Джалмукашева Самал Дженисовна

Туған күні: 26.08.1978
Туған жер: Қазақстан Гурьев (Атырау) облысы Индер ауданы Есбол селосы
Білім:
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті мамандығы «Химия пәнінің мұғалімі», 1999 жыл
Қоғамдық қызмет:
«Жас химик» үйірмесінің жетекшісі
Педагогикалық өтілі: 18 жыл
Біліктілік санаты: жоғары
Еңбек қызметі:
1999-2001 жылдары - Атырау қаласындағы Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық гимназиясы, биология пәнінің мұғалімі;
2001-2017 жылдары - Индер ауданы «Индер аудандық білім бөлімің Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ, химия-биология пәндерінің мұғалімі
Кәсіби жетістіктер:
Облыстық педагогикалық оқулары – II орын, 2015 жыл.
Республикалық ғылыми- танымдық педагогикалық Химик анықтамалығы және Биолог анықтамалығы журналдары, "Белсенді автор", 2016 жыл, Мадақтама
Республикалық ғылыми- танымдық педагогикалық Химик анықтамалығы және Биолог анықтамалығы журналдары, «Үздік слайд-2016», 2016 жыл, Мадақтама
Мұғалімдер арасында өткен Республикалық қашықтық олимпиадасынан сертификат, 2014 жыл.
2009 жылы Құрмет Грамотасы Индер аудандық білім бөлімі
2010 жылы Есбол селолық округ әкімінің Дипломы
2014 жылы Алғыс хат Мектеп директоры
2017 жылы Құрмет Грамотасы Индер аудандық білім бөлімі
----------------------------------------
Джалмукашева Самал Дженисовна - өз пәнін жетік меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасайтын білікті маман. "Инновациялық әдіс тәсілдерді химия-биология сабақтарында қолданудың тиімділігі» тақырыбында шығармашылықпен еңбек етіп, озық нәтижелерге қол жеткізуде.
2011 оқу жылында облыстық «12 жылдық білім беру жағдайында химия пәнін оқытуға жаңаша мазмұн беру»тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясына қатынасып, "Алғыс хатпен" марапатталды.
2012-2013, 2013-2014, 2014-2015, 2015-2016, 2016-2017 оқу жылдарында оқушылары А. Сағынтаева, А. Қорғанғалиева, Н. Нұрланова, Н. Қарасаева Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінен химия пәнінен I, II, ІІІ жүлделі орындарды жеңіп алды.
2013-2014 оқу жылында 1. Республикалық www.45 minut.kz сайтында 1. Ауа-газдар қоспасы. 2. Зәршығару мүшелер жүйесінің құрылысы. 3. Терінің маңызы мен құрылысы тақырыптарындағы ашық сабақтары интернет ресурсында жарияланып, арнайы сертификат иеленді. 2.Республикалық Химик анықтамалығы журналына «Ауа-газдар қоспасы» (№2, 2014 ж) тақырыбындағы ашық сабағы презентациясымен шықты.
2014-2015 оқу жылындағы ХVІ педагогикалық оқуда «Инновациялық әдіс-тәсілдерді химия сабақтарында қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы баяндамасы ауданда –ІІ орын, облыста -ІІ орын иеленді.
2014-2015 оқу жылында Республикалық Химик анықтамалығы мен Биолог анықтамалығы журналдарына мынадай тақырыптарда ашық сабақтары мен презентациялары шықты. 1. Химик анықтамалығы журналына «Ауа-газдар қоспасы» (№2, 2014) 2.Биолог анықтамалығы журналы «Қазақстанның экологиялық жағдайлары» (№2,2014 ж), №3 (47) 2015 . "Үздік слайд-2015". "Органикалық әлем эволюциясының дәлелдемелері", "Терінің маңызы мен құрылысы", "Зәрдің түзілуі мен шығарылуы", "Дене температурасының реттелу тетігі", "Зәршығару мүшелер жүйесінің құрылысы";
4.Биолог анықтамалығы журналы (№32015) «Антропогенездің қозғаушы күштері»
2014-2015 оқу жылында аудандық "Ең үздік сабақ", "Ең сәтті сабақ" байқауларында жүлделі ІІІ орынды иеленді. Химия пәні бойынша Республикалық халықаралық олимпиадаға оқушылары Б.Бекболатов пен Е.Жалмұқашева жоғары көрсеткіш көрсетіп, ІІ турға қатынасып, «Үздік нәтижеге» қол жеткізді.
2015-2016 оқу жылында аудандық биология пәні мұғалімдерінің "Менің жетістігім"тақырыбындағы байқауында, «Үздік пән кабинеті» сайысында ІІ, ІІІ орындарды иеленді. Осы оқу оқу жылында республикалық «Үздік слайд-2016» номинациясымен марапатталды.
2016-2017 оқу жылында Республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық Химик анықтамалығы журналына «Инновациялық әдіс-тәсілдерді химия сабақтарында пайдалану тиімділігі» тақырыбындағы Сертификатпен марапатталды. Химик анықтамалығы, Биолог анықтамалығы журналдарының мазмұндық сапасын арттыруға бірнеше жылдан бері үлес қосқандығы үшін "Белсенді автор"тақырыбындағы Мадақтама алды. Республикалық ғылыми-әдістемелік «Хабаршы» журналының №4 санына «Тұздыкөлдегі химиялық қосылыстардың адам ағзасына пайдасы тақырыбындағы Баяндамасы шықты. Облыстық «Зайырлы мемлекетте- зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты ІІІ орын иеленді. Мұғалім бүгінгі талапқа сай сапалы білім беруді саналы тәрбие берумен тиімді ұштастыра біледі.