Искакова Светлана Сламбековна

Туған күні: 25.01.1963

Туған жер: Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор поселкесі

Білім:
«Құрмет белгісі» орденді Орал педагогикалық институты, математика және физика мамандығы, 1985

Қоғамдық қызмет:
мектеп үйлестірушісі

Педагогикалық өтілі: 32 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1985-2017 жылдары математика пәнінің мұғалімі;
1991-1993 жылдары Индербор поселкесіндегі орта мектептің;
1996-1998 жылдары Орал қаласындағы №36 мектептің директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2001-2002 жылдары Индер аудандық білім бөлімінің бас маманы.

Кәсіби жетістіктер:
2005 жылы Атырау облыстық білім департаментінің «Құрмет грамотасы»;
2010 жылы Индер аудандық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы»;
2010 жылы Индер аудандық білім беру бөлімінің «Құрмет грамотасы»;
2010 жылы аудандық «Интерактивтік тақтаның үздік айдаланушысы» сайысында ІІ орын
2011 жылы аудандық «Жыл мұғалімі -2011» сайысында ІІ орын
2011 жылы Индер аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамотасы;
2012 жылы ХІІІ аудандық педагогикалық оқуда ІІ орын, облыстық педагогикалық оқуда ІІІ орынға ие болды
2013 жылы «Ең үздік авторлық бағдарлама» байқауынан ІІ орын,
2013 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкер лердің біліктілігін арттыру институтының «Құрмет грамотасы»
2013 жылы «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Құрмет грамотасы»;
2014 жылы Аудан әкімінің «Алғыс хаты»;
2014 жылы Индер аудандық білім беру бөлімінің «Алғыс хаты»;
2014 жылы Көшбасшы мұғалім ретінде іс-тәжірибесін аудан мұғалімдерімен бөлісудегі белсенді шығармашылық жұмыстары үшін «Алғыс хат»;
2014 жылы аудандық «Ең үздік математика пәнінің мұғалімі - 2014» - І орын.
2014 жылы облыстық «Ең үздік математика пәнінің мұғалімі - 2014» - ІІ орын.
2014 жылы мектеп бойынша «Жыл мұғалімі – 2014» иегері
2014, 2015 жылдары Ресейлік «Инфоурок» жобасының байқауына оқушылар дайындап, жетістікке жеткені үшін «Алғыс хат».
2015 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы белгісінің иегері;
2016 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Әдістемелік жәрмеңке» - педагогикалық идеялар байқауынан ІІІ орын.
2017 жылы Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы мен «БАЗИС» интеллектуалды орталығымен біріккен www.intelbazis.com сайты арқылы қашықтық семинарына қатысып, диплом иелендім.
2017 жылы ХVІІІ аудандық педагогикалық оқуда ІІ орын.
2017 жылы Атырау облыстық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы»

----------------------------------------

Искакова Светлана Сламбековна «Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын қалыптастыру және дамыту жолдары» тақырыбы бойынша оқу - тәрбие үрдісін жақсартуда, білім саласына педагогикалық жаңалықтарды енгізе отырып, оқушылардың білімін көтеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

«Интерактивтік тақтаның үздік пайдаланушысы» аудандық сайысында үздік шығармашылығымен, терең білімімен ерекшеленіп, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

Аудандық «Жыл мұғалімі – 2011» сайысына қатынасып, ІІ орынды иеленді.

«Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын қалыптастыру және дамыту жолдары», «Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбымен педагогикалық оқуларға қатынасып, ауданнан ІІ орын, облыстан ІІІ орын иеленді.

Аудандық «Ең үздік авторлық бағдарлама» байқауынан ІІ орын алды.

2013 жылы Атырау қаласындағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту» курсын аяқтап, сертификат иеленді.

«Қазақстан халықаралық 51-математикалық олимпиаданы қарсы алуда» тақырыбындағы аудан мектептерінің оқушыларының арасындағы олимпиадасында оқушылары Ж.Сансызбаева, Л.Тауболат қатынасып, жүлделі орындарды иеленді.

Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңіне қатынасқан оқушылары Сансызбаева Ж, Ильясов Д, Серикова А, Мендеш А жүлделі І, ІІ орынды жеңіп алды.

Республикалық «Ақбота» марафондарына қатынасқан оқушылары Д. Ишанғалиев, Ә. Қалиева, А. Есжанов, Н. Қуанышкереева А. Зинеденова ІІІ орынға ие болды.

Оқушылары Ж.Сансызбаева, Д. Ишанғалиев математика пәнінен «Логикалық есептер шығару» аудандық олимпиадасынан жүлделі І орындарға, 2015жылы аудандық математика пәнінен «Мен есепке жүйрікпін» логикалық есептер шығару олимпиадасынан оқушысы Д.Исахмет ІІ орынға ие болды.

Көптеген оқушылары Қазақстандық интернет олимпиадасына қатынасып, «үздік нәтижеге» қол жеткізді.

Бірнеше сабақтары әдістемелік «Математика Қазақстан мектебінде», «Мұғалім KZ», «Ашық сабақтар Факультативті сабақтар» журналдарында жарияланып, арнайы сертификатқа ие болды.

Дәріс берген оқушыларының ішінен 3 оқушысы «Үздік аттестат», 5 оқушысы «Алтын белгі» белгісіне ие болды.

Оқушылары А.Бердешова, А. Серикова, А. Аманжан аудандық ғылыми жобалар сайысынан жүлделі

І, ІІ орынды және «Алғыс хат» иеленді.

Аудандық «Ең үздік авторлық бағдарлама», «Әдістемелік жәрмеңке» байқауынан ІІІ орын алды.

Оқушыларының үлкен жетістіктерге жетуі Светлана Сламбекқызының тынымсыз еңбегінің жемісі.