Какимгалиева Роза Нурашевна

Туған күні: 06.01.1976

Туған жер: Қазақстан Гурьев (Атырау) облысы Индер ауданы Есбол селосы

Білім:
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, мамандығы «Математика және информатика пәндерінің мұғалімі», 1998 жыл

Қоғамдық қызмет:
Бірлестік жетекшісі, кәсіподақ комитетінің мүшесі

Педагогикалық өтілі: 19 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1998-2017 ж - «Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ, математика пәнінің мұғалімі

Кәсіби жетістіктер:
Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық академиясының Дипломы - 2017 жыл
«Үздік мультимедиялық презентация» атты республикалық байқау - Сертификат, 2015 жыл
Облыстық математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы - ІІ орын, 2016 жыл
Облыстық сырттай «Үздік мультимедиалық презентация» байқауы – III орын, 2015 жыл
«Қазіргі математика пәні мұғалімінің ізденістері мен шығармашылығы» облыстық сайысы - III орын, 2009 жыл.
Аудандық педагогикалық оқулар - 2006 жылы - ІІІ орын, 2011 жылы - ІІ орын, 2016 жылы - ІІ орын
Аудандық математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы – 2009 жылы – ІІ орын, 2010 жылы – ІІ орын, 2016 жыл - ІІ орын
Аудандық «Үздік мультимедиялық таныстырылым» атты байқау-ІІІ орын, 2015 жыл
«Әдістемелік қоржын-методическая копилка» атты аудандық байқау - ІІІ орын, 2016 жыл
«Интерактивті тақтаның озық пайдаланушысы» атты аудандық сайыс - ІІІ орын, 2012 жыл
«Қазіргі математика пәні мұғалімдерінің ізденістері мен шығармашылығы» атты аудандық сайыс - ІІ орын, 2009 жыл
«Ауылдың үздік ұстазы - 2004» аудандық байқауы- ІІІ орын, 2004 жыл
2004 ж. - Мадақтама Индер аудандық білім бөлімі
2006 ж. - Алғыс хат Мектеп директоры
2006 ж. - Құрмет Грамотасы Индер аудандық білім беру бөлімі
2010 ж. - Мадақтама Мектеп директоры
2010 ж. - Құрмет грамотасы Атырау облысы білім беру басқармасы
2012 ж. - Алғыс хат Селолық округінің әкімі
2017 ж. - Алғыс Атырау облысы білім беру басқармасы
2017 ж. - Құрмет грамотасы Аудандық кәсіподақ комитеті

----------------------------------------

Какимгалиева Роза Нурашевна - бүгінгі күні заман талабы болып отырған педагогика жаңалықтары мен жетістіктерін тиімді пайдаланып жүрген білікті маман, оқушылардың сапалы да, саналы білім алуына басты назар аударады. «Өз қолыңмен жазып, өз аузыңмен оқы, өзіңнен артық білетіндермен ақылдас» - деген ұлы Абайдың сөзін үнемі есте ұстаған мұғалім ұстаздар қауымымен үнемі ақылдасып отырады.

Мұғалім «Математика сабағында формативті бағалау арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру» тақырыбы бойынша шығармашылықпен еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде өзінің еңбекқорлығымен, жоғары деңгейдегі білімімен, талап қойғыштығымен көріне білді. Әр сабағын түрлендіріп, жаңа технологиялық әдістерді жиі қолданып отырады.

2010 жылы білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін облыстың Құрмет грамотасымен марапатталды.

2011 жылы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің ХІІ аудандық педагогикалық оқуларында «Математика сабағында деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру» атты баяндамасымен қатынасып, баяндамасының құндылығымен ерекшеленіп, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуына орай өткен мұғалімдер арасындағы спартакиадасында тоғызқұмалақтан жүлделі І орынды жеңіп алды.

2012 жылы Есбол селолық округінің әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

2012 жылы аудандық «Интерактивті тақтаның озық пайдаланушысы» атты пән мұғалімдерінің арасындағы сайыста шығармашылық ізденімпаздығымен, ақпараттық біліктілігімен танылып, ІІІ орынды иемденді.

2012 жылы ауданда өткен жарыста дойбыдан І орын, тоғызқұмалақ пен шахматтан ІІ орынға ие болды.

2013 жылы «Жыл мұғалімі 2013» аудандық байқауында шығармашылық ізденісімен танылып, «Шебер мұғалім» бағамымен марапатталды.

2012 жылы «Мөлдір бұлақтан ...» аудандық отбасылық фестиваліне қатынасып, өзіндік шығармашылығымен көрініп, «Белсенді отбасы» атағын жеңіп алды.

2013 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттыру деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтап, сертификатқа ие болды.

2014 жылы салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың бұқаралығын арттыру және мемлекеттік қызметшілер арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілген мұғалімдердің аудандық спартакиадасында шахмат пен тоғызқұмалақтан жүлделі І дәрежелі Дипломды иемденді және тоғызқұмалақтан «Үздік ойыншы» бағамымен марапатталды.

2014 жылы ІІІ деңгейлі курстан өткен мұғалімдерге арналған «Сабақтардағы бағалау критерийлерінің түрлері» тақырыбындағы облыстық семинарға қатынасып, «Оң және теріс сандар» тақырыбында тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімдік жоспары тыңдалды.

2015 жылы «Үздік мультимедиалық презентация» атты республикалық байқауға қатысып, сертификатқа ие болды және деңгейлік курстан өткен мұғалімдер арасында ұйымдастырылған «Үздік мультимедиалық таныстырылым» атты облыстық байқауға «жаратылыстану-математика» бағыты бойынша қатынасып, ІІІ дәрежелі дипломды жеңіп алды.

2015 жылы математика пәні мұғалімдерінің аудандық пәндік олимпиадасында терең білімімен, жоғары кәсіби шеберлігімен ерекшеленіп, жүлделі ІІІ дәрежелі Дипломға ие болды.

2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Ахмедова Зейнеп Бақсиыққызын еске алуға арналған аудандық әйелдер арасында тоғызқұмалақтан өткен сайыста жүлделі І орынды жеңіп алды.

2015 жылы «PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтіп, сертификатқа ие болды.

«Оқу - инемен құдық қазғандай» дегендей, мұғалімдердің еңбегі қай күнде де өлшеусіз екені даусыз. «Ұстаз еңбегі шәкіртінен көрінер» десек, Роза Нурашевнаның бірнеше шәкірттері жүлделі орындармен қуантуда.

2011-2012 оқу жылында ғылым негіздері пәндері бойынша республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде математика пәнінен А.Адиятова қатынасып, жүлделі І орынды иеленсе, 2012-2013 оқу жылында А.Памин жүлделі ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2012-2013 оқу жылында Қазақстандық интернет олимпиадаға А.Адиятова қатынасып, жүлделі ІІІ орынға ие болса, аудандық математика пәні бойынша логикалық олимпиадаға 5-сынып оқушысы М.Думан қатынасып, жүлделі ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2011-2012 оқу жылындағы мектеп түлектері Н.Далабаева, М.Нечаев, Н.Сағынтаев, Д.Қайреденов, А.Құспанов, 2014-2015 оқу жылында Н.Қарасаева мен А.Қазиева мемлекеттік грантты иеленді.

2012-2013 оқу жылында дәріс беретін оқушылары Н.Нұрланова мен А.Адиятова, 2013-2014 оқу жылында Қ.Серіков, Р.Сапаров, Е.Сансызбаев, Д.Қалиев, Ж.Махметова «Үздік куәлік» иегері атанды.

2012-2013 оқу жылында «12 жылдық білім беру деңгейінде білім алушылардың білімдік құзіреттілігін дамытудың жолдары» тақырыбындағы математика пәні мұғалімдерінің аудандық әдістемелік семинарында «Квадрат теңдеулер» тақырыбында ашық сабақ берді.

2014-2015 оқу жылында аудандық семинарда «Санның логарифмі. Негізгі логарифмдік тепе-теңдік. Логарифмнің қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2015-2016 оқу жылында ғылым негіздері пәндері бойынша республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде математика пәнінен А.Болатова ІІІ орын, 2016-2017 оқу жылында 10 сынып оқушысы Бекболатов Биболат ІІ орын иемденді.

2015-2016 оқу жылында ғылым негіздері пәндері бойынша аудандық ғылыми жобалар сайысынан А.Болатова «Тез есептеу әдістері» тақырыбымен қатынасып, «Алғыс хатпен» марапатталды.

2014 жылы математикадан «Инфоурок» халықаралық қашықтық олимпиадасында 11- сыныптың 10 оқушысын қатынастырып, барлығы да ІІІ орынға ие болса, 2014-2015 оқу жылында 30 оқушы қатынастырып, олардың 29-ы І орынды, 1-еуі ІІ орынды жеңіп алса, Роза жеңімпаздарды дайындағаны үшін куәлікке ие болды.

2015-2016 оқу жылында республикалық ІІ командалық қашықтық олимпиадаға шәкірттері Р.Сапаров, Д.Исатаева, А.Болатовалармен бірге қатынасып, облыс бойынша үздік көрсеткіш көрсетіп, сертификатқа ие болды. Сонымен қатар «kopilkaurokov.ru», мультиурок сайттарында «45 минут кz», «gotovimurok.com», «Конспекты уроков» сайттарында бірнеше сабақтары жарияланды.

2015 жылы VIII жазғы аудандық мұғалімдер спартакиадасында шахматтан І орынды, тоғызқұмалақтан ІІ орынды жеңіп алды.

2013 жылдан бастап математика пәні бойынша мұғалімдердің, оқушылардың республикалық интернет олимпиадасына қатынасып, сертификатқа ие болды.

2015 жылы облыстық сырттай «Үздік мультимедиалық презентация» байқауында жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2016 жылы математика пәні мұғалімдерінің аудандық олимпиадасында терең білімімен, жоғары кәсіби шеберлігімен ерекшеленіп, ІІ орынды, облыстан ІІ орынды жеңіп алғаны үшін марапатталды.

2017 жылы өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі табыстары үшін Атырау облысы білім беру басқармасының АЛҒЫСымен марапатталды.

2017 жылы «Жаңа мектептің математика сабақтарына тиімді технологиялар» ғылыми практикалық қашықтық семинарын сәтті аяқтағаны үшін Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық академиясының Дипломымен марапатталды.

2017 жылы «Мұғалімдердің көшбасшылық іскерлігін қалыптастырудағы желілік қоғамдастықтың маңызы» тақырыбындағы деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің форумында шеберлік сағатына қатынасқаны үшін Сертификатпен марапатталды.