Башкараев Абдисапи Жиенбаевич

Туған күні: 25.03.1956

Туған жер: Қазақстан, Шымкент облысы, Сарыағаш ауданы, Ошақты ауылы

Білім:
1984 жылы Ташкент Мемлекеттік педагогикалық институтының, математика факультетін, математика мұғалімі мамандығы бойынша бітірді

Қоғамдық қызмет:
«НурОтан» партиясының мүшесі
Аудандық әкімшілігінде қоғамдық кеңес мүшесі
Аудандық Білім бөлімінде кеңес мүшесі

Педагогикалық өтілі: 36 жыл

Еңбек қызметі:
1973 жыл Ы.Алтынсарин орта мектебін бітірді
1973-1978 жылдары Ташкент ауыл шаруашылық техникумында техник құрылысшы мамандығы бойынша жұмыс атқарды
1974-1976 жылдары «Дальний восток» мекенінде әскери борышын өтеді
1978 – 1979 гидротехник мамандығы бойынша,
1979 – 1984 Педагогикалық институтта мұғалім мамандығы,
1984 – 1986 жылдары Аманжолов орта мектебінде математика пәні мұғалімі,
1986 – 2000 жылдары Аманжолов орта мектебінде директордың оқу ісі меңгерушісі,
2000 – 2002 жылдары Аманжолов орта мектебінде мектеп директоры,
2002 – 2003 жылдары Шардара орта мектебінде мектеп директоры,
2003 -2005 жылдары Аудандық Білім бөлімінің басшысы,
2005 – 2006 жылдары Шардара аудан әкімінің көмекшісі,
2006 –қазіргі күнге дейін - М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің директоры қызметін атқарып келемін

Кәсіби жетістіктер:
Аудандық Алғыс хат, 2009 ж.
«Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталады, 2013 ж.
«Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталады, 2014 ж.
Республикалық «Ұлт ұстазы» альманах журналының алқа кеңесінің шешімімен төлбелгісімен марапатталады, 2016 ж.
Ы. Алтынсаринның төсбелгісі, 2013 ж.
«Үздік мұғалімдер» - сертификат, 2014 ж.
Облыстық Алғыс хат «Мөлдір бұлақтан», 2014 ж.
Облыстық Алғыс хат «Нұр Отан», 2013 ж
Педагогтардың шеберлігін арттыру орталығында мектеп басшыларының бағдарламасы бойынша шеберлігін көтеріп, 2014 жылы, сертификат
Педагогтардың шеберлігін арттыру орталығында мектеп басшыларының бағдарламасы бойынша шеберлігін көтеріп, 2012 жылы, сертификат
Облыстық «Еңбекті қорғау және қауіпсіздіқті сақтау сұрақтары бойынша» бағдарламаларынан көтеру курсы,2010 жыл, 2012 жыл, 2016 жылы, сертификат
Облыстық құрмет марапатымен марапатталды, 2014 жыл, грамота

----------------------------------------

Ұстаз болу- жүректің батырлығы,
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.

Мен келешекке білім атты гүлдің қызғалдағын үзіп алып таратсам деген арманмен ұстаздық жолдың ауыр жүгін өз жүрегімнің қалауымен таңдап алдым.Сондықтан ұстаз-дық жолда адал міндет атқаруды өзіме мақсат етіп қойдым. Аталған мақсатты жүзеге асыруда мектепте істеген аз уақыттың ішінде  педагогикалық философиям және ұстанымым қалыптасты.Мен әрбір оқушының жүрегінде орын алғым келді.

Әр бала өзінше жеке, әрі қайталанбас тұлға. Сондықтан баланың жан дүниесін түсіне білу, оларды жақсы көру, өзіңнің жанына жақын тарту менің негізгі ұстанымым. Сонымен қатар баланы жеке тұлға ретінде қабылдау, балалармен санасу және қоғамда өз көзқа - расы қалыптасқан, бәсекеге қабілетті өзін көрсете білетін, шығармашыл тұлғаны қалыптастыра білу. Осы ұстанымдарым негізінде ұстаздық жолда қызмет етудемін. Ұстаздық қызметте, шәкірттермен қарым-қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Бұл қасиеттер ұстаз бойынан табылу үшін әр мұғалім біліктілігін көтеріп отыру қажет. Мен Алматы қаласындағы басшылардың шеберлігін көтеру бағдарламасы бойынша Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған курсқа қатыстым. Бұл курста білім берудің озық технологиялары негізінде жеті модульді қамтыған жүйелі жұмыс жүргізілді. Осы курстың арқасында өзімнің білімге деген жаңашыл көзқарасым қалыптасты. Ахмет Байтұрсынұлы: «Олақтықтың белгісі - бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі - түрлі әдісті білу, керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу... Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» деп жазған еді. Шынымен де, қазіргі кезде түрлі жолдар тауып, оқыту технологиясының оқу материалдарын меңгертудің неғұрлым тиімді әдістері таңдалған. Бұл әдістерді жүзеге асыру мұғалімнің тікелей шеберлігіне, ізденуіне байланысты. Осының негізінде мен үздіксіз ізденіс жасауды, өз еңбегімді байыту және ынталандыруды, біліктілікті жоғарлатып отыруды жүзеге асыруды қолға алдым. Бүгінгі жаһандану заманында ұлттың бәсекеге қабілеттілігі білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, ертеңгі келер күннің бүгінгіден нұрлы болуына апаратын жол - білім. Тек білімді ұрпақ қана қоғамға қозғаушы, басшы болары сөзсіз. Бұл орайда ұстазға артқан сенім өте зор.

Мен мектептегі өзгерістерге, жаңашыл бастамаларды қолдап, әр мұғалімге көмегімді аямаймын.

Қорыта келгенде, О. Бальзактың «Ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы» дегендей қазіргі қоғам мұғалімге үнемі ізденіп, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Ұстаз бақыты - білімді ұрпақта, абыройлы еңбекте дер едім. «Шәкіртсіз - ұстаз тұл» - демекші, оқушыларым бар да, мен де бармын.