Джуматаева Акмарал Болегеновна

Туған күні: 15.08.1978

Туған жер: КазССР, Целиноград облысы, Щучье ауданы

Білім:
"Көкше" академиясы, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», бакалавр, 2013 жыл
Ш.Уалиханов ат. Көкшетау мемлекеттік университеті, «Педагог-психолог», 2006 жыл

Қоғамдық қызмет:
«Ақ қайың» мектеп орманшылығының жетекшісі, Зерттеу негіздері үйірмесінің жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 18 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1999-2018 жж. - «Бурабай ауданы білім бөлімінің Оқжетпес орта мектебі» ММ, бастауыш сынып мұғалімі

Кәсіби жетістіктер:
Диплом 3 дәрежелі, Жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистердің VIII ашық облыстық форумы «Үздік үгітбригада» номинациясы
2017, Алғыс хат, Ақмола облысының білім басқармасы
2017, Алғыс хат, Бурабай ауданының білім бөлімі
2017, Мадақтама, «Зерде» шығармашылық жобалар жіне зерттеу жұмыстары облыстық байқауына белсенді қатысқаны үшін.
2017, Мадақтама, - Білім беру жүйесіндегі қажырлы еңбегі және оқу-тәрбие іс-әрекетіндегі жетістіктері үшін.
2017, Мадақтама, Педагогикалық еңбек жолында шәкірттеріне жақсы тәрбие мен білім беруде қосқан үлесі үшін. «Бурабай» МТҰП Ә.Ғазиз
2017, І деңгейлі Сертификат «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы»
2017, Диплом І дәрежелі, «Парктер шеруі-2017» .
2016, 3 сынып «Менің туған өлкем» атты республикалық қашықтықтағы презентация сайысы. Садвакасоа Жания 1 орын. Жетекшіге алғыс хат.
2016, Республикалық қашықтықтағы презентация сайысы. «Өзім тұратын үй!» Дүйсембі Аружан 1 орын, жеткшіге алғыс хат.
2016, Презентация «Менің қызығушылығым» Балабек Мөлдір, 1 орын. Жетекшіге алғыс хат.
2015, Мұғалімдерге және оқушыларға арналған сайыстар. «Математический ринг», 1 орын Диплом .Балабек Мөлдір, 2 сынып.
2015, Мұғалімдерге және оқушыларға арналған сайыстар. «Удивительные звери» Лауреат Диплом, Балабек Мөлдір, 2 сынып.
2015, Мұғалімдерге және оқушыларға арналған сайыстар. Жетекші дипломы.
«ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Менің инновациялық сабағым» атты ІV Халықаралық оқытушылар сайысында «Ұшқыр ойдың майталманы» номинациясында 3 орын. Диплом. 2015 жыл.
Махметова Аннура - 1 орын. Диплом . «Кең байтақ елімнің кішкентай өзені». «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған Республикалық «Зерек» атты оқушылардың ғылыми жұмыстары сайысы. 2015 жыл
Қайырбекова Назира - 3 орын. Диплом . «Көз жанарын қалай сақтауға болады?» . «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған Республикалық «Зерек» атты оқушылардың ғылыми жұмыстары сайысы. 2015 жыл
2016, «Ата мен әже –асыл қазынам» сыртқы шығармашылық байқау.Қарт адамға хат жанрындағы шығарма сайысы. «Рахмет, Сіздерге , ақ самайлы ардагерлер» Балабек Мөлдір, 3 сынып. 1 дәрежелі диплом.
Зерде бойынша аудандық жобалар сайысы Қайрбекова Назира 4 сынып, «Көз жанарын қалай сақтауға болады?» Мадақтама ІІ орын 2013-2014 оқу жылы.

----------------------------------------

«Бала айналасындағы барлық педагогикалық процесс айналып жатқан – күннің көзі». Сондықтан да әр сабақ қызыққа, жаңалыққа толы болу керек. Мұғалімнің маңызды міндеті балаларды соңынан ілестіру. Әр күн сайын сабаққа дайындалып отырғанда ертең не болар екен, сабағымды есте қалатындай қалай қызықты өткізсем екен? Әр ісім сәттілікпен аяқталып, оқушыға да сәттілік жағдайларын тудыра алсам екен деп толғанамын. Қарапайым мұғалім ғана емес, озық мұғалім болғым келетіні айқын. «Барлық бала жетістікте оқи алады, егер мектеп оқыта алса» -деген нақыл сөздер маған түрткі . (Д.Г.Левитастас) Өз жұмысыма міндетті түрде рефлексия жасап отырамын.

  • мен не істеп жатырмын?
  • не мақсатпен?
  • менің іс-әрекетімнің нәтижелері қандай?
  • бұған қалай жеттім?
  • одан да жақсы істеу мүмкін бе?
  • әрі қарай мен не істеймін?
  • Осы сұрақтарды өзіне қойып отыратын педагог үнемі дамып отырады. Үздіксіз ізденіс үстіндегі мұғалім ғана шеберлікке, табыстылыққа қол жеткізе алады.

    Менің проблемалық тақырыбым: «Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру арқылы тіл байлығын дамыту»

    Қазіргі технология дамыған заман. Оқушылардың кітап оқуы сиреп, смартфондарға қызығуы артып барады. Сондықтан да оқушының қызығушылығын арттыруда өз тәжірибемде Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйсін, ТРИЗ , СТО технологиясын, жоба әдісін кеңінен қолданамын. Әр сабағымда жеті модульді ықпалдастыра оқытуды көздеп, оқытудың белсенді әдістерін қолданып жүрмін. Әдебиеттік оқу сабақтары маған және менің оқушыларыма үнемі ізденіс, диалогтік оқу, бірлескен жұмыс. Менің ойымша оқушыны оқыту үшін ең алдымен қызықтыра білу керек және соның арқасында оқушылардың танымдылық іс-әрекеті белсендіріле түседі. Күнделікті сабақта оқытып қана қоймай оқушыларымның бойында жеке тұлғалық қасиеттерді жетілдіріп, адамгершілікке, мейірімділікке, жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке, ізденіске,бауырмалдылыққа тәрбиелеп өз елінің патриоты болып өсуіне негіз қалаймын, функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөліп отырамын.

    Менің жұмысымның қорытындысы оқушыларымның жетістіктері. Республикалық, Халықаралық, облыстық, аудандық, мектеп сайыстарына қатысуы. Оқушыларым «Кенгуру», «Вопросито» пән олимпиадаларына қатысып және «Зерде» ғылыми жобалар сайысына қатысып жетістіктерін көрсетуде. Өзім де түрлі іс-шараларға қатысып жүлделі орындарды иелендім. Облыстық көлемде іс-тәжірибемді тараттым.

    «Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек»- демекші, жаңа ғасыр мұғалімі өзіне сынай қарауды , жаңашылдыққа ұмтылуды ешқашан тоқтатпауы тиіс. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың мына бір сөздері соның айғағы:

    Жай мұғалім хабарлайды,
    Жақсы мұғалім түсіндіреді,
    Керемет мұғалім көрсетеді,
    Ұлы мұғалім шабыттандырады.