Сабирова Майра Тлепбергеновна

Туған жер: Қазақстан, Гурьев (Атырау) облысы, Новобогат ауданы, Х.Ерғалиев ауылы

Білім:
Гурьев педагогикалық институты, математика пәні мұғалім мамандығы, 1982

Қоғамдық қызмет:
«Жас математик» үйірмесінің жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 35 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1982 - 1989 жылдары - Индер ауданы, Жамбыл атындағы орта мектебі – математика пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
1989 – 2017 жылдары Индер ауданы «Индер аудандық білім бөлімің Жамбыл атындағы орта мектебі» коммуалдық мемлекеттік мекемесі – математика пәні мұғалімі, мектеп директоры;

Кәсіби жетістіктер:
2001 жыл - Индер аудандық білім беру бөлімінің «Құрмет грамотасы»;
2001 жыл - Кулагино селолық округі әкімшілігінің «Алғыс хаты»;
2001 жыл - Индер ауданы әкімі, аудандық мәслихат хатшысының «Үздік мұғалім» дипломы;
2001 жыл - Индер ауданы әкімі, аудандық мәслихат хатшысының «Алғыс хаты»;
2002 жыл - Индер аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасы»;
2005 жыл - Атырау облысы Білім беру Басқармасының «Құрмет грамотасы»;
2005 жыл - Индер ауданы әкімінің «Ауыл мектебі» І дәрежелі дипломы;
2007 жыл - Индер аудандық білім беру бөлімінің «Жылдың үздік мектебі» сайысы ІІІ орын;
2008 жыл - Облыстық «Таңдаулы мектеп-2008» сайысы ІІІ дәрежелі дипломы;
2008 жыл - Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің «Үздік қызметкері» төсбелгісі;
2008 жыл - Индер аудандық білім беру бөлімінің «Жылдың үздік мектебі» байқауы – ІІ орын;
2010 жыл - Индер аудандық білім беру бөлімінің «Үлгілі білім мекемесі» байқауы - ІІ орын;
2011 жыл -Индер аудандық білім беру бөлімінің «Үлгілі білім мекемесі» байқауы - І орын;
2011 жыл - Атырау облысы Білім беру Басқармасының «Алғыс хаты»;
2012 жыл - Атырау облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің «Алғыс хаты»;
2012 жыл - Индер аудандық білім беру бөлімінің жыл қорытындысымен ІІ дәрежелі диплом;
2013 жыл - Индер аудандық білім беру бөлімінің оқу жылының қорытындысымен «Алғыс хаты»;
2013 жыл - Индер ауданы әкімінің «Өнерімен танылған өркенді ел» облыстық мәдениет өнер күндеріне белсенділікпен қатысқаны үшін «Үздік хор» номинациясы;
2013 жыл – Атырау облысы әкімінің «Алғыс хаты»;
2013 жыл - Есбол селолық округі әкімінің «Алғыс хаты»;
2013 жыл - Индер ауданы әкімінің «Өнерімен танылған өркенді ел» облыстық мәдениет өнер күндеріне белсенділігі үшін – «Алғыс хат»;
2014 жыл - Республикалық «Бейбітшілік әлемі» бірлестігінің «Құрмет грамотасы»;
2014 жыл - Индер ауданы әкімдігінің «Жылдың үздік мектебі» ІІ Дәрежелі дипломы;
2014 жыл - Индер ауданы білім бөлімінің «Үздік мектеп директоры» жүлдесі;
2015 жыл - Облыстық «Үздік ауыл мектебі» ІІІ орын;
2015 жыл - Қазақстан Маслихатының 20 жылдығына арналған медалі;
2015 жыл - Халықаралық «Большая международная энциклопедия» жобасының Құрмет грамотасы және дипломы;
2015 жыл - Астана қаласында 25-26 қарашада өткен Төртінші Евразиялық Әйелдер Саммитінің делегаты;

----------------------------------------

Сабирова Майра Тлепбергенқызы 1961 жылы 12 қазанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Новобогат селосында дүниеге келген. Білімі – жоғары.

1982 жылы Гурьев педагогика институтын математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, Жамбыл атындағы орта мектебіне мамандығы бойынша жұмысқа орналасты.1986-1989 оқу жылдары аралығында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1989 жылдың қарашасынан аудандық білім бөлімінің бұйрығымен Жамбыл атындағы орта мектебінің директоры қызметіне тағайындалып, бүгінге дейін өз жұмысын абыроймен, шығармашылық жетістіктермен атқарып келеді. Басшыға тән көрегендік пен кеңдіктің үлгісіне сай іскерлікпен, талапшылдықпен, оқу-тәрбие үрдісін жаңа заман талабымен ұйымдастыра алатын, шәкірт жүрегіне жол таба білетін, білімі мен білігі мол ұлағатты ұстаз, жаңа технологияларды мектеп өміріне батыл енгізіп, мұғалімдерді бүгінгі білім әлеміндегі түбірлі өзгерістерге қарай бейімдеп, 29 жыл ішінде өзі басқарып отырған ұжыммен аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі үздік жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

Майра Тлепбергеновна шәкірттерге математика пәнінен дәріс беріп, «Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дамыта оқу» проблемалық тақырыбында шығармашылықпен еңбек етіп келеді. Ізденіс үстіндегі ұстаздың деңгейлік тапсырмаларды пайдалана отырып, жасақтаған тест жинақтарын, «Геометрия» курсы бойынша құрастырған бақылау жұмыстарын әріптестері көмекші құрал ретінде пайдалануда.

Мектепте барлығы 30 оқу кабинеті талапқа сай. Соңғы үлгідегі химия, физика, биология, математика, информатика, тарих, география кабинеттері техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Кабинеттер кең жолақты ғаламтор жүйесіне қосылып, сабақтар электронды оқыту жүйесімен жүргізіледі.

Мектептің үздік оқушылары мен озат ұстаздарын марапаттап, олардың оқуға, еңбекке деген ынта-жігерін арттырып отыру – мектеп басшысының қалыптасқан дағдысы. Жұмыс істеген кезеңде өзінің іскерлігімен, көшбасшылық қасиеттерімен дараланды. Басқарған мектебін аудан көлеміндегі тірек мектебіне айналдырудағы үздіксіз ізденісі мен тынымсыз еңбегі өз әріптестері арасында үлгі-өнеге. Еңбек жолында мектебіміз бірнеше рет «Жыл мектебі», «Ең үздік мектеп», «Таңдаулы мектеп», «Ауыл мектебі» байқауларының І,ІІ дәрежелі дипломдарға ие болып, ауданның тірек мектебіне айналды.

Мектеп басқарған 29 жыл ішінде мектеп бітірген түлектердің 15-і «Алтын белгі», 17-сі «Үздік аттестат», негізгі мектепті бітірушілер арасынан 47 оқушы «Үздік куәлік» иегерлері болды. Окушыларымыз Қазақстандық және Халықаралық интернет олимпиадалардан тарих, география, математика пәндерінен ІІ,ІІІ орындарды иеленсе, интеллектуалдық оқу - ойын сайыстарынан 170 оқушы және республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңінен 12 оқушы І, ІІ,ІІІ орындарын иеленді. Толағай жетістіктерге жету басшының талап қойғыштығымен ұйымдастыру қабілетінің жоғарылығының нәтижесінде келгенін айтуға болады.

2012, 2015 жылы «Дарын» РҒПО-ның ғылыми жоба жарысында оқушыларымыз А.Смағұлов-І, А.Үмітқалиева-ІІІ, орын иеленді.

Майра Сабирова көп жылдардан бері Атырау облыстық іскер әйелдер қауымдастығының белсенді мүшесі, қоғамды дамытуға, өркендетуге және өзгертулерге белсене араласуы барысында облыстық «Ажар» басылымына есімінің енуі соның дәлелі.

Аудан көлеміндегі қайырымдылық шараларына қатысады, «Ізгілік», «Қазақ тілі» қорының жарнашысы.

2015 жылы шығармашылықпен танылған ұжым басшысы Майра Тлепбергеновнаның есімі ерінбей еткен еңбегінің нәтижесінде Халықаралық «Большая международная энциклопедиясына» еніп, жобаның Құрмет грамотасы және дипломымен марапатталды.

Мектепте аз қамтылған отбасы балалары, жетім, жартылай жетім, патронат балалар тәрбиесіне аса мән беріп, қамқорлыққа алып келеді. Ауыл көлемінде халықты ұйымдастырып, мазмұнды шараларды, салтанатты өткізуге белсене араласып, ел өмірінде болып жатқан тың өзгерістердің жаршысы, Елбасының «Мәңгілік ел» идеясын халыққа насихаттауды басты мақсат етіп отырған талантты да, талапшыл басшы.