Саргожаева Асылхан Алымовна

Туған күні: 13.01.1970

Туған жер: КазССР, Маңғыстау облысы

Білім:
Атырау педагогикалық институты, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні» мұғалімі, 1992 жыл

Қоғамдық қызмет:
Оқу ісі менгерушісі

Педагогикалық өтілі: 24 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1992-1994 жж – Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Ленин атындағы орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
1994-2007 жж – Ақтау қаласы, №19 орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
2007-2008 жж – Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Мұнайлы аудандық мәслихаты, бас маман;
2008 жылдан бері Мұнайлы ауданы Жаңа Дәулет ауылындағы №4 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі әрі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Кәсіби жетістіктер:
Қалалық О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы Бас жұлде, Облыстық байқау І орын, Республикалық байқау Алғыс, 2002 жыл;
Қалалық «Жыл сынып жетекшісі» байқауы ІІІ орын, 2004 жыл;
Аудандық «Жыл сынып жетекшісі» байқауы І орын, 2009 жыл;
Аудандық «Ә.Кекілбайұлы еңбектерінен мұғалімдердің панорамалық сабақтары» байқауы І орын, 2009 жыл;
Облыстық «Ең үздік ұйымдастырушы» байқауы Бас жүлде, 2010 жыл;
Маңғыстау облысы білім басқармасының білім саласына қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы, 2010 жыл;
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы аудандық білім үйлестіру орталығы «Шыңдалу» мектебінің әдістемелік жүрмелі семинарында белсене атсалысқаны үшін аудандық білім үйлестіру орталығының Алғысы, 2013 жыл;
«ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші деңгей бағдарламасы» бойынша сертификат, 2013 жыл;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Алғыс хаты, 2014 жыл;
Алматы қаласы республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық мерзімді басылымы «Білім әлемі» «Үздік сабақ» дипломы, 2014 жыл;
Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының «Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы»МКК директорының үздік сабақ көрсеткені үшін ризашылық хаты, 2015 жыл;
«Инфоурок» сайт сертификаты, 2015 жыл;
«Умната» мұғалімдерге арналған интернет байқауда «Портфолио участников образовательного процесса как средство мотивации личностного роста» ІІ орын, 2016 жыл;
«Умната» мұғалімдерге арналған интернет байқауда «Педсовет в новых условиях современного образования» ІІІ орын, 2016 жыл;
Маңғыстау облысының Құрмет грамотасы, 2016 жыл;
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренелерін оқыту курсы» сертификаты, 2016 жыл;
ҚР білім және ғылым министрінің Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін Алғысы, 2017 жыл

----------------------------------------

Ұстаздық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет етеді. Заман ағымына қарай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған маман – уақыт талабы. Осы үрдістен шығу жолында әр ұстаз өз біліктілігін жетілдіріп отыруы керек деп ойлаймын.

Деңгейлік бағдарламалар бойынша білім жетілдіру курсынан өткен соң, оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алдым. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік туғызып, өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың пайда болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетініне көз жеткізе алдым.

Сабақты толығымен диалогке құру - өте күрделі, себебі балаларға жұмыстың әр түрі қажет, сондай-ақ ақыл-ой қабілеттерінің де әр түрлі деңгейде екенін ескеру керек. Сондықтан сабақта әр түрлі әдістерді қолданамын, атап айтқанда, жұптық жұмыс, «Білгірлер» ойыны, «Өзара сұрақ-жауап», «Жуан және жіңішке сұрақтар», т.б. Үй тапсырмасын еске түсіріп, жинақтауда оқушыларға сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылатынын ескеріп, дұрыс әрі нақты сұрақтардың қойылуын қадағалау керек. Оқушылардың ақпаратты қолдануы, қайта құруы, кеңейтуі, бағалауы және талдау жасай алуы үшін үнемі жоғары дәрежелі сұрақтарды қоюларын талап етіп отырған тиімді. Осы мақсатта оқушыларға «Ойлан. Жұптас. Пікірлес», «Даналық ағашы», «Мен саған, сен маған» әдістері бойынша сұрақтар құратуға болады.

Мағынаны ашу кезеңінде барлық сабақтарда oқушылардың өз бетінше білім көзін игеру үдерісін қамтамасыз ететін ЖИГСO, «Түртіп алу», «Үш қадамды сұхбат», «Кім көп біледі?», тoпта талдау, әңгіме-дебат және зерттеушілік әңгімені қoлдануда oқушылар көп нәрсе жайында мағлұмат алып, oйларын дәлелдей алады. Сабақ барысында диалогтік әңгіменің түрлерін тиімді пайдалану - оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс істеуіне және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектеседі. Бұл әдістердің тағы да бір тиімділігі, мұнда барлық oқушылар жұмыс жасап, oқу үлгерімі төмен oқушылар да сабаққа белсене қатысып oтырады. Диалогтік оқытудың табысты болуы мұғалімнің оқушылармен сенімді қарым-қатынас орнатып, жағдай туғыза білуіне байланысты деп ойлаймын.

Бұл жұмысым нәтижесіз де емес. Оқушыларым түрлі байқаулардан(пәндік олимпиада, көркемсөз оқу шеберлері, танымдық сайыстар) жүлделі орындар алып жүр, әлі де биіктерден көріне береді деген сенімдемін.

Мен өз мамандығымды қызығы мен қиындығы қатар өрілетіндігі үшін жақсы көремін.