Оспанова Гульмира Канабековна

Туған күні: 06.04.1970
Туған жер: ҚазКСР, Семей облысы, Аягөз ауданы, Таскескен ауылы
Білім:
жоғары, Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институты,1996 жыл
Педагогикалық өтілі: 25 жыл
Біліктілік санаты: жоғары
Еңбек қызметі:
1992 жылдан бастап осы уақытқа дейін - «Алтынсарин атындағы орта мектеп-бақша» КММ, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Кәсіби жетістіктер:
2010 ж. «Оқу және Жазу арқылы Сыни Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы бойынша Қазақстан Оқу Ассоцияциясы ұйымдастырған семинарға қатысқаны үшін куәлік
2010 ж. «Құрмет грамотасы» ШҚО білім департаменті
2013 ж. ҚР педагог кадрларының деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтағаны үшін «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ сертификаты
2012 ж. Аудандық білім бөлімінің мадақтамалары: “Үздік бірлестік-2012” ІІ орын
2013 ж. Аудандық сайыс “Үздік авторлық бағдарлама-2013” “Жаңашыл ұстаз” бағамы
2013 ж. Республикалық сайыс «Жаңа білім Жаңа ғасыр» Диплом І орын иегері
2014 ж. Халықаралық мұғалімдерге арналған “Инфоурок” жобасы орыс тілі пәнінен жүлдегерлерді дайындағаны үшін Алғыс хат
2014 ж. «ҰОс-ның 70 жылдығы» аудандық ардагерлер кеңесінің мадақтама грамотасы
2014 ж. Аудандық сайыс “Үздік панорамалық сабақ-2014” ІІІ орын
2015 ж. “Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт-2015” ІІІ орын.
2016ж. «Өрлеу» БАҰО АҚ БАИ ұйымдастырған семинарға белсенді қатысқаны үшін Алғыс хат
2017ж. Халықаралық Ресей-Қазақстан “Филолог” үштілділікке арналған жобасына орыс тілі пәнінен жүлдегерлерді дайындағаны үшін Диплом
2017 ж. Республикалық “Қазақстан ұстазы” қоғамы ұйымдастырған мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиада І дәрежелі Диплом
2015 ж. Халықаралық http://multiurok/russoved/ жеке сайтын ашу Сертификат
2015 ж. http://multiurok/russoved/ жарияланған «Среднесрочное планирование по литературному чтению»7 сынып жоспары жарияланды Свидетельство
2015 ж. http://multiurok/russoved/ жарияланған С.Есенин «Береза» 7 сынып сабақ үлгісі жарияланды. Свидетельство
2016 ж. «Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайындағы инновациялық даму мәселелері мен басылымдықтары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Сертификат
2016 ж. Республикалық ғылыми- әдістемелік «Потенциал филолога»журналында 8 сыныпқа арналған сабақ үлгісі «Служебные части речи»
2016 ж. «Ұстаз»облыстық басылымында «Эффективные приемы и методы, способствующие повышению интереса и творческих способностей» тақырыбындағы мақала жарық көрді
2016 ж.«Развитие учебно-познавательных мотивов школьников» әдістемелік құралы
----------------------------------------
Ұстаз мамандығы...Әр адамның өзінің өмірлік жолы болады, әр адам барлық өмірін сол өмірлік жолы арқылы өткізеді. Тағдырым маған өмірлік жолымда ұстаз болып қызмет етуді бұйырды. Өмірлік жолдың ұзақ сапарына ұстаздық қызметін таңдап аттандым.
Қаншама жылдың еңбек барысында, өзімнің мамандығым, өзімнің жұмысым туралы мынандай пікірге келдім: Ұстаз болып қызмет етіп қана қоймай, ұстаз болып өмір сүру керек. Балалар, оқушылар, келер ұрпақ үшін өмір сүру керек. Оларды Отанды сүюге, елін жерін сүюге, ата-анасын сүюге жалпы өмірге сүйіспеншілікпен қарауға үйрету. Олардың қызығушылығын ояту,сол арқылы өз өмір жолдарын адаспай табуға қол үшін беру.
Ұстаз болу деген қандай мамандық? Ол оқушыға білім беріп, тәрбиелеп қана қоймай, оқушымен күнделікті қарым – қатынаста болып,өзің үшін күнделікті жаңалықтар ашу. Оқушылардың білім нәрімен ой-саналары кемелдене түседі, олармен бірге мен де кемелденемін. Әлемге баланың көзқарасымен қарау тамаша дүние, баланың көзқарасымен қарау маған өте ұнайды. Баланың көзқарасы ешқандай да уайым-қайғысыз пәк көзқарас, сол арқылы шабыт алып қуаныш пен бақыт табамын. Өз оқушыларың туралы ойлау, оларды көрген сайын өмірге деген құлшыныс алу. Сыныпқа кірген сәттерде әр түрлі көзқараста отырған оқушыларды көремін. Біреуінің жанарында сақтық, біреуінде қызығушылық, енді біреулерінде – үміт, ал кейбіреуінде бейқамдылық байқалады. Олардың барлығы да әр-түрлі. Әркімнің өзіне тән ойы, өзінің ғажап әлемі бар. Ол әлемді бұзып алмай, керісінше, оданда көркейе түсуіне, ашыла түсуіне көмектесу керек. Олардың болашақта кім болары маған беймәлім, бірақ та олардың жеке тәуелсіз тұлға болуына үлес қосу керекпін.
Мұғалімнің өмірі бұл- ең алдымен шығармашылық. Бұл шығармашылық тек қажеттіліктен ғана туындамай өздігінен қалыптасып туындауы керек. Ол үшін айналаңа шуақ шашып жүрген абзал. Менің ойымша, адамды қандай да бір жоспарға негізделіп тәрбиелеген дұрыс емес, өзіңді үлгі ете отырып тәрбиелеу қажет. Менің педагогикалық философиямда осыған негізделеді. Егер де оқушының қасында өзін іштей дамытпайтын, ізденбейтін, оқымайтын, жаңашылдыққа үйренбейтін ұстаз болса ол баланың бойындағы қызығушылығын оята алмайды. Бүгінгі таңда оқушының оқуға, білімге қызығушылығын ояту мектептегі өзекті мәселе.