Айдарханова Назым Кумархановна

Туған күні: 16.05.1976

Туған жер: Қазақстан Талдықорған облысы Ақсу ауданы Қызылту ауылы

Білім:
Талдықорған индустриалды-педагогикалық колледжі, «Еңбек және сызу мұғалімі, өндірістік оқыту шебері», 1997 ж.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, «Бейнелеу өнері және сызу» пәндері мұғалімі, 2007 ж.

Қоғамдық қызмет:
«НұрОтан» партиясының белсенді мүшесі, Мектептегі шығармашылық топтың жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 14 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
2000-2008 жж. - «Мамания» орта мектебінде «Технология», «Бейнелеу өнері және сызу» пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істедім,
2008-2009 жж. - Қарашілік орта мектебінде директордың тәрбие- ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқардым,
2009-2012 жж. - «І.Жансүгіров атындағы мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-де директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқардым,
2012-2015 жж. - «Ғаламат жихаз фабрикасы» ЖШС-де Өндіріс шебері болып қызмет атқардым,
2015-2016 жж. - «Исатай Исабаев атындағы Өнер мектебі» КММ-де «Бейнелеу өнері» пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім,
2015 жылдан бері - «Мамания орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-де «Бейнелеу өнері және сызу», «Технология» және «Көркем еңбек» пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеймін.

Кәсіби жетістіктер:
2005 жылы- Алматы облыстық «Отан» партия филиалы, Ақсу аудандық өкілдігінің «Қазақстандық бағыт-2009» бағдарламасын және Елбасының Қазақстан халқына арналған жолдауын іс жүзіне асыру барысында жас ұрпаққа сапалы білім беруде елеулі жетістіктері үшін» Грамотасымен марапатталдым;
2006 жылы- Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының ұйымдастырып, өткізген «Алматы облысы технология пәні мұғалімдерінің халықаралық ынтымақтастық күніне арналған шығармашылық көрмесіне» қатысып, таңдаулы шығармалар жинағына жұмысым енді;
2007 жылы- Жастарды салауатты салтында , әлеуметті жат мінез-қылық сипатты құбылыстарға қарсы төзімділік рухында тәрбиелеу мақсатында өткізілген «Өз болашағың – өз қолыңда» атты Аудандық акция аясында ұйымдастырылған плакаттар конкурсы бойынша шәкірттері жүлделі орынға ие болғаны үшін» Мақтау грамотасымен марапатталдым;
2011 жылы- Алматы облыстық білім берудегі жаңа ақпарат-тық технологиялар орталығының «Мультимедиялық -лингафонды кабинеттердің «Пифагор» бағдарламалық және «Arta» операциялық жүйесі бойынша семинар-тренингке қатысып, табысты аяқтағаным үшін СЕРТИФИКАТ берілді;
2012 жылы- «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы», «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерледің біліктілігін арттыру институты» шығарған «Білім сапасын қамтамасыз етудегі педагогикалық ізденістер» әдістемелік жинағына озық іс-тәжірибем енгізілді;
2016 жылы- «Жаңаша оқыту жолында.kz» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына «Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері» атты мақалам жарияланды;
2016 жылы- «Қзақстан ПАТРИОТЫ» Республикалық әскери-патриоттық журналы ұйымдастырып-өткізген «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай оқушылар мен тәрбиеленушілерге арналған «Тәуелсіздік – тұғырым» атты Республикалық көркемсурет байқауына шәкірттерін қатыстырып,белсенділік танытқаны үшін» ДИПЛОММЕН марапатталдым;
2016 жылы- «Просвещение» республикалық ақпараттық-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық жұмысшының құқықтық құзыреттілігі» атты Республикалық байқаудың жеңімпазы» атанып І-дәрежелі Дипломмен марапатталып , қатысушының сертификатын алдым;
2017 жылы- Награждена Дипломом за подготовку призеров творческого конкурса «Моя Родина – Казахстан», посвященного 25-летию Независимости Республики казахстан, проведенный Международным образовательным порталом «Азбука.kz»;
2017 жылы- «Жаңаша оқыту жолында.kz» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына «Жапырақты бейнелеу» тақырыбында сабағым жарияланды;
Оқушыларымның жетістіктері:
2016 жылы- Облыстық ХІІ-ші Дельфийлік ойындарына қатысып «Ұлттық өнердегі кәсіби шеберлігі мен ерекше дарындылығы үшін» «Сәндік қолданбалы өнер» номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Малғаждарқызы Аружан және 6-сынып оқушысы Санат Бекарыс ІІ-дәрежелі Дипломдармен марапатталды;
2016 жылы- Облыстық ХІІ-ші Дельфийлік ойындарына белсене қатысқаны үшін «Сәндік қолданбалы өнер» номинациясы бойынша 4-сынып оқушысы Дүйсенбек Мамырбек және 5-сынып оқушысы Суранчина Айнамкөз Алғыс хаттармен марапатталды;
2016 жылы- «Қзақстан ПАТРИОТЫ» Республикалық әскери-патриоттық журналы ұйымдастырып-өткізген «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай оқушылар мен тәрбиеленушілерге арналған «Тәуелсіздік – тұғырым» атты Республикалық көркемсурет байқауында әділқазылар алқасының шешімімен , Мектепке дейінгі шағын орталығының тәрбиеленушісі Құмархан Аяулым І-орынға және 2-сынып оқушылары Санат Айпері мен Жұбай Айгүл жүлделі І-орындарға ие болып Дипломдармен марапатталды;
2016 жылы- «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ГЕНДІК ҚОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ұйымдастырған «Тәуелсіздік жалауы» атты Республикалық көкемсурет байқауына қатысқаны үшін 9-сынып оқушысы Малғаждарқызы Аружанға және 7-сынып оқушысы Санат Бекарысқа СРТИФИКАТТАР берілді;
2017 жылы- Призеры творческого конкурса «Моя Родина – Казахстан» , посвященный 25-летию Независимости Республики Казахстан, организатор «Международный образовательный портал «Азбука.kz» Награжден Дипломом І-степени ученик 3-класса Қозыбай Мақсат в номинации «Изобразительное творчество (рисунок)». Награждены Дипломами ІІ-степени ученица 3-класса Нүсіпхан Камила и ученица 6-класса Суранчина Айнамкөз в номинации «Декоративно – прикладное творчество». Награждены Дипломами ІІ-степени ученица 3-класса Емберген Альмира, ученик 3-класса Зейнолла Абылай, ученица 2-класса Санат Айпері в номинации «Изобразительное творчество (рисунок)»;
2017 жылы- «28-Универсиада-Ел мәртебесі» атты тақырыпта ұйымдастырылып-өткен Аудандық сурет көрмесінде 4-сынып оқушысы Азаматұлы Марат жүлделі 2-орынға ие болып Дипломмен марапатталды

----------------------------------------

Мұғалім мамандығы бүгінгі таңда – аса жауапты әрі құрметті мамандықтардың бірі және бірегейі десек артық айтпаймыз. Себебі бұл мамандық иелері үнемі – балаларға зор сүйіспеншілігі мен жылулығын беріп қоймай, өздерінің білімі мен іскерлігін, кәсіби шеберлігін ұдайы жетілдіріп отырады. ХХІ ғасыр – ақпараттық технологиялардың дамыған ғасыры болғандықтан жас жеткіншектерге заман талабына сай білім беру, бүгінде мұғалімдердің басты мақсаты болып отыр. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің «Жаңартылған білім беру бағдарламасының» білім беру үдерісіне енгізілуі — заман талабына сай келетін, келер ұрпақтың қажеттілігін қанағаттандыратын тың бағдарламалардың бірі. Мемлекетіміздің орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде, білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына айтарлықтай өзгерістер енгізілуіне байланысты, білім саласы қызметкерлерінің алдында жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып-жітілдіріп отыру және заманауи-ақпараттық технологияларды меңгеру, оларды қолданыста тиімді пайдалану міндеті тұр.

Алайда ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын сабақтастықты үзбеуіміз, жоғалтпауымыз керек. Осы тұста өзінің өмірін «Ұстаз» болуға арнаған әріптестеріме айтарым, Ыбрай Алтынсарин мен Абай Құнанбаевтың шығармаларын үлгіге алып, білім беру процесінде күнделікті қолданысқа енгізу қажет. Қазақ елінің халық ақыны, маңдайына біткен «Шоқ жұлдызы» Абай Құнанбаевтың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңін мектептің табалдырығын аттаған оқушылардан бастап мектеп бітірушілеріне дейін жатқа білулері тиісті деген ойдамын.Себебі мектепке «Тарыдай болып кіріп – таудай болып шығатын» жас ұрпақ оқудың, білім алудың маңызы өте зор екенін, болашақта талай асуларды алуларының кепілі білім мен ғылым екенін ой-саналарына сіңіріп өсу керек. Қазақ тілінің алфавитін кириллицаға түсірген Ұлы Ұстаз , ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Кел балалар оқылық!» деген туындысы келер ұрпақты білім алуға шақырып тұрған ұранмен тең десе де болады. Қарапайым қазақтың қара сөздерімен өрнектелген өлең жолдары болашаққа апарар жол – білімнен бастау алатынын айрықша көрсетіп және ұғындырып тұрғандай.