ізденіспен жұмыс істейтін педагогтардың бірі. Педагог кішіпейіл, өмірге нақты қөзқараспен қарайды, жаңашылдықпен жұмыс істейді. Шығармашылық тақырыбы: «Көру мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудағы ойын әдісінің тиімділігі»

«Халықаралық ғылыми- практикалық конференция материалдары» журналында (ақпан- мамыр 2014 жыл) «Қуана, шаттана білейік», «Жайық үні» газетінде (№25, 25 маусым 2015 ж) «Шырақта, қызық мол!», «Мектеп ұстаздарының әлемі» журналында (мамыр 2017 ж) «Менің отбасым» , «Жол ттәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» атты мақалалары жарық көрді.

Тәжірибе тарату мақсатында Орал қаласында өткен «Инклюзивті білім беру жағдайындағы даму мүмкіңдігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру» (21 мамыр 2014 ж) тақырыбындағы Интернет- конференцияға қатысып, қатысушы куәлігін иемденді. 10 ақпан 2017 жылы «Основные направления коррекционной работы для детей с нарушеним зрения дошкольного возраста» тақырыбындағы қалалық семинарға қатысты.

«Жақсы көру - жақсы қасиет», «Жақсылық пен жамандық», «Менің отбасым» тақырыбындағы тәрбиелік шараларында оқыту мен тәрбиелік, коррекциялық міндеттердің тұтастай орындалуы ескерілсе, «Дос болайық бәріміз!», «Адамгершілік жүрегі», «Әдептілік-әдемілік» тақырыбындағы тәрбие сағаттарында оқушылар бойында ұлттық құндылықтарды дарытуға ерекше мән берілді.

Брайл сыныбтарында оқитын бастауыш сынып оқушылары үшін «Менің Отаным–Қазақстан» кітабы, «Күлқыз» ертегісі (2016 жыл) Брайл әріптерімен басылып шығарылды. Алмагул Базарбаевнаның «Адамгершілік - асыл қасиет» атты әдістемелік құралы тәрбиешілердің әдістемелік отырысында қаралып, облыс көлемінде арнайы мектептің мұғалімдеріне, тәрбишілеріне пайдалануға тиімді деп табылды.

2017 жылдың наурыз айында Облыстық көру қабілеті балаларға арналған арнаулы- мектеп интернаты тарапынан «Мадақтама», 2017 жылдың мамыр айында «Мектеп Ұстаздарының әлемі» республикалық педагогикалық журналы тарапынан «Құрмет грамотасын», «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы тарапынан «Шебер қолдар» атты III Республикалық балалардың қолдан жасаған бұйымдары сайысында жүлделі I орын үшін арнайы «Дипломмен», 2017 жылдың маусым айында мкектепішілік «Педагогикалық Оскар» байқауында» жүлделі II орын үшін «Мадақтамамен»марапатталды.

Педагог пікірі: «Мен қасиетті де, қызықты, қиындылыққа толы, абыройлы мұғалім мамандығын мақтан етемін, мақсатыма жеткен бақытты жандардың бірімін деп санаймын. Менің мамандығым әлемдегі ең қажетті мамандықтардың бірі. Сондықтанда мен мамандығымды мақтан тұтамын!»