Каррамова Лаззат Капангалиевна

Туған күні: 07.11.1969

Туған жер: Қазақстан, Қостанай облысы

Білім:
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институті, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, 2006 жылы

Педагогикалық өтілі: 30 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
1995-2006 жж. - Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Октябрь орта мектебі» КММ
2006-2014 жж. - Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Мектеп - лицей» КММ
2014-2017 жж. - Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№6 орта мектебі» КММ

Кәсіби жетістіктер:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ұлтты тестілеу орталығынан алғыс хат, 2014 ж., ұлттық тестілеуді сапалы өткізу үшін;
Мадақтама «Жарқын болашақ» атты қалалық олимпиадасына оқушыны сапалы дайындағаны үшін, 2014 ж.
Грамота за организацию и проведение конкурса – исследования орфографической грамотности «Грамотей – марафон 2014»
Диплом VІІ халықаралық педагогикалық «Формирование профессиональной компетентности современного педагога» атты форумға қаысқан үшін, 2015 ж.
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтаған үшін сертификат, 2012 ж.;
«Назарбаев Зияткерлерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтаған үшін.
2016 ж.
Алғыс хат «I –school generation» Жалпы Қазақстандық дистанциондық олимпиадаға оқушыларды сапалы дайындаған үшін, 2017 ж.

----------------------------------------

Каррамова Лаззат Капангалиевна - Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі және оқу - тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары. Лаззат Капангалиевнаның сабақтары өзінің нақты ұйымдастырушылығымен, ғылыми тереңдігімен, қисынды қорытындылауы-мен ерекшеленеді. Оқушы білімін тексеруді іскерлікпен жоспарлай отырып, басты істерге асқан жауапкершілікпен қарайды. Ол оқу үдерісіне оқушы қызығушылығын арттыру мақсатында еңбек етеді. Ұстаз оқу материалының жүйелі түрде бөлінуіне,ойлау,тілін жетілдіруге үлкен көңіл бөледі. Бекіту сабақтарында оқушымен қарым – қатынасты жүзеге асыру мақсатында ойлау, оқу, тыңдау және жазу, яғни , сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің іске асуына ықпал етеді. Өз бетінше жұмыс істеуін дамытып, балаларды сыни бағалауға және өзіңе баға қоюға үйретеді. Оқушыларды ұлттық дәстүрмен, қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, туған жерінің табиғатымен таныстырады.

Оқытушының жұмысының негізгі мақсаты – еңбек іс әрекеті бойынша жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Оқушыларды оқу барысында бірін – бірі түсіну, бірігіп жұмыс жасау сияқты қарым – қатынастарын арттыруда шеберліктерімен көзге түседі. Ол әр оқушыларын жеке зерттеп олардың шығармашылық қасиеттерін арттырып отырады. Қабілеті жоғары оқушыларға аса көңіл бөледі.

Лаззат Капангалиевна – шығармашыл адам. Өз бетімен білім алуға көп көңіл бөледі: әріптестер жұмыстарының тәжірибесін зерттейді, қалалық және облыстық деңгейде мектеп мұғалімдерімен тәжірибесімен бөліседі, конференция, әдістемелік бірлестіктерде баяндамалармен шығады, жаңа педагогикалық технологияларды зерттеп енгізеді, біліктілік курстарға барып жоғарлатады.

2014 жылы бастауыш мұғалімдері үшін облыстық «Особые дети – вчера, сегодня, завтра» атты on-line- коучинг ұйымдастырған үшін «Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің алғыс хатына ие болды.

2015 жылы «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми – практикалық орталығы ұйымдастырған «Организация обучающей супервизии по развитию научно – исследовательской компетенции ребенка во взаимодействии с семьей» атты семинар тренингке қатысты.

2015 жылы VІІ халықаралық педагогикалық «Формирование профессиональной компетентности современного педагога» атты форумына қатысып өз тәжірибесімен бөлісті.

2016 жылы «Назарбаев Зияткерлерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады.

Лаззат Капангалиевна - ізденуден, үйренуден бірде – бір жалықпайтын «таланты өсіретін – талап» екенін көруге болады.