Тасимова Гульмира Аухатовна

Туған күні: 03.02.1968

Туған жер: Қазақстан Гурьев (Атырау) облысы Махамбет ауданы Махамбет селосы

Білім:
Гурьев педагогикалық институты, мамандығы «Қазақ мектептеріндегі орыс тілі және әдебиеті», 1990 жыл

Қоғамдық қызмет:
«Жас лингвист» үйірмесіңің жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 27 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1990–2017 жылдары - Индер ауданы «Индер аудандық білім бөлімің Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ, қазақ мектептеріндегі орыс тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі;
2005-2009 жылдары - директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Кәсіби жетістіктер:
2010 жыл - Атырау облысы әкімінің сыйлығы
2012 жыл - Облыстық педагогикалық оқулары – III орын
2013 жыл - Оқыту және дамыту орталығының (Астана қаласы) ұйымдастыруымен өткізілген «Менің педагогикалық мамандығым» атты I Халықаралық педагогикалық конкурсы, III орын
2013 жыл - Құрмет грамотасы Аудандық білім бөлімі
2014 жыл - Алғыс хат мектеп директоры
2015 жыл - Алғыс хат мектеп директоры
2015 жыл - Құрмет грамотасы Атырау облыстық білім басқармасы
2015 жыл - Мұғалімдер арасында өткен Республикалық қашықтық олимпиадасынан I орын

----------------------------------------

Тасимова Гульмира Аухатовна - оқу - тәрбие үрдісін жақсартуға, білім саласында педагогикалық жаңалықтарды батыл енгізуде, мұғалім ізденісі мен оқушы білімін көтеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. "Использование интерактивных методов обучения на уроках русского языка и литературы "тақырыбы бойынша шығармашылықпен еңбек етіп келеді.

Осы жылдар ішінде өзінің еңбекқорлығымен, жоғары деңгейдегі білімімен, талап қойғыштығымен көріне білді. Әр сабағын түрлендіріп, жаңа технологиялық әдістерді жиі қолданып отырады

2011-2012 оқу жылында аудандық,облыстық педагогикалық оқуларға қатынасып жүлделі аудандық- I дәрежелі,облыстық –III дәрежелі дипломдарға ие болды.

2012-2013 оқу жылында оқушысы Оразбаева Тілекші «Учитель прикасается к вечности» тақырыбымен өткен облыстық «Үздік эссе» байқауына қатынасып, ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды.

2013-2014 оқу жылында Оқыту және дамыту орталығының (Астана қаласы) ұйымдастыруымен өткізілген «Менің педагогикалық мамандығым» атты I Халықаралық педагогикалық конкурсына қатынасып III дәрежелі Дипломға ие болды.

2013-2014 оқу жылында мектеп оқушылары арасында өткізілген «Рахмет, анашым» аудандық шығармалар байқауынан оқушысы Қ.Тухбатуллин II дәрежелі Дипломға ие болды.

2013-2014, 2014-2015, 2015-2016 оқу жылдарында оқушылары Тасимова Айкен, Сәлімгереева Зульфия,Тлепбергенова Нұрай Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінен орыс тілі пәнінен I,II, ІІІ жүлделі орындарды жеңіп алды.

2014-2015 оқу жылында орыс әдебиеті пәні бойынша мұғалімдер арасында өткен Республикалық қашықтық олимпиадасынан I дәрежелі дипломмен марапатталды, оқушылары Е.Жалмукашева, А.Қалиева аудан оқушыларының ішінен үздік нәтижеге қол жеткізді.

2014-2015 оқу жылында оқушысы А.Үмітқалиева 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» конкурсынан аудандық – II дәрежелі, облыстық – I дәрежелі, X республикалық – ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды.

2014-2015 оқу жылында оқушылары бірнеше шығармалар байқауына қатынасып марапатталды: Аудандық әдістемелік кабинет ұйымдастырған «Ана тілім-асыл қазынам» шығармалар байқауынан оқушысы Н.Тлепбергенова ІІІ орын; Ұлы жеңістің 70-жылдығына орай өткізілген «Жанұя альбомының кейіпкері» эссе байқауынан оқушысы З.Алмат ІІІ орын; «Еңбек адамын ардақтайық» республикалық шығармалар байқауынан оқушысы Қ.Тухбатуллин сертификатқа ие болды.

Мұғалім Г.Тасимованың сабақтары әдістемелік журналдарында жарияланған: 2013 жылғы №6 «Мұғалім KZ» урок-брейн-ринг «Вот на чем стоит наше товарищество», 2014 жылғы №5 «Орыс тілі Қазақстан мектебінде» урок-КВН «Язык – мост дружбы», «Педагог» Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналы 2015 жыл №5 «С русским языком можно творить чудеса»,11 казақ сыныбында өткізген «Повторение-мать учения», «Разбор заданий ЕНТ по русскому языку» тақырыбындағы ашық сабағы, «Қазақстандық жоо мен орта мектептерде білім берудің сапасын дамыту жолдары»(Әдістемелік оқу құралы) Республикалық www.gylym-bilim.kz интернет ресурсының жинағында жарияланды.

Мұғалімнің жеке сайттары «multiurok.ru», «infourok» сайттарында ашылған, «45minut.kz», «sabaktar.kz», «ashyk-sabak», «gylym-bilim.kz», «kopilkaurokov.ru» сайтарында сабақтары жарияланып, арнайы сертификатқа ие болды.