Есенғабылов Ильяс Жансеркенович

Туған күні: 11.02.1973

Туған жер: ҚазССР, Алматы облысы

Білім:
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, мамандық «Математика, физика және химия», 1995 ж.

Дәрежелер мен ғылыми атақтар:
Педагогика ғылымдарының кандидаты, 2009ж.

Қоғамдық қызмет:
«НұрОтан» партиясының белсенді мүшесі

Құрметті атағы, кәсіби марапаттары және премиялар:
Халықаралық ғылымды ақпараттандыру академиясының академигі.
Ресей жаратылыстану академиясының профессоры.
Ауғанстан соғыс ардагерлерінің «Ауғанстан Ардагерлері» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі кеңесінің 15.08.2013жылғы шешімімен, Отан қорғаудағы және жастарға патриоттық тәрбие беру жолындағы ерен еңбегі үшін Есенғабылов Ілияс Жансеркенұлы Кеңес Одағының батыры Генерал Сабыр Рақымов төс белгісімен марапатталды.
Қазақтың ұлы тұлғасы Мұхаметжан Тынышпаевтың тарихи мұрасын зерттеуге қосқан үлесі үшін Есенғабылов Ілияс Жансеркенұлы «Мұхаметжан Тынышпаевтың туғанына – 135 жыл» төс белгісімен марапатталады.
Отандық ғылымды дамытуға қосқан үлесі және ғылымды жетілдірудегі елеулі табыстары үшін И.Ж.Есенгабылов төс белгісімен марапатталады. (Центр научной мысли Россия-Запись №866 от 07.04.2016 г.)
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 45 жылдық мерей тойының қарсаңында І.Жансүгіров атындағы төс белгімен марапатталды.

Педагогикалық өтілі: 23 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1995-1996 жж. - І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, теориялық физика кафедрасының оқытушысы
1996-1997 жж. - Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті, стажер-зерттеуші
1997-2004 жж. - Орта мектеп, мұғалімі
2005-2008 жж. - I.Жансүгiров атындағы Жетiсу мемлекеттiк университетi, физика-математика факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
2008-2012 жж. - I.Жансүгiров атындағы Жетiсу мемлекеттiк университетi, математика және жаратылыстану факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары
2012 ж. наурыз-2012 тамыз - I.Жансүгiров атындағы Жетiсу мемлекеттiк университетi, ақпараттық-ресурстық орталығының директоры
2010-2013 жж. - І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы
2012 тамыз - І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, жаратылыстану-техникалық факультетінің деканы
01.2015-06.2016 - І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, тіркеу офисінің директоры
2016 жылдан - І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, жаратылыстану-техникалық факультетінің деканы

Кәсіби жетістіктер:
«Талдықорған қаласының әкімі» Құрмет грамотасы. Талдықорған, 2006 ж.
«Алматы облысы әкімінің» Құрмет грамотасы. Талдықорған, 2007 ж.
«Талдықорған қаласының әкімі» Құрмет грамотасы. Талдықорған, 2013 ж.
«Талдықорған қалалық маслихаты» Құрмет грамотасы. Талдықорған, 2013 ж.
Отандық ғылымды дамытуға қосқан үлесі және ғылымды жетілдірудегі елеулі табыстары үшін И.Ж.Есенгабылов Грамотамен марапатталады. (Центр научной мысли Россия-2016 г.)

----------------------------------------

Есенғабылов Ілияс Жансеркенұлының жалпы педагогикалық өтілі 23 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі 15 жыл.

1996-1997 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық университетінде стажер-зерттеуші болып, «Полимерлер мен композициялық материалдарды электрондармен атқылағандағы электрондардың жұтылу дозасын есептеу» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізді.

2009 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің БД-14.08.04 диссертациялық кеңесінде 13.00.02– Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру) мамандығы бойынша «Орта мектептің 5-6-шы сыныптарында математиканы оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың әдістемесі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

І.Ж.Есенғабылов осы бағыт бойынша зерттеулермен бірге математиканы, физиканы және информатиканы оқыту бойынша әлдеқайда тиімді әдістерді құруда үлкен үлес қосты. Автор математиканы тереңдетіп оқытатын мектептерде оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту үшін оқытудың интерактивті әдістерін қолдану әдістерін ұсынған.

Оның ғылыми еңбектерінің нәтижелері Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарларда талқыланып, Республикалық ғылыми журналдарда жарияланған.

Оның «Методическая система применения информационно-коммуникационных технологий в обучение физики» (Монография, Талдықорған, -2013.-252 ст.), «Қатты дене физикасы», «Методические основы развития математического мышления учащихся при решении задач в школах с углубленным изучением математики», «Физика тарихы және оның негізін қалаушылар», «Гидрогазодинамика және жылу масса алмасу»» атты еңбектері университеттің, облыс мектептері мен колледждерінің оқу процесіне енгізілген.

Сондай-ақ, Ілияс Жансеркенұлы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жаратылыстану-техникалық факультетінің деканы қызметін атқарады.

Қазіргі кезде І.Ж.Есенғабылов 70-тен аса ғылыми еңбектің, 3 оқу құралы, 1 монография, 4 оқу-әдістемелік құралдардың авторы.