Амангалиева Агжан Хамитовна

Туған күні: 09.03.1976

Туған жер: Казақстан, Батыс-Қазақстан облысы

Білім:
М. Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан Мемлекеттік университеті, тарих, құқық, экономика негіздері пәндерінің мұғалімі, 2005 ж.

Қоғамдық қызмет:
Қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік комиссиясының жетекшісі

Құрметті атағы, кәсіби марапаттары және премиялар:
Батыс-Қазақстан облысының Білім басқармасының Құрмет грамотасы

Педагогикалық өтілі: 16 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
2001-2004 ж - Жалпақтал ауылдық өнер мектебінің мұғалімі
2004-2006 ж - Подстепный ауылы №1 қазақ мектебінде тарих пәнінің мұғалімі
2006-2008 ж - Орал қаласы №19 қазақ мектебінің тарих, құқық пәнінің мұғалімі
2008 жылдан - Теректі колледжінде тарих, құқық пәндерінің оқытушысы.

Кәсіби жетістіктер:
2008 жылы ТжКББҰ оқытушыларының «Алаш ардақтылары» атты облыстық ғылыми тәжірибелік конференциясында «Алаштың көшбасшысы» тақырыбында баяндама оқыдым.
2010 жылы БҚО кәсіптік лицейлері арасында өткізілген «Ұлттық өнер – жастар қолымен» қыздар байқауында оқушы жүлделі 2 орынды иеленді.
2011 жылы желтоқсан айында ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты «Жиырма жылдық - елдіктің, егемендіктің, кемелдену мен келешекке құлаш сермеудің тамаша кезеңі» тақырыбында өткізілген облыстық мультимедиялық жобалар байқауына дайындаған «Нұрлы қадам» атты жобамен қатынасқан оқушым 2-ші орын дипломымен марапатталды.
2011 жылы Республикалық «Қазақ тарихы» журналында «Қазақтың әдет- ғұрыптары мен салт дәстүрлері» сабақ дайындамасы басылып шықты.
2012 жылы «Жайық үні» газетінде Жеңістің 65 жылдығына байланысты «Бұл соғыс кімді жылатпады?» атты мақала мен «Жайық ұстазы» газетінде «Халқымыздың әдет ғұрыптары мен салт дәстүрлері» сабағы басылып шықты.
2012 жылы ТжКББҰ оқушылары арасындағы облыстық ғылыми-техникалық оқуында «Туған өлке тарихы» секциясы бойынша «Жәңгірханның тарихнамасы» атты зерттеу жұмысымен оқушым әріптестерімнің оң бағасын алды.
2013 жылы «Жәнгірханның тарихнамасы» атты ғылыми зерттеу жұмысым «Ашық сабақтар» WEB-сайтында жарық көрді. Осы жылы Республикалық «45 минут» басылымының сабақтар топтамасында «Қазақ даласында туған тарихи шығармалар» сабағы басылды.
2013 жылы ТжКББҰ оқушылары арасында «Жастардың ғылыми ізденісі- ХХІ ғасырдың зияткерлік әлеуеті» атты облыстық ғылыми-техникалық оқуындағы «Туған өлке тарихы» секциясы бойынша «Бөкей орда тарихи мұражай кешенініңі негізін қалаушы» тақырыбымен оқушым І дәрежелі дипломмен марапатталды, барлық жеңімпаздар арасында жүлделі 3 орынды иеленді.
2013 жылы «Жастар зорлық зомбылыққа қарсы» акциясы аясында ұйымдастырылған шығармалар байқауында оқушыларым алғыс хатпен марапатталды.
23.09-04.10.2013 ж аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығына «Online тәртібінде интерактивтік сабақтарды ұйымдастыру- қоғамдық пәндерді оқытуға ынталандыру құралы” атты тақырыпта кәсіби білім деңгейімді көтеріп қайттым.
2013 жылы балалар мен жасөспірімдерді толерантылыққа тәрбиелеу бойынша тәрбие сағаты байқауында «Қария қарияның ақылы дария» атты тақырыппен топ жетекшілері арасында 2 орын иелендім.
2014 жылы ТжКББҰ оқушылары арасындағы «Менің мамандығымның әлемі» атты облыстық ғылыми зерттеу оқуында оқушым «Махамбет жырларындағы Исатай бейнесі» тақырыбында қатысып «Жас ізденімпаз» номинациясын иеленді.
2014 жылы «Тарихы терең қазыналы Ақжайық» атты облыстық ғылыми әдістемелік конференциясында «Тарихы тұнған жұмбақ өлке» тақырыбымен баяндама оқып әріптестерімнің оң бағасын алдым.
2014 жылы ТжКББҰ арасында «Біз болашақты бірге құрамыз» атты облыстық ғылыми практикалық конференциясында оқушым қатысып 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
2015 жылы ТжКББҰ арасында «Әлеуметтік гуманитарлық пәндерді оқытудағы жаңа педагогикалық технологиялардың тиімді жолдары» атты облыстық семинарда «Ұстаз ізденісі» тақырыбында баяндама оқыдым.
2015 жылы «Инфоурок» жобасында 6 сабақ, 1 баяндама дайындамалары жарық көрді.
2015 жылы ТжКББҰ арасында «Тәуелсіздік туы - жастардың қолында» атты облыстық ғылыми конференциясында оқушым қатысып «Жас ізденімпаз» номинациясымен мараппатталды.
2016 жылы наурыз айында «Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ұлт азаттық күресі» тақырыбында ғылыми- практикалық конференциясында оқушым баяндама оқыды.
2016 жылы 14 желтоқсанда ТжКББҰ облыстық оқу әдістемелік кабинеті ұйымдастырған «Мәңгілік жалпыадамзаттық құныдылықтар- рухани адамгершілік білім берудің негізі» атты облыстық оқыту семинарға қатыстым.
2016 жылы желтоқсан айында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай МДҰ педагогтарына арналған қашықтықтан өткізіліген «Тәуелсіздік тұғыры биікте» байқауына қатысып сертификат алдым.
«Қазақ даласында туған тарихи шығармалар» атты сабақ дайындамасы 2016 жылы №10 «Мұғалім шеберханасы» баспасөз ақпараттық құралдарында жарияланды.
2017 ж Батыс Қазақстан медициналық колледжінде 8 желтоқсанда өткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл: жасампаздығы мен жарқын болашағы» атты облыстық ғылыми-конференцияға дайындаған оқушым «Жерұйығым Астанам» тақырыбындағы баяндамасымен қатынасып сертификат алды.
2017 жылы ТжКББҰ арасында «Қазақстанның болашағы» атты облыстық ғылыми техникалық оқуларының «Мәңгілік ел мақсаты мен мұратым» бағытындағы «Үздік ізденуші» аталымымын оқушым марапатталды. 17 мамырда БҚО білім басқармасының мектепке дейінгі жалпы орта, ТжКББҰ облыстық оқу әдістемелік кабинеті ұйымдастырған «Алаш орда үкіметіне 100 жыл тарихы мен тағылымы» облыстық ғылыми тәжірибелік конференциясында «Алаштың көшбасшысы Алихан Бөкейханов» атты баяндамамен қатысып «Үздік ізденуші» аталымы бойынша марапатталдым.
2017 жылы 24 мамырда Республикалық «Білім айнасы» газетінің редакциясы ұйымдастырған «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты тренингіне қатысып, БАҚ және әлеуметтік желімен жұмыс тәсілдерін жақсы меңгергенім үішн алғыс хатпен марапатталдым. 19 мамырда БҚО білім басқармасының мектепке дейінгі жалпы орта, ТжКББҰ облыстық оқу әдістемелік кабинеті ұйымдастырған Сырым Датұлының туғанына 275 жылдығына орай «Көсем Сырым, алып ұл Даладағы» атты облыстық ғылыми практикалық конференциясына қатыстым.
2017 жылы БҚО білім басқармасының ТжКББҰ облыстық оқу әдістемелік кабинетінде шыққан тарих пәнінен оқу әдістемелік құралым жарияланды.
2017 жылы Білім мерекесі күні БҚО білім басқармасының білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.

----------------------------------------

Мен, 1976 жылы наурыздың 5-ші жұлдызында Орал облысы, бұрынғы Чапай ауданы, Алғабас ауылында көп балалы отбасында дүниеге келдім.

1982 жылы Алғабас орта мектебінде алғаш білім табалдырығын аттадым. Менің білімге деген құштарлығымды оятқан қазақ тілі пәнінің мұғалімі Маржан Мендіғалиева апайыма әлі күнге дейін алғысым шексіз. 1993 жылы орта білімді аяқтап, арман қуып Дәулеткерей атындағы өнер институтының режиссура бөліміне оқуға түстім. Сол оқу орнында өнердегі алғашқы ұстаздарым Гулнар Жақыпова мен Мұрат Ахмановтан терең білім алдым. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң театрға жұмысқа шақырылдым. Кейін Батыс Қазақстан телерадиокомпаниясында дикторлық жұмыс жасадым. Сол жерде болашақ жарымды тауып1998 жылы тұрмыс құрдым.

2000 жылдары Жалпақтал өнер мектебінде сабақ бердім. Бүгінде менің шәкірттерім Нұрбигүл Егизова мен Мерген Сүлейменов өнер саласында еңбек етуде. 2003 жылы БҚМУ тарих, экономика, құқық негіздері пәні бойынша мұғалімдік оқуға тапсырып, 2005 жылы аяқтадым. Сөйтіп еңбек жолым тұтастай мұғалімдік жолға бұрылды.

Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай: «Мұғалімдік мамандық- бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер- ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады» деген ұстаныммен ұстаздық жолдын қыр-сырын меңгерудемін.

Қазір менің еңбек өтілім 17 жыл,1 санатты тарих, құқық пәнінің оқытушысымын. Осы уақыт ішінде көптеген олимпиадалар мен байқауларға белсене қатыса отырып,өзімнің білімділігім мен әдістемелік шеберлігімді көрсете білдім. Сонымен бірге оқушыларым ғылыми жоба және олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының мына бір сөзін тіліме тиек етпекпін, “Ұстаздық-ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”. Бұл – бұлтартпас ақиқат. Қазақта «Бір кісі құдық қазса, мың кісі су ішеді» деген қанатты сөз және бар. Жер бетіндегі барша мамандық иелерін білім нәрімен сусындатып, зейінін ашатын, сан салалы ғылым сырын ұқтыратын бірден-бір мамандық иелерінің педагогтар екеніне ешкім дауласа қоймас, сірә! Сананы саралап, ақылмен ойлап қарасақ, қашанда ұстазы жақсының ұстамы жақсы болады. Сол сынды ұстазына қарап бала өседі.

Мұғалім мамандығы- барлық мамандықтың атасы. Бұл-ешқашан өзгермейтін заңдылық. Ол - бар мамандықтың көшбасшысы. Әркез солай бола бермек!

Ұстаз болу жүректің батылдығы дегендей, ұстаз барлық мамандық иесін үйретуші, тәрбиелеуші, қандай да болмасын мамандық иесі ұстаздан дәріс алып, үйреніп жақсы маман атанады, сондықтанда да мұғалім мамандығы – киелі.

Жан-Жак Руссоның «Ұстаз болу -өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын. Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлтттық рухты сіңіру, ана тілі мен тарихын өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу ұстаздардың қолында деп ойлаймын.