Ережепова Сауле Мухамедрахимовна

Туған күні: 30.10.1974

Туған жер: Қазақстан, Ақмола облысы

Білім:
Көкшетау университеті, мамандық «Қазақ тілі мен әдебиет», 2009 ж.

Педагогикалық өтілі: 22 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
1995-2017 жж. - Щучинск қаласы №6 орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Кәсіби жетістіктер:
2017 ж., мадақтама. «Білім беру бейне материалдары»атты аудандық конкурсына ұсынған үздік материалы үшін.
2017 ж., Күміс сертификат. ҮІІ Халықаралық білім беру жүйесіндегі педагогикалық инновациялар Жәрменкесіне қатысып марапатталады .
2016 ж., ІІІ орын Диплом. «Жаңа педагогикалық идеялар» атты ІҮ Республикалық сыныптан тыс іс-шаралар сайысы.
2015 ж., мадақтама.Оқу кабинеттерінің аудандық байқау – конкурсында 3 орын алған үшін марапатталады.
2015 ж.,мадақтама.Қазақ тілінен «Зият» қашықтық олимпиадасының жеңімпазын дайындағаны үшін.
2016 ж. мадақтама. Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесіне арналған облыстық байқауға оқушыны дайындаған үшін 3 орын.
2016 ж. мадақтама.Аудандық білім беру Басқармасының марапаттау қағазы. Білім беру жүйесіндегі жоғары жетістіктері және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін.
2017 ж. Аудандық семинар – практикумға қатысып « Инновациялық технологиялардың элементтерін қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту» шеберлік сағатын өткізді.
2017 ж. сертификат.Ұлағатты ұстаз журналында. «Қазақ тілінен 7 сынып оқушының жұмыс дәптері» жарияланды.
2014 ж, 2015 ж. Аудандық пәндік олимпиадаларда. 1 орын.
2016 ж. Аудандық пәндік олимпиада. 3 орын
2017 ж. Өзге ұлтты оқушылар арасында өткен аудандық шығармашылық байқауында шәкірті 2 орын алды.
2016 ж. Қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының арасында «Зият» Жалпы қазақстандық қашықтық олимпиадасында Алтын медальмен 2 оқушы марапатталды.
2016 ж. «Дарын» XI Республикалық қашықтық олимпиадасында 2оқушы -2 орын, 3 оқушы - 3 орынға ие болды.
2016 ж. «Мемлекеттік тіл- менің тілім» аудандық сайысында оқушысы 2 орын алды.

----------------------------------------

«Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі»
Ыбырай Алтынсарин

Ұстаз болу бала кезімнен арманым еді. Сол кезден ақ ұстаз – мектептің айнасы, бәйтерегі екендігін жете түсіндім. Мұғалім мамандығын таңдап, еңбек еткеніме 22 жыл болды. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған ұзақ еңбек жолындағы өмірлік ұстанымым - әрқашан шығармашылық ізденісте, ой қозғалысында болу. Мұндай ұстаным мұғалімде болмаса, ол жай мұғалім атын жамылып жүргендер деп айтар едім. Ал ұстаздардың ішінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімінің қазіргі қоғамымызда жүгі ауыр. Себебі болашақ ұрпаққа мемлекеттік тілді үйрету – қазақ тілі мамандарының міндеті. Бұл міндетті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыру үшін оқытудың көптеген әдіс- тәсілдерін алып, өз іс-тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын.

Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады.. Осыдан түйгенім: жаңа технология элементтерімен сабақтастыра жүргізген сабақ өз шыңына жетеді. Ал оқушы сол білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігімен, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне, қиыншылықтарға қарамастан өз жұмысын сүйетініне байланысты. Осы балаға үйретуден жалықпаудың арқасында біраз жетістіктерім де бар. Мысалға 2017жылы Өзге ұлтты оқушылар арасында өткен аудандық шығармашылық байқауында Куколева Полина 2 сынып оқушысы 2 орын алды. 2016 жылы 8 сынып оқушысы Погосян Тамара «Қазақстан – бақытымның ордасы» облыстық байқауда ІІІ орынға ие болды. 2016 жылы 8 сынып оқушысы Погосян Тамара «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты аудандық сайысында ІІ орынға ие болды. 2015 жылы 9-сынып оқушысы Немальцева Анна қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша аудандық олимпиадасында І орын алды., 2014 жылы 8-сынып оқушысы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша аудандық олимпиадасында І орынға ие болды. 2016ж. Қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының арасында «Зият» Жалпы қазақстандық қашықтық олимпиадасында Алтын медальмен 2оқушы марапатталды. Бут Алина, Избасова Лаура. 2016 ж., «Дарын» XI Республикалық қашықтық олимпиадасында 2 оқушы - 2 орын, 3 оқушы - 3 орынға ие болды. 2012 жылы «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты оқушылар фестивалінде І орынға ие болды. Оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің жеке тұлғасы, әдістемелік шеберлігі, адамгершілік қасиеттері, өз пәніне деген қызығуы, оқушыларға деген мейірімді қарым-қатынасы мен оларды түсіне білуі маңызды орын алады. Сабақ үстіндегі мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, сөзі, көңіл-күйі, іс-әрекеттері оқушыларға өте күшті әсер етеді. Бұл туралы А.Макаренко былай деп жазды: "Келешекте педагогикалық жоғары оқу орындарында міндетті түрде дауыс ырғағының қойылуы, өзін ұстауы, өз жан дүниесін игере білуі және өзінің бет-әлпетін игере білуі сияқты маңызды жайттар оқытылатынына сенемін және мұндай жұмыс түрлеріңсіз мен тәрбиеші жұмысын көзіме елестете алмаймын". Әрине, дауыстың дұрыс қойылуы әдемі ән айтуда немесе сөйлеуде ғана маңызды рөл атқармайды, сонымен қатар өз ойы мен сезімін неғұрлым анық, әсерлі және бұлтартпай жеткізе білуі қажет. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.