Садыкова Динара Еркеновна

Туған күні: 03.07.1982

Туған жер: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

Білім:
Павлодар мемлекеттік университеті, тарих мамандығы, 2003 жыл

Педагогикалық өтілі: 15 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
Еңбек жолын 2002 жылы Лекер негізгі мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастады.
2003 жылы Павлодар қаласында №24 ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
2008 жылы Лекер негізгі мектебінде тарих пәнінің мұғалімі және уақытша мектеп директорының міндетін атқарушысы болып жұмыс жасады.
2010-2013 жылдары Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің әдіскер қызметін атқарды.
2013 жылдан бастап «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Лекер жалпы негізгі білім беру мектебі» КММ директоры болып жұмыс жасайды.

Кәсіби жетістіктер:
2011 жылы Павлодар облысының білім беру басқармасының «Алғыс хаты» 2011 жылы Павлодар педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының «Алғыс хаты» 2014 жылы білім бөлімінің құрмет грамотасы, 2016 жылы әкімнің «Алғыс хат» 2017 жылы Павлодар облысының Білім басқармасының «Алғыс хаты» мен марапатталды. 2014 жылы Аудандық тарих пәнінен пәндер олимпиадасынан ІІ орын, 2015 жылы Аудандық «Үздік дінтану сабағы» сайысында ІІ орын, 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Бірлік пен Жасампаздықтың 25 жылы» атты республикалық ғылыми-конференцияға қатысып сертификат иеленді. «Бірлік пен Жасампаздықтың 25 жылы» атты республикалық жинаққа материалдары жарық көрді. Сонымен қатар облыстық, аудандық журнал газет беттеріне де мақалалары жарық көріп отырады
Оқушылар жетістігі: аудандық пәндер олимпиадасынан І,ІІ, орын иегерлері 2015 жылы 8 сынып оқушысы Бейбіт Айнара облыстық «Өлкетану» секциясына қатысып ІІІ орынды иеленсе, 2016 жылы «Тарих» секциясына 8 сынып оқушысы Жумаканова Мадина ІІІ орынды иеленді. 2017 жылы Республикалық ғылыми- практикалық конференцияда 8 сынып оқушысы Жумаканова Мадина ІІ орын иеленді. Оқушының зерттеулері «EXSPO» кітабында жарық көрді.
2017 жылы Халықаралық «Золотое Руно» сайысында 6 сынып оқушысы Капезова Лейла ІІ орын иеленді. 2017 жылы Халықаралық «Золотое Руно» сайысында 6 сынып оқушысы Бағдаулет Алтыннұр ІІ орынды иеленді.

----------------------------------------

2013 жылдың 9 қыркүйек айынан бастап Лекер негізгі мектебінің директоры болып жұмыс жасауда. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында информациялық –коммуникативтік технологияны кең пайдаланады. Әріптестерінен көмегін аямайды.

Осы аралықта еңбекқорлығымен, білім беруге деген адалдығымен, жаңашылдығымен, жанашырлығымен, адамгершілігімен ерекшеленді. Оқушылар, ата-аналар,ұстаздар арасында беделді, пікірі салмақты. Мектеп басшысы –Динара Еркенқызы ұжымының алдыңғы қатарда көрінуіне жақсы бағыт-бағдар беретін басшы. 2016 жылы Аудандық білім бөлімі мектеп ұжымына 2015-2016 оқу жылында дарынды балалармен жұмысты тиімді ұйымдастылғаны үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапаттады.

Динара Еркенқызы басқарып отырған мектептің оқушылары биік белестерден көрінген оқушылар. Кәсіби маман иесі Динара Еркенқызы –мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін,оқушы мен ұстаздардың шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын,жоғары тұлғалы басшы.