Имангалиева Каным Жалеловна

Туған күні: 06.01.1964

Туған жер: Қазақстан Гурьев (Атырау) облысы Балықшы ауданы «Қызыл балық» колхозы

Білім:
Гурьев педагогика институты, мамандығы «Физика қосымша математика», 1988 жыл

Қоғамдық қызмет:
Педагогикалық кеңес хатшысы, бірлестік жетекшісі, кәсіподақ комитетінің мүшесі, сынып жетекші

Педагогикалық өтілі: 29 жыл

Біліктілік санаты: екінші

Еңбек қызметі:
1993-2017 жылдары - Индер ауданы «Индер аудандық білім бөлімің Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ, физика пәні мұғалімі;
2004-2015 жылдары - мектеп психологы

Кәсіби жетістіктер:
2012 ж - Аудан әкімінің «Алғыс хаты»
2012 ж - Атырау облысы Білім беру басқармасының «Құрмет грамотасы»
2013 ж - физика пәні мұғалімдерінің аудандық олимпиадасынан ІІІ орын - Диплом
2014 ж - облыстық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы көшбасшыларының І слетінде «Алғыс хат»;
2015 ж - аудандық «Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі» тақырыбындағы семинарда Алғыс хат»;
2015 ж - облыстық «Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың, маскүнемдіктің және шылым шегудің алдын алу» тақырыбындағы семинарда «Алғыс хат»
2016 ж - Индер аудандық кәсіподағының «Құрмет грамотасы»

----------------------------------------

Каным Жалеловна оқушылардың таным-түсінігін, ізденгіштігін жетілдіру мақсатында бүгінгі талапқа сай сапалы білімді саналы тәрбие берумен тиімді ұштастыра отырып, озық нәтижелерге қол жеткізді.

2010-2015 жылдар аралығында аудандық психологтар және пән мұғалімдері семинарларында, секциялық мәжілістерде, тамыз кеңесінде әртүрлі тақырыптарда баяндама, тренингтер дайындап, іс-тәжірибесі аудан көлемінде таратылды.

2009, 2011, 2014 жылдары аудандық білім бөлімі ұйымдастырған «Жылдың таңдаулы психологі» сайысына қатынасып II, III дәрежелі Дипломдармен марапатталды.

2012 жылы оқушысы А.Смағұлов оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсына «Тектілік ұғымының мәні» тақырыбымен қатынасып, І орынды жеңіп алып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің І дәрежелі Дипломымен (№1-016-), «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының арнайы Сертификатымен (№178) марапатталды.

2011 жылы «Ғарыш кеңістігі: Жаңа технологиялар дәуірінің бастауы ұлттық ғарыш ғылымының жетістіктері мен болашағы» атты ІІ облыстық ғылыми практикалық конференциясына оқушысы А.Хасанова «Ғарыш қалдықтарының қоршаған ортаға зияны» тақырыбындағы жұмысымен қатынасып, сертификатқа ие болды.

2011-2012 оқу жылында оқушысы Ә.Бейімбет Республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңінен физика пәні бойынша ІІІ орынды иеленсе, аудандық «МИФ көшбасшысы-2011» сайысынан оқушысы А.Хасанова «Алғыс хатпен» марапатталды.

«Ұстаз еңбегі шәкіртінен көрінер» десек, Каным Жалеловнаның 2010-2011 оқу жылындағы мектеп түлектері Далабаева Нұрайна, Нечаев Мейрамбек, Сағынтаев Нұрбол, Қайреденов Даурен, Құспанов Аманжан ұлттық бірыңғай тестілеуде таңдау пәні физикадан 100 пайыз сапа көрсетіп, мемлекеттік грантты иеленді.

2012 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен К.Имангалиева сабақ беретін сыныптың оқушылары Ә.Бейімбет А.Тулешова, А.Хасанова және Д.Ілиясов физика пәнінен 100 пайыз сапа көрсетіп, А.Тулешова «Үздік аттестат» иегері атанды.

2013 жылы оқушысы А. Ғабдыжанов Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінен ІІІ орын алып, өзі физика пәні мұғалімдерінің аудандық олимпиадасынан ІІІ орынды иеленді. Осы жылы оқушысы А. Сағынтаеваға Қазақстандық интернет олимпиадасына қатысқаны үшін, сертификат (№ 74125) берілді.

2014 жылы 12 мамырда Атырау облысы «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы көшбасшыларының І слетінде «Көшбасшы болуға ұмтыламыз» тақырыбында (секциялық жұмыста) психологиялық тренинг өткізіп, «Алғыс хатпен» марапатталды.

2014 жылы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша аудандық олимпиадаға оқушысы Е. Жалмұқашева қатысып, ІІІ Дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2014 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы АОБПҚБАИ біріккен «Қазіргі замандағы арнайы және инклюзивті білім беруді қолдау және дамыту тенденциясы» тақырыбындағы аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, Сертификат иеленді, баяндамасы жинаққа енді.

2015 жылы аудандық семинарда «Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі» тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізіп, «Алғыс хат» иеленді.

2015 жылы облыстық «жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың, маскүнемдіктің және шылым шегудің алдын алу» тақырыбындағы семинарда «Алғыс хат» иеленді.

2016 жылы физика пәні бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысқан 8 сынып оқушысы А. Есенжолова ІІ Дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Каным Жалеловна - тәжірибелі ұстаз, мектеп тынысымен етене жақын жүріп, үнемі өзінің қолғабысын тигізіп келе жатқан өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын жан.