Канатова Эльвира Багитовна

Туған күні: 24.08.1966

Туған жер: Қазақстан Гурьев облысы Индер ауданы Есбол селосы

Білім:
Тамбов «Құрмет Орденді» мемлекеттік педагогикалық институты, мамандығы «Ұлттық мектептердегі орыс тілі және әдебиеті», 1988 жыл

Қоғамдық қызмет:
Бірлестік жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 29 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1988 – 2017 жылдары - Индер ауданы «Индер аудандық білім бөлімің Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ, ұлттық мектептердегі орыс тілі және әдебиеті пөндерінің мұғалімі

Кәсіби жетістіктер:
2009 жыл - Индер аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы
2012 жыл - Облыстық Кәсіподақтың Құрмет грамотасы
2016 жыл - Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Алғыс хат
2016 жыл - Мұғалімдер арасында өткен Республикалық қашықтық олимпиадасы «Үздік нәтиже»
«Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» тақырыбындағы аудандық эсселер байқауына қатынасып, II дәрежелі дипломмен марапатталды.

----------------------------------------

Канатова Эльвира Багитовна – 1988 жылдан бері үздіксіз орыс тілі мен әдебиеті пәнінен «Развитие речи учащихся на уроках русского языка» тақырыбы бойынша шығармашылықпен еңбек етіп келеді.

Өз пәнін теориялық жағынан да, практикалық жағынан да терең меңгерген. Мұғалім бүгінгі талапқа сай сапалы білім беруді саналы тәрбие берумен ұштастыра отырып, озық нәтижелерге қол жеткізуде.

2009-2010 оқу жылында 10 орыс сынып оқушысы А.Тлепбергенова ҚР Тәуелсіздігінің

20 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Нұр Отан» ХДП-ның ұйымдастырған «Бір Ел, бір Елбасы» тақырыбындағы үздік шығармалар байқауында облыс бойынша I дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2012-2013 оқу жылында оқушысы Сансызбаева Жансая «Учитель прикасается к вечности» тақырыбымен өткен облыстық «Үздік эссе» байқауына қатынасып, ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды.

2013-2014 оқу жылында мұғалім «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» тақырыбындағы аудандық эсселер байқауына қатынасып, II дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Бірнеше жылдар қатарынан оқушылары А.Бердешова, А.Кабдыгалиева, И.Куанова, А.Калиева Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінен орыс тілі пәнінен I,II, ІІІ жүлделі орындарды жеңіп алды.

2014-2015 оқу жылында орыс тілі пәні бойынша мұғалімдер арасында өткен Республикалық қашықтық олимпиадасынан Үздік нәтиже» сертификатына қол жеткізді.

2015-2016 оқу жылында Республикалық «Еңбек адамын ардақтайық» шығармалар байқауынан оқушысы Д. Исахмет II дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2014-2015, 2015-2016 оқу жылдарында оқушылары Ұлттық Бірыңғай тестілеуден жоғары ұпай жинап, 100 пайыз көрсеткішке ие болды.

2016-2017 оқу жылында оқушылары бірнеше шығармалар байқауына қатынасып марапатталды: Аудандық әдістемелік кабинет ұйымдастырған «Мой папа- самый лучший» шығармалар байқауынан оқушысы Н.Жалмукашева ІІ орын; Тілдерді дамыту орталығының ұйымдастырған «Независимость- счастье страны» эсселер байқауынан оқушысы Н. Тлепбергенова «Гран-при» Дипломын жеңіп алды.

Э.Канатованың сабақтары республикалық «Русский язык в Казахстанской школе», «Мұғалім KZ» әдістемелік журналдарында жарияланған: (2013 ж № 4, 2014 ж №3).

Мұғалімнің «infourok», «sabaktar.kz», «kopilkaurokov.ru» сайтарында сабақтары жарияланып, арнайы сертификатқа ие болды.