Раханова Арайлы Нурлановна

Туған күні: 13.11.1976

Туған жер: ШҚО Көкпекті ауданы

Білім:
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, мамандық "Бастауыш сынып мұғалімі"

Қоғамдық қызмет:
Бастауыш сынып бірлестік жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 18 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
1999-2017 жж - "№15 орта мектебі" КММ, бастауыш сынып мұғалімі

Кәсіби жетістіктер:
«Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибеден өтуде аса жауапкершілік танытып, жүйелі әдіскерлік көмек көрсеткені үшін», қалалық, Алғыс хат, 2015 жыл
«Жоғары кәсіби ісі,шығармашылық педагогикалық қызметі үшін және Мұғалімдер Күнімен», мектеп, Алғыс хат, 2015 жыл
«Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибеден өтуде аса жауапкершілік танытып, жүйелі әдіскерлік көмек көрсеткені үшін», қалалық, Алғыс хат, 2016 жыл
«Юные таланты» конкурсы, республикалық, Диплом, 2016 жыл
«Жас зерттеуші» 1-4 сыныптар арасында ұйымдастырылған ғылыми жұмыстар сайысына оқушылар дайындағаны үшін. облыстық, Диплом, 2016 жыл
«ШҚГК әкімшілігі студенттердің педагогикалық іс-тәжірибе барысында теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып,жоғары деңгейде ұйымдастырып жүйелі әдіскерлік көмек көрсеткені үшін», қалалық, Алғыс хат, 2017 жыл
Халықаралық интеллектуалдық олимпиада Май-2017, халықаралық, Сертификат, 2017 жыл
Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде қазақ тілін оқытудың жаңашыл әдістемелері, республикалық, Авторлық бағдарлама, 2017 жыл
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ұйымдастырылған мұғалімдерге арналған ғылыми-әдістемелік семинар., қалалық, Сертификат, 2016 жыл
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш мектепте оқытудың инновациялық процесін басқару қашықтық семинар», республикалық, Сертификат, 2017 жыл
Ата-аналар жиналысының ең жақсы өңдеуі, Диплом I дәрежелі
Ашық сабақтың ең жақсы өңделуі, Диплом I дәрежелі
Бастауыш мектептегі сабақты ең жақсы өңдеу, Диплом II дәрежелі
Қалалық Ғылыми практикалық конференция, Номинация

----------------------------------------

Мен Раханова Арайлы Нурлановна ШҚМУ- ды тәмәмдағаннан кейін еңбек өтілімді № 15 ші орта мектебінен бастадым. Өмірімді бала тәрбиесіне арнап ұстаздық жолды таңдағанымды мақтан тұтамын.

Абай атамыз айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты. Ұстаз – ұлы тұлға. Ұстаз - балаға жеке тұлға ретінде қарай отырып, тәрбиелі,білімді,мәдениетті болуына ықпалын тигізеді. Тәлім-тәрбие беріп, баланың арман-қиялын көкке жеткізетін де, осы - ұстаз.

Ұстаз балаларға білім алу әдістері мен тәсілдеріне үйретеді. Осы модульдерді сабақтарда пайдалану – оқу мен оқыту барысында білім сапаның көтерілуіне зор ықпалын беретін де ұстаз. Білім сапасын көтеру, тек ұстаз бен оқушының қолында.

Ұстаз мамандығы -ауыр мамандық. Ол адамнан тек аса жоғары білімді ғана емес, сонымен қатар рухани күш пен табандылықты және батылдықты да талап етеді. «Мен болмасам, сіз барсыз, үміт еткен ұрпағым» -деп, Ы.Алтынсарин атамыз нық сеніммен айтып өткендей болашақ ұрпағымыз білімді,көзіашық,шығармашыл болу үшін,тынбай білім алып,тынбай еңбектену керек. Сонда ғана ұрпағымыз тәрбиелі, болашағымыз жарқын болмақ.

Сондықтан, алдымда отырған әр баланың болашағын қалыптастыру, оны бір арнаға бұру, содан кейін өмір атты үлкен даңғыл жолға салу міндетім. Ол міндетті шабыттанбай атқарар болсам жетістікке жетуім күмәнді. «Үлкен бір жұмысты сәтті орындаудың бір ғана жолы бар, ол істі жан-тәнімен сүю қажет» демекші, қажырлы еңбек арқылы ғана өз жұмысыңның нәтижесін көресің.

Менің өзекті тақырыбым: «Білім сапасын арттыруда заман талабына сай оқушыларды жан-жақты тұлға ретінде дамыта отырып, оқыту үрдісінде озық технологияларды пайдалану», барлық жұмысым осы тақырып аясында жүзеге асуда. Ұлттық тағылымдар мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу , тәрбиелеу арқылы білімге жетелеу, кез келген пәннен алған білімін өз өмірлеріне қажеттігін сезіндіру - күнделіктегі жұмыс бабындағы менің әрекетім және мақсатым. Бала - жасы кәмелетке толмаған, жан - жақты тәрбиені қажет ететін, болашағынан көп үміт күттіретін жеке тұлға. Ал, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тәрбие берушілер ата - ана, жанұя, араласатын ортасы, жолдастары, тәрбиешісі және ұстаздары.

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу деп білемін. Мен шәкірттерімнен шабыт аламын, ал балалар менің оларға айтқан жақсы сөздерімнен, қарым-қатынасымнан, сенімімнен, қолдауымнан шабыт алады. Маған ұстаз ретінде мектепке қатысты оқыған әдебиеттерім, қатысқан тәжірибе алмасуларым, үйренген жаңа әр түрлі әдіс-тәсілдерім шығармашылық шабыт сыйлайды. Сонымен қатар мен өз сабағымда АКТ-ны жиі қолданамын,себебі бұл оқушылардың шығармашылық ойлау,танымдық қабілетітерін дамытады.

Өз сабағымда әр түрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданамын олар : ұжымдық,жекелей,жұптық,топтық т.б оқыту.

Ұстаз деген сөзге лайық болу үшін,білімді, шығармашыл болу қажет.Ол үшін,әрқашан біліктілігін арттырып, үнемі тынбай еңбек етіп отыру қажет. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқытатын пәнді терең түсіну, сол алған білімдерін кез-келген жерде тиімді,ұтымды пайдалана білу керек. Оқыту екі жақты үдеріс,онда ұстаз бен тәрбиеленушінің ынтымақтастық іс-әрекеттері жүзеге асырылады.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей әрқашан талмай еңбек етіп, тәрбиелі де, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақты тәрбиелеуге үлесімді қоссам деймін.