Шагирова Жулдыз Амановна

Туған күні: 31.01.1982

Туған жер: ҚазКСР, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы

Білім:
Атырау мұнай және газ институты, «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығы бойынша «Тау-кен инженері» біліктілігі, 2004 жыл

Қоғамдық қызмет:
«Жас мұнайшы» клубының жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 8 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
2009-2013 жж - «Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі», арнайы пән оқытушысы
2013 жылдан бастап «Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі», арнайы пән оқытушысы

Кәсіби жетістіктер:
2011 жылы - Германия, Целле қаласы Аксел Брунс кәсіптік мектебінде «Дуалдық оқытуды қолдану» тақырыбында 2-айлық тағылымдамадан өткен Сертификат.
2011 жылы –Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінен «Дәнекерлеу өндірісі, мұнай-газ ісі, машина жасау және құрылыс өндірісі бағыттарындағы техникалық пәндерді оқытуда тренажерларды пайдалану» тақырыбындағы курстан өткендігі туралы куәлік.
2012 жылы-Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінен «Жалпы және арнайы пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіру» тақырыбындағы курстан өткендігі туралы куәлік.
2012 жылы-Астана қаласы, Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығынан «Компрессор қондырғылары және сораптар» мамандығының оқу әдебиеті және оқу-әдістемелік құралдарын сараптамадан өткізуге қатысқанын растайтын Сертификат.
2013 жылы- Астана қаласы, Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығынан «Кәсіптік-педагогикалық шеберліктің заманауи тәсілдері» тақырыбында курстан өткендігі туралы Сертификат.
2013 жылы-Алматы қаласы Республикалық 45 минут Ұстаздар сайтына жеке еңбектер жинағын шығарғаны үшін Сертификат.
2014 жылы –Атырау қаласы, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-нан «Инновациялық талаптарға сай арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіптік педагогикалық біліктілігін арттыру» тақырыбында курстан өткендігі туралы сертификат.
2015 жылы-Атырау облыстық «Білім беру қызмткерлерінің кәсіби өсуі-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» тақырыбындағы білім беру қызмткерлерінің облыстық педагогикалық оқулары- 1-ші дәрежелі диплом.
2015 жылы- Облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушылары арасында өткізілген «Үздік педагог-2015» облыстық байқауы Бас жүлде.
2016 жылы-Республикалық ақпараттық-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жыл оқытушысы-2016» байқауында «Техникалық және кәсіптік білім беру саласының үздік оқытушысы» номинациясы ІІІ дәрежелі диплом.
2015 жылы Атырау облысы Білім беру басқармасы, Әдістемелік кабинеті «Шығармашыл тұлға қалыптастырудағы ізденімпаз, жаңашыл оқытушылардың құзіреттілігі» тақырыбындағы облыстық семинарда шығармашылығымен ерекшеленіп, белсенділік танытқаны үшін- Алғыс хат.
2015 жылы-Атырау қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізідген «Жыл үздігі-2015» байқауында Жастар сыйлығының «Үздік студент» номинациясының дайындаған 4-курс студенті Айдынғалиұлы Сағыныш байқау дипломанты.
2016 жылы-Атырау облысы Білім беру басқармасы, Әдістемелік кабинеті «Мұнай-газ ісі бойынша арнайы пән оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбындағы облыстық семинарды ұйымдастыруға белсенділік танытқаны үшін-Алғыс хат.
2016 жылы-Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Әрқашан күн сөнбесін» республикалық интернет-байқауында білім алушылардың азаматтылын тәрбиелеуге және олардың танымдық қызығушылықтарын ынталандыруға қосқан зор үлесі үшін Алғыс хат.
2016 жылы Республикалық «Просвещение» ғылыми-әдістемелік интернет журналының ұйымдастыруымен өткен «Арнайы пәндерді оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияға «601 – тренажер имитаторын пайдалан отырып, студенттердің мамандыққа қызығушылығын арттыру» тақырыбында баяндама оқығаны үшін Сертификат.
2017 жылы - Ресей, Новокузнецк қаласында өткізілген «Ступени мастерства» Халықаралық педагогикалық шығармашылық байқауында Лауреат дипломы.

----------------------------------------

Қазіргі заман талабы экономикалық өзгерістерге байланысты кәсіптік білімді дамытуда, еңбек нарығының сұранысы мен жұмыс берушінің нақты талабын қанағаттандыруды талап етеді. Сондықтан да біздің еліміздің экономикасының өркендеуіне мұнай өнеркәсібінің қосып отырған үлесі мол. Еліміздің өнеркәсібі дамып, өркендеуі үшін, бұл саланы да меңгеру үлкен сұранысқа ие болатыны сөзсіз. Сол орайда мұнай кәсіпшілігінің дамуына, оны өндіру мен пайдалануда, мұнай кәсіпшілігінің машиналары мен механизмдерін, техникалары мен технологияларын пайдалана білетін озық мамандар даярлау біздің еншімізде.

Арнайы пәндерді жүргізу барысында ақпараттық технология сабақты түрлендірудің, ерекшелендірудің, дараландырудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар сабақты жаңаша ұйымдастырудың мүмкіндігі. Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда - студент өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Арнайы пәндерді жүргізу кезінде ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, студенттің өзіндік жұмысының көлемін көбейтуге болады.

Осы орайда колледжімізге «Кәсіптік және техникалық білімді қолдау» аясында мұнай мамандығына арналған бірнеше оқу стенділері мен зертханалық жұмыстар жүргізуге арналған компьютер кластары алынған болатын.

Соның бірі «Мұнай және газ скважиналарын меңгеру мен пайдаланудың 601-тренажер-имитаторы». Құрамына 1 басқару компьютері мен студенттерге арналған 15 желілі компьютер. «Мұнай және газ скважиналарын меңгеру мен пайдаланудың 601-тренажер-имитаторы» мұнай мамандығында оқитын студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттыруда пайдасы мол.

Басқару компьютерінен әрбір студентке өтілген тақырыптар бойынша тапсырма беріледі. Сол тапсырма бойынша студент өзінің дербес компьютерінен ашып, зертханалық жұмыс жасайды. Сабақтарда «Мұнай және газ скважиналарын меңгеру мен пайдаланудың 601-тренажер-имитаторын» пайдалану кезінде студенттер бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әр студент тренажерда жұмыс істеу арқылы ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге үйренеді, сондай-ақ тренажерда жұмыс істеу барысында студенттердің өзінің жеке іс-әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Осындай іскерлік дағдысы қалыптасқан жас маман мұнай мен газ өндірісін дамытуға, еліміздің экономикасын өркендетіп, ел болашағына зор үлесін қосады деген сенімдемін. Сондай ақ, білімді де білікті - технологтар, механиктер, бұрғышылар дайындай отырып, олардың мұнай кәсіпшілігіне пайдасы тиіп, биік белестерді бағындыра білсе нұр үстіне нұр болар еді.

Бүгінгі күні еліміздің экономикасы қарыштап дамып, кәсіптік білім беру жүйесінде де алдымызға үлкен мақсаттар қоя бастадық. Сапалы кәсіптік білім беру-әлемдік өркениетке жеткізетін сара жол екенін түсіндік. Кәсіби мамандар дайындау – мемлекеттік маңызы бар іс. Сондықтан да оған мемлекеттік жауапкершілік тұрғысынан қараған жөн және әрбір сабақтарда ақпараттық технологияларды үнемі қолдануды қалар едім.

Мұнай өнеркәсібіне таптырмайтын кәсіби мамандар дайындау менің алға қойған мақсатым.

Сондықтан, елбасымыз үнемі қайталайтын «Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» сақталған елдің әлемде атын асқақтатып, даңқын паш ету әр қазақтың ұраны болуы тиіс болса, бүгінгі студенттер ертеңгі елдің болашағы. Біз өз жұмысымызда осыны әрқашан есте ұстап, білімді де білікті маман, қарапайым да адами қасиеті мол, әлемдік бәсекелестікке өзін, өзінің ұлтын, өзінің халқын тек жақсы жағынан таныта алатын азаматты тәрбиелеуге мүдделі болуымыз керек.