Сеитова Майгуль Кабдыгалиевна

Туған күні: 01.05.1965

Туған жер: Қазақстан Гурьев (Атырау) облысы Индер ауданы Кулагино селосы

Білім:
Гурьев педагогикалық институты, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 1988 жыл

Қоғамдық қызмет:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 29 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1988 жылдан бері - Индер ауданы «Индер аудандық білім бөлімің Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі

Кәсіби жетістіктер:
2010 – Индер аудандық білім беру бөлімінің «Құрмет грамотасы»
2010 – Есбол селолық округі әкімінің «Мақтау грамотасы»
2011 – Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің «Алғыс хаты»
2011 – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы»
2012 – Жамбыл атындағы орта мектеп директорының «Құрмет грамотасы»
2014 – «Москва» баспасынан шыққан «Үлкен Халықаралық энциклопедияға» есімім енді
2014 – Жамбыл атындағы орта мектеп директорының «Алғыс хаты»
2015 – Индер аудандық Білім бөлімінің «Құрмет грамотасы»
2011– Аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімдерінің олимпиадасы – ІІ орын
2013 – ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығының «Шеберлік сынып» сертификаты
2015 – Қазақ әдебиеті пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасы – ІІ орын
2015 – Қазақ тілі пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасы – Сертификат №590308
2015 – Аудандық «Үздік калейдоскоп» байқауы – ІІІ орын
2016 – Аудандық «Менің үздік сабағым» байқауы – ІІ орын
2016 – Облыстық «Менің үздік сабағым» байқауы – ІІ орын
2017 – «Жаңартылған білім беру жүйесі: «Тиімді жоспарлау. Ұйымдастыру. Критериалды бағалау» тақырыбындағы І педагогтардың аймақтық форумы – Сертификат

----------------------------------------

Мен 1984 жылы Гурьев педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» бөліміне оқуға түсіп, 1988 жылы аталған пәндердің мұғалімі болып бітіріп шықтым. 28 жылдың үстінде Индер ауданы Жамбыл атындағы орта мектепте ұстаздық етіп келемін. Көп жылдардан бірлестік жетекшісімін. Осы жылдар ішінде оқушыларым талай аудандық, облыстық, республикалық сайыстар мен байқаулардан жүлделі орындар иеленді. Ондаған шәкіртім ізімді қуып, «Қазақ тілі маманы» атанды. Өзім Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.

«Мұғалім білімін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс» десек, білім көтеру курстары әрқашан осы бағытта көмекке келетіні – шындық.

2012 жылы «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер» семинарына қатынасып, куәлікке ие болсам, 2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ ұйымдастырған «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтары арқылы оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық технологиялар мен қазіргі әдістерді қолдану жағдайы», 2016 жылы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Атырау қаласындағы филиалы ұйымдастырған, Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша, 2017 жылы қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы негізінде, сонымен қатар "Ақпараттық технология" курстарынан өттім.

Соңғы бес жыл көлеміндегі жетістіктерімді сөз етер болсам, төмендегідей:
2012 жылы мектеп оқушыларының аудандық «Жарқын болашақ» қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасында «Тілші-әдебиетшілер» бағамы бойынша оқушым А.Төлешова І орын, «Сөз шеберлері» бағамы бойынша А.Смағұлов ІІ орын иеленсе, Г.Аманбекова «Жазушылар» бағамы бойынша «Алғыс хатпен» марапатталды. Ғылым негіздері пәндері бойынша республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде оқушым А.Тауғыстауова ІІІ орын алса, Е.Жалмұқашева аудандық «М.Мақатаев оқуларында» ақындық талабымен танылғаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. Республикалық қашықтық олимпиадасында қазақ тілі пәні бойынша оқушыларым Е.Сансызбаев, Е.Жалмұқашева, Д.Ищанғалиев, Н.Тлепбергенова «Үздік нәтиже» көрсетті.
2013 жылы аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасында А. Тауғыстауова «Тілші-әдебиетшілер» бағамы бойынша, Е.Сансызбаев «Жазушылар» бағамы бойынша ІІІ орын, Қ.Серіков «Алғыс хат» иеленді. Ал А.Абдрахманова ««М.Мақатаев оқуларында» ІІ орын алды.

«Теңізшевройл ЖШС-нің» демеушілігімен Атырау облысындағы өзге ұлт өкілдері арасында Академик З.Қабдолов атындағы қордың ұйымдастыруымен өткізілген «Мен қазақша білемін!» байқауына дайындаған жас мұғалім Т.Вдовинаның І орын алуы мен үшін үлкен жетістік болды. Өзім «Нәтижеге бағытталған білім берудің көзі – оқыту технологияларында» тақырыбында өткен облыстық семинарда «Шеберлік сынып» сабағын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне өткізіп, сертификат иелендім. Жұмысым арнайы жинаққа енді.

2014 жылы аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасында А. Тауғыстауова «Тілші-әдебиетшілер» бағамы бойынша ІІ орын, Е.Сансызбаев «Жазушылар» бағамы бойынша ІІІ орын иеленді. Соңғы аталған оқушым аудандық «Ақберен», «О.Бөкей» оқуларынан ІІ орын алды. Аудандық «Рақмет саған, анашым!» шығармалар байқауынан оқушым Н.Жалмұқашева, «Мағжан оқуларынан» Ж.Махметова «Алғыс хатқа» ие болды. Д.Қалиев аудандық «Менің отбасымның бағы – елімнің мәртебесі» сайысынан ІІІ орын иеленсе, «Яссауитану» байқауына қатынасып, белсенділік танытқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңіне қатынасқан Е.Жалмұқашева І орыннан, Д.Қалиев пен А.Тауғыстауова ІІ орыннан көрінді. А.Қабдығалиева «Еңбек адамын ардақтайық» тақырыбындағы шығармалар байқауынан республикадан ІІ орын алып, арнайы Дипломмен марапатталды. Республикалық қашықтық олимпиадасына қазақ тілі пәні бойынша оқушыларым А.Абдрахманова, А.Тауғыстауова, А.Сарсенова қатысып, сертификатқа ие болды. 2014 жылы «Москва» баспасынан шыққан «Үлкен Халықаралық энциклопедияға» білім беру мен шығармашылық жұмысым үшін «Білім беру үздіктері» бөліміне есімім енді.

2015 жылы аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасында Е.Сансызбаев «Жазушылар» бағамы бойынша ІІ орын, Н.Нұрланова «Тілші-әдебиетшілер» бағамы бойынша ІІІ орын алса, А.Қабдығалиева «Альбомдағы суреттің сыры» тақырыбындағы шығармалар байқауынан ІІІ орын иеленді. Республикалық қашықтық олимпиадасына қазақ тілі пәні бойынша М.Мұқсиев, А.Султансихов, А.Шаймарданова қатынасып, сертификатқа ие болды. Өзім мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиадасында қазақ әдебиетінен республикадан ІІ орынға, қазақ тілінен сертификатқа ие болдым. Облыстық «Үздік калейдоскоп» байқауынан ІІІ орын алдым.

2016 жылы аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасында Е.Жалмұқашева «Тілші-әдебиетшілер» бағамы бойынша ІІ орын, Е.Сансызбаев «Жазушылар» бағамы бойынша «Алғыс хат» иеленді. Аудандық «Менің әкем – осындай!» тақырыбындағы шығармалар байқауынан оқушым Н.Жалмұқашева, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша олимпиаданың ІІ кезеңінен Ә.Шаймарданова ІІ орыннан көрінсе, аудандық «Әбіш оқуларында» «Көркемсөз» бағамы бойынша Н.Рахманова ІІІ орын алды, сонымен қатар «Көрініс» бағамы бойынша 9-сынып оқушылары «Алғыс хатпен» марапатталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбындағы облыстық семинарға қатынасып, «Қазақ әдебиеті сабағында дескриптор құрудың маңызы» атты баяндамам семинар жинағына енсе, облыстық «Менің үздік сабағым» байқауынан ІІ орын алдым. «Жаңартылған білім беру жүйесі: «Тиімді жоспарлау. Ұйымдастыру. Критериалды бағалау» тақырыбындағы І педа-гогтардың аймақтық форумынан сертификат иелендім. Өз тәжірибемде оқыту мен тәрбиелеудің жаңа бағыттарын батыл енгізе отырып, жаңа технологияны өрістетуге, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытуға күш саламын. Оқушыларымның қазақ тілінен білім сапасы 75,6 пайыз болса, әдебиеттен – 84,4 пайыз.

2014 жылы ҰБТ-ға қатынасқан оқушыларым қазақ тілінен аудан бойынша ең жоғары орта балға ие болса, А.Тауғыстауова қазақ тілінен де, қазақ әдебиетінен де 100 пайыз сапа көрсетіп, бүгінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау педагогикалық университетінің «Журналистика» факультетінде оқып жатыр. 2015 жылы қазақ тілінен ҰБТ қорытындысы 87,5 пайыз, 2016 жылы 100 пайыз болды.

Жаңалықтың жаршысы да мұғалім, бастаушысы да мұғалім. Алға қойған жоспарым да осы бағытты қамтиды. Олай болса, алда қойған жоспар – келер күнге міндет. Сол міндетті орындау менің басты мақсатым деп түсінемін.