Айтбаева Айгуль Тилеубаевна

Туған күні: 12.11.1976

Туған жер: ҚазССР, Алматы облысы, Балхаш ауданы, Ақкөл ауылы

Білім:
Қазақтың қыздар педагогтік институты, мамандығы «Бастауыш білім педагогикасы және әдістемесі», 1997 ж.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, мамандығы «Әлеуметтік педагогика», 2004 ж.
Абай ат. Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті «Бастауыш оқыту педагогикасымен әдістемесі» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі, 2014 ж.

Дәрежелер мен ғылыми атақтар:
Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі, 2014 ж.

Қоғамдық қызмет:
Колледж кәсіподақ ұйымының төрайымы
«Жеке пәндер әдістемелері» ПЦК-ның төраймы

Құрметті атағы, кәсіби марапаттары және премиялар:
ҚР-ның «Білім беру саласының үздігі» құрметті атағымен, төс белгісінің иегері, 2017 ж

Педагогикалық өтілі: 20 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1997-2000 жж - Алматы қ. №6 ЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі
2000 ж. бері - №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінде педагогика пәнінің оқытушысы

Кәсіби жетістіктер:
Сертификаттар: «Техникалық және білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында дуалды білім беру жүйесін ендіру» 72 сағ. 2015. «Кәсіптік стандарт құрылымын оқыту бағдарламаларын жобалау технологиясы» 72 сағ. 2016. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген ҚР-да орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 120 акад.сағ.тренерлік оқыту курсы. 14.04.2017 ж)
Алғыс хаттар: Әл-Фараби ат. ҚазҰУ жалпы және этникалық педагогика кафедрасы “Жас таланттар интелектуалды ұлттың болашағы” конкурсына жоғарғы деңгейде ғылыми жетекшілігі үшін алғыс білдіреді. Алматы 2009-2010 ж; ҚР Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін алғыс білдіреді, 2012 ж;
Марапаттар: Құрмет грамотасы. №1 АҚМГПК директоры 2011ж, ҚР Білім және ғылым министрлігі Қызметкерлері кәсіподағының төрайымы М.Т.Амантаеваның «Құрмет грамотасы», 2013 ж, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы», министр А. Сәрінжіпов, 2015 ж, Алматы «Ұстаз» АҚЖКО-ның төрағасы Қ.Назарбетовтың «Құрмет грамотасы», 2016 ж., Еліміздің Тәуелсіздігіне - 25 жыл, Алматы қаласына – 1000 жыл мерей тойына орай «Ұстаз» Алматы қалалық кәсіптік одағының «Құрмет грамотасы», ҚР-ның «Білім беру саласының үздігі» құрметті атағымен, төс белгісінің иегері, 2017 ж.
Дипломдар: Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы «Үздік әдіскер» қалалық байқауының Бас жүлде иегері. 2012 ж;
«Ұстаз» Алматы қалалық кәсіподағы ұйымдастырған «Сильная первичка - сильный профсоюз» конкурсының ІІ орын жүлдегері, 2013 ж

----------------------------------------

Мен, жаңашылдыққа жаны ұмтылған қазіргі заманның жаңа формациялы педагогы ретінде шәкірттерімді қоғамның белсенді, бәсекеге қабілетті және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасап, ұжымдағы, топтағы әр тұлғаның дұрыс қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай жасауды қамтамасыз етемін. Осы мақсатқа жету үшін 2009-2013 жылдары «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты «Балдаурен» Республикалық-педагогикалық олимпиаданың БАС ЖҮЛДЕ және І орын иегерлері алған «Самрұқ», «Өрлеу», «Нұрлы жол», «Жаңа бағыт» атты білім алушылар тобының ғылыми жетекшісі болдым. Сонымен қатар, «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» атты V -VІ республикалық педагогикалық олимпиадада, Республикалық «Креатив-ревю» педагогикалық отрядтар фестиваліне студенттердің «Парадигма» тобына Бас жүлдеге ие болған (3-5 мамыр,2013ж) білім алушыларға ғылыми жетекшілік жасадым. Ал, 2012жылы Ұлттық жоба: «Қазақ мектебі», АВDІ компаниясында педагогика пәнінен жаңа буын оқулықтарына қосымша құрал ретінде «Тәрбие процесі», «Оқыту процесі», «Инновациялық педагогикалық технологиялар» атты тірек-сызбалар топтамаларының, «Педагогика» оқу құралының, «Педагогика», «Әлеуметтік педагогика», «Педагогиканың этикалық негіздері» бағдарламаларының авторы болдым. Инновациялық технологияны енгізу негізінде құзыретті, жаңа форматты маман даярлау мақсатында Республикалық білім жетілдіру институтының мұғалімдеріне арналған этнопедагогика пәнінен «Айтыс – шешендік өнердің падишасы», әлеуметтік педагогика пәнінен «Әлеуметтендірудің факторлары», педагогика пәнінен «Оқушылардың танымдық іс-әрекет нәтижесін бақылау, бағалау және есепке алудың жаңа технологиясы», өзін-өзі тану пәнінен «Адами құндылықтар аясында» тақырыбына т.б сабақтың дәстүрден тыс түрлері бойынша оқытудың репродуктивті, эвристикалық, интерактивті, коммуникативті, креативті т.б әдіс-тәсілдерін тиімді қолданып, жаңа педагогикалық технология пәнінен «Жобалау технологиясы» атты хит – сабақ және Британдық консульдығымен әріптестік мақсатында «Мұғалімдерді кәсіби дамытудың хылықаралық бағдарламасы» (ТІРD) аясында AКТІVОТЕ бағдарламасы бойынша кейс әдісін тиімді қолданып, «Абай және бала тәрбиесі» атты интеграциялық сабақ өткіздім. «OECD HEDEFLEГІ» түрік білім беру жүйесінің өкілдеріне 3 тілде ашық сабақ көрсеттім. Сонымен қатар, 2016ж. «Өзін-өзі тану пилоттық бағдарламасы» бойынша қалалық семинарда өзін-өзі танумен педагогика пәнінен «Қазақстанда білім беру жүйесі» атты жоғары деңгейде интеграциялық сабақ өткіздім. Жаңа форматты «Педагогикалық феликсология» атты мастер-класс және «Менің жұлдызды сәттерім» атты шығармашылық есеп бердім. Өз білімімді жетілдіру мақсатында: 2013ж. Болгария, Германияда «Кәсіптік және әр түрлі деңгейлі оқытудағы инновациялық білім беру технологиялары» курсы, 2017ж. Астана қ. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында. тб курстарда дәріс алып, тәжірибе алмастым.

Ұстаздың үлкен сыншысы да, бағалаушысы да оның шәкірті емес пе? Ендеше, шәкіртім Каримова Самал «Игілік» Республикалық жанұялық журналында «Ұлағатты ұстаз – күннің жарық сәулесі» атты мақаласында « ... бойындағы білімін шәкірт санасына құя білген ізгі жан Айгүл Тілеубайқызының ерекше қасиеті мен біліктілігі туралы сыр шертем» - деп, бастаған мақаласы мен үшін баға жетпес өте үлкен құрмет. Мен оны ұстаздық еңбегімнің жемісі мен мәртебесі деп білемін.

Сонымен, тұлғаны – тұлға ғана тәрбиелей алады. Бүгінгі қоғамға жаттанды кітап сөзімен тақылдап тұрған оқушы емес, өмірден алған өзіндік тәжірибесі мен білім мазмұнын толықтыра алатын білім алушы қажет, баланың оқулықта берілген мәтінмен немесе басқа да ақпараттар арасындағы байланысты орнату, мәтіндегі ойды бала ойымен толықтыру, тек баламен бетпе – бет бір емес, бірнеше 45 минуттарды бірге өткізіп отыратын мұғалімнің ісі, әр түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы қызметін жандандыру. Ұлы педагог Я.А. Коменский «Жаңа нәрсені меңгерген әр сәтіңді өзің үшін бақыт деп сана» дегендей өз мақсатыңа қол жеткізуге барлық жағдайлармен, мүмкіндіктер жасалған осындай алтын ғасырда ұстаздық жолда адал қызмет етіп жүргенімді өзім үшін бақыт деп санаймын. Ия, мен бақыттымын. Ендеше, менің шәкірттерім де бақытты. Біз бәрімізде бақыттымыз!!!.