Кусниденова Кулян Утеповна

Туған күні: 09.06.1963

Туған жер: Қазақстан Гурьев (Атырау) облысы Индер ауданы Өрлік селосы

Білім:
Гурьев педагогикалық институты, бастауыш сынып мұғалімі, 1984

Қоғамдық қызмет:
Кәсіподақ ұйымының басшысының орынбасары

Педагогикалық өтілі: 33 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1984 жылы - Индер ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі;
1988 – 2017 жылдары - Индер ауданы «Индер аудандық білім бөлімің Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ, бастауыш сынып мұғалімі қазақ сыныптарында

Кәсіби жетістіктер:
2011 жыл - аудандық «Педагогикалық оқу» баяндамасы- І орын;
2013 жыл - аудандық «Бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасы» - І орын;
2013 жыл - облыстық «Бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасы»- ІІІ орын;
2013-2014 жыл - «Құрмет грамотасы» Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігі
2014 жыл - аудандық «Заманауи үздік сабақ» байқауы- ІІ орын;
2014 жыл - аудандық «Заманауи үздік сабақ» байқауы- ІІІ орын;
2014 жыл - облыстық «Әдістемелік бірлестік жетекшісі» байқауы- ІІІ орын;
2014 - 2015 жыл - «Алғыс хат» «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
2014 - 2015 жыл - «Алғыс хат» Жамбыл атындағы орта мектебінің директоры
2016 жыл - «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алғыс хат» . Индер ауданық білім бөлімі
2016 жыл - «Алғыс хат» . Жамбыл атындағы орта мектебінің директоры
2016 жыл - «Алғыс хат». Индер ауданы әкімі
2016 жыл - Т. Молдағалиев «Гүлдер» өлеңі (әдебиеттік оқу) сертификат
2016 жыл - «Шылау мен шылау тұғалы қосымшалар» (әдебиеттік оқу) сертификат
2016 жыл - аудандық «Менің үздік сабағым» байқауы - ІІ орын;
2016-2017 жыл- Қазақстан Республикасы. Астана қаласы Олимпиада орталығы «Құрмет грамотасы»
2017 жыл - аудандық «Ең үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауы- ІІ орын;

----------------------------------------

Кусниденова Кулян Утеповна 33 жылдан бері бастауыш сыныпқа дәріс беріп, «Оқушылардың өзін – өзі жетілдірудегі жаңа технологиялардың тиімділігі» тақырыбы бойынша шығармашылықпен еңбек етіп жүрген тәжірибесі мол, бірінші санатты ұстаз. Өз тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің жаңа бағыттарын батыл енгізе отырып, жаңа технологияны өрістетуге, оқушылардың жан- жақты дамуына күш жігерін салып келеді. Мұғалім бүгінгі талапқа сай сапалы білімді саналы тәрбие берумен ұштастыра отырып, озық нәтижелерге қол жеткізуде. 2014 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық ) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтап, Сертификат иеленді. 2013 жылы Бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық интеллектуалдық олимпиадасына қатынасып облыстан ІІІ орынға ие болды. 2014 жылы IV Республикалық балалар мен оқушылар фестиваліне «Оқушылардың өзін –өзі жетілдірудегі жаңа технологияның тиімділігі»тақырыбымен атсалысып, Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігінің «Құрмет Грамотасымен»марапатталды. 2014 жылы Облыстық «Әдістемелік бірлестік жетекшісі » байқауында шығармашылық белсенділігімен танылғаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. 2014 жылы Облыстық «Заманауи үздік сабақ» сапалы оқытуды жетілдіру,дамыту тақырыбындағы сырттай байқауда жүлделі II орын иеленді. 2014 жылы Д. А .Тарасовтың «Копилка уроков- сайт для учителей» интернет жобасына дүниетану пәнінен «Жануарларға да ауа керек»,«Жануарлар немен қоректенеді?»,«Жарық – жануарлартіршілігіне қажет жағдайлар»,«Жануарлар қыста қалай жылынады?»тақырыбын ұсынып,сайдтың куәлігіне ие болды.2014 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Атырауоблысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Тұлғаны қалыптастыруда ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беру» тақырыбында өткізілген облыстық ғылыми – практикалық конференция жұмысына ұсынылған «Ұлттық тәрбие беру бағытындағы ізденістер мен тәжірибелерде жаңа инновациялық жұмыстарды жетілдіру» тақырыбындағы баяндамасы жинаққа енді.2015 жылы Республикалық www.45minut.kz Республикалық интернет жүйесіне Қ.Жұмағалиев«Мен соғысты жек көрем», Абай «Қыс»,«Абай шаңырағы» тақырыбына құрылған қысқа мерзімді сабақ жоспарлары жарияланып, 45minut.kz Сертификатын және «Республикалық 45minut.kz газетінің » грамототасына ие болды.2015 жылы Республикалық мұғалімдердің қашықтықтан оқыту олипиадасына қатынасып,«Отличный результат» Сертификатына қол жеткізді. 2016 жыл- «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алғыс хат» . Индер ауданық білім бөлімі 2016 жыл-«Алғыс хат» . Жамбыл атындағы орта мектебінің директоры.2016 жыл - «Алғыс хат». Индер ауданы әкімі 2016-2017 жыл- Қазақстан Республикасы. Астана қаласы. Олимпиада орталығы «Құрмет грамотасы» 2014 жылы Жалпы білім беретін мектептердің 1-7 сынып оқушылары аралығында өтетін зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобалары бойынша «Зерде» облыстық конкурсында оқушысы жүлделі III-орынға ие болды. 2014 жылы оқушылары: Ш.Керей, Ж.Ғабит, А.Сериков, Л.Шудабаевалар қашықтық олимпиадасына математика пәнінен қатынасып, жүлделі I орын, А.Муқсиева, Ә.Қанат, А.Рашидов II орын иеленді. 2016-2017 оқу жылында Жаңартылған бағдарламамен оқыған 1 сынып оқушылары:Мұрат Ибраhим,Қайыржан Кәусәр, Тәңірбергенов Бексұлтан, Айбар Айзат, Нұрғали Диар Республикалық бастауыш сынып пәндік олимпиадасынан математика және қазақ тілі пәндері бойынша І орын иеленді.Өз пәнін теориялық жағынан да, практикалық жағынан да жетік меңгерген, әдістемелік шеберлігі мол, жаңашылдығымен, талапшылдығымен танылған, білікті ұстаздың сабақ беретін 20оқушысының білім сапасы – 72 пайыз.Ұстаз жолын қуған шәкірттері – С.Есенжанова, Г.Қонасова, А.Омаров, А.Канатова, Қ.Бимұқашева бүгінгі күні білім беру саласында еңбек етіп жүр. Кусниденова Кулян аудандық, облыстық,республикалық дәрежедегі байқаулар мен сайыстарға қатынасып жүрген жаңашыл және ата-ана, жалпы жұртшылық, ұжым алдында беделді, оқушыларының сүйікті ұстазы.