Кушенова Мереке Орынбасаровна

Туған күні: 03.05.1963

Туған жер: Қазақстан Гурьев (Атырау) облысы Махамбет ауданы Алға селосы

Білім:
Гурьев педагогикалық институты, орыс тілі мен әдебиеті қазақ сыныбындағы мұғалім мамандығы, 1988
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі мамандығы (бакалавр), 2014

Қоғамдық қызмет:
«Жас мамандар» мектебінің жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 29 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1988 жылы - Махамбет ауданы, Алға орта мектебі, орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі;
1989 – 2017 жылдары - Индер ауданы «Индер аудандық білім бөлімің Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі орыс сыныптарында;
2008 жылдан - директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

Кәсіби жетістіктер:
2006 – Атырау облыстық білім департаментінің «Құрмет грамотасы»;
2009 – Атырау облысы әкімінің «Құрмет грамотасы»;
2011 –Индер аудандық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы»;
2012 - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері олимпиадасы – ІІІ орын;
2013- республикалық «Менің үздік педагогикалық философиям» - ІІІ орын;
2015 - Қазақ тілі пәнінен Республикалық қашықтық олимпиадасы «Үздік нәтиже»;
2015 - аудандық «Инноватор меңгеруші» байқауы – ІІІ орын;
2015, 2016 - аудандық «Үздік менеджер» байқауы - ІІ орын;
2016 - облыстық «Менің үздік сабағым» сайысы -ІІ орын;
2016 – облыстық «Білім беру ісіндегі инновациялық қадам» байқауы – ІІІ орын;
2016 – Индер аудандық маслихаттың «Алғыс хаты»;
2016 – Атырау облыстық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы»;
2017 - Мектепішілік «Алғыс хат».

----------------------------------------

Кушенова Мереке Орынбасаровна - ұйымдастыру қабілеті мол, тәжірибелі ұстаз.

Білім ордасында 1989 жылдан еңбек етеді.

Өзге ұлт өкілдері балаларының мемлекеттік тілді еркін игеруі жолында жаңа технология әдістерін, шығармашылық жұмыстарды «Тілашар» үйірмесі арқылы тиімді пайдаланып, жүзеге асырып келеді.

«Орыс сыныбы оқушыларының тілін дамытудағы ойын элементтерінің ролі» тақырыбындағы шығармашылық жұмысы және қоғамдық жұмыстардағы еңбегі еленіп, шығармашылық ізденісі және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

2003 жылы І Облыстық «Әдістемелік жәрмеңкеде» мемлекеттік тіл пәнінен «Сын есім және оның жасалу жолдары» тақырыбындағы сабағы ІІІ орынға ие болып, облыс көлемінде, 2007 жылы «Дамыта оқыту процесіндегі сыныптан тыс шаралардың ролі» тақырыбындағы аудандық семинар қорытындысымен іс-тәжірибесі аудан көлемінде таратылып, әдістемелік жинаққа енді.

2008 жылы аудандық «Жыл мұғалімі» байқауында ІІІ, 2008 жылы мемлекеттік тіл пәні бойынша «Панорамалық сабақтар» байқауынан ІІ орынға ие болды.

Өз білімін үнемі жетілдіріп отырды. Атырау ОКБАҚДИ-нан пән бойынша «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту», «Мемлекеттік тілдің мектептегі жаңа мазмұны мен бағыттары», «Тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру» және республикалық «Мемлекеттік тілді оқытудың стратегиялар» тақырыбындағы авторлық курстан, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін «Білім беру мекемелерін аттестациялау, лицензиялау. Педагог қызметкерлерді аттестациялау», «Инклюзивті білім беруді тиімді ұйымдастыруда педагогикалық технологиялардың ролі», республикалық «Өрлеу» «Оқу үрдісінде ақпараттық –коммуникациалық технологияларды қолдану арқылы білім беру жүйесінде, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру», 2016 жылы Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында орыс тілді мектептердегі "Қазақ тілі" пәні бойынша курстардан өтті, № 0069654.

Республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңіне мемлекеттік тіл пәнінен қатысқан оқушылары А.Завьялова-ІІІ, Э.Калиева-ІІ, М.Кошечкина-ІІІ, А.Толмачева-ІІІ, Л.Камаева-ІІІ, Ф.Малев-ІІ, В.Малев-ІІІ, Т.Камаевалар-ІІІ бірнеше жыл қатарынан жүлделі орындарды иеленсе, оқушысы В.Малев 2009-2010 оқу жылында оқушылардың облыстық ғылыми жобалар байқауына қатысып, «Алғыс хатқа» ие болды.

2012 жылы Облыстық Академик З.Қабдолов атындағы қордың ұйымдастыруымен өткізілген «Мен қазақша білемін!» байқауына қатысқан шәкірті әрі ізбасары орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Т.Вдовина І орын иеленіп, «Тенгизшевройл» ЖШС-ның бағалы сыйлықтарына ие болды.

Мереке Орынбасаровна 2012 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері олимпиадасынан ІІІ орын алса, аталған жылы мемлекеттік тіл пәні бойынша КИО-на қатысқан оқушылары Т.Камаева, А.Чеблаков, К.Краснобаева, П,Толмачева, А.Малева, Т.Завьяловтар Диплом, А.Чеблаков, А.Малева 30 ұпаймен, «Үздік нәтиже» Сертификатын иеленді.

2013 жылы Астана қаласында «Оқыту мен дамыту орталығының» ұйымдастыруымен өткен «Менің үздік педагогикалық философиям» І Халықаралық педагогикалық шеберлік конкурсынан ІІІ орын иеленді. 2015 жылы Қазақ тілі пәнінен мұғалімдер үшін КИО-нан «Үздік нәтиже», аудандық «Инноватор меңгеруші» байқауынан ІІІ, 2015, 2016 жылдары аудандық «Үздік менеджер» байқауынан ІІ, 2016 жылы облыстық «Менің үздік сабағым» сайысынан ІІ, облыстық «Білім беру ісіндегі инновациялық қадам» байқауынан шығармашылық ізденістері нәтижесінде ІІІ орынға ие болды.

Педагогикалық ұжымның әдістемелік ізденістерін арттыру мақсатында түрлі тақырыптардағы байқаулар мен сайыстарға сапалы дайындықпен қатысуына үлес қосып келеді: «Жыл мұғалімі», «Жыл сынып жетекшісі», «Үздік кабинет», «Үздік әдістемелік бірлестік жетекшісі», «Ең үздік авторлық бағдарлама», «Үздік пән мұғалімі», «Үздік шығарма», «Үздік баяндама», «Үздік сабақтар», республикалық «Үздік бейнеролик сабақтар», «Үздік презентация» т.б.

Өз тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің жаңа бағыттарын батыл енгізе отырып, жаңа технологияны өрістетуге, орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытуға батыл араласып келеді.