Есенжолова Толкын Елтаевна

Туған күні: 19.12.1968
Туған жер: КазССР, Көкшетау облысы
Білім:
Щучье педагогикалық училищесі, мамандығы «Балалар бақшасының тәрбиешісі», 1990 жыл
Педагогикалық өтілі: 12 жыл
Біліктілік санаты: бірінші
Еңбек қызметі:
1990-1992 жж. - Чистяковка ауылында «Айгөлек» балабақшасында тәрбиеші
2007 жылдан бастап - Ақжар ауданы, Ленинград ауылы «Еркетай» балалар бөбек бақшасы» МКҚК, тәрбиеші
Кәсіби жетістіктер:
2011 ж. - Әдістемелік отырыстарда баяндама «Отан сүйгіштік және рухани адамгершілік тәрбие-мектепке дейнгі білім беру сапасын көтерудің кепілі»
2011 ж. - Аудандық «Нұрсұлу 2011» бас жүлде иегері
2012 ж. - Республикалық «Ypkep» IQ марафонына тәрбиеленушілерді дайындаған үшін, диплом.
2015 ж. - Халықаралық «ПОНИ» турниріне тәрбиеленушілерін дайындаған үшін, Диплом.
2016 ж. - Республикалық «Ypkep» IQ марафонына тәрбиеленушілерді дайындаған үшін, диплом.
2016 ж. - Аудандық «Қыз сыны 2016» атты I орын Мадақтама. Және Республикалық
2017 ж. - PIani.KZ Куәлігі.
2017 ж. - «ZIAT»Ғылыми-әдістемелік орталығы. «Тәлімі мол тәрбиеші ұстаз» атты VI Республикалық сайысында «Сабақтың таңдаулы конспектісі» номинация бойынша II орын.
2017 ж. - «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы. «Үлгілік сабақ» атты жинақта материал жарияланғаны үшін. Баспа туралы Сертификат
----------------------------------------
Әлемде мыңдаған мамандықтар бар. Оның барлығы қажетті де қызықты. Бірақ адам тек өзіне ғана тән, өз жүрегінің қалауы бойынша мамандық таңдауы қажет. Алайда сол мамандықтың ішінде адамды тәрбиелеу-ең жауаптысы. Себебі, әр адам-қайталанбас тұлға. Адам баласының өмірінде болуға тиіс бақыттың бірі не десек, ол-өз қалауыңмен таңдаған кәсіп, мен де өз жүрегімнің қалауы бойынша мектепті аяқтаған соң 2 жыл балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып еңбек еттім. Осындай қызығы да, қиындығы да мол мамандықты мен де таңдадым. Тәрбиешінің жұмысын ұнатып оқуға түстім. Казіргі таңда МКҚК «Еркетай» балалар бөбек бақшасында тәрбиеші болып жұмыс атқарып келемін. Сол уақыттан бастап баламен жұмыс жасаудың өзіме үлкен бақыт екенін сезіндім. Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған, өмірімнің мәніне айналған бүлдіршіндерді көремін тағы да қасымнан! Мынау менің балабақшам... Мынау менің кішкентай бөбектерім... Әр күн олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді. Мен тәрбиешімін... Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген ғана түсіне алады. Балабақша мейірім аймағы. Балабақша бізге өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге, баламен бірге балаша ойнауға, ойлауға, еркелеуге, қиял әлеміне шарықтауға, ертегілер еліне саяхат жасауға мүмкіндік береді. Біздің мамандығымыз-бұл біздің өмір жолымыз. Ол – бала жанының бағдаршысы, келешек ұрпақтың сәулетшісі.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру
Менің негізгі мақсатым балаларға жақсы көңіл-күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Тәрбие отбасынан басталатындықтан қашанда ата-анамен үнемі қарым-қатынаста болу керек.
Түрлі байқаулар, конкурстар қатысып жүрмін.
Ертеңгіліктерді ұйымдастырып оған ата - аналарды қатыстырып, балаларды қуанышқа бөлеп жүрмін.
Ғаламтордан мектепке дейінгі ұйымдардың жаңалықтармен хабарда болу, инновациялық ізденіс, тәжірибе алмасу түрлі тақырыптарда семинар, кеңестерге қатысып отыру.
Сонымен қатар өзімнің айналамдағы тәрбиешілеріме ата-агаларыма кеңес беруге, жан жақты ізденіп ақпараттар алып, көмек беруге тырысамын.
Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкен өзіңді-өзің тану. Тәрбиеші өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы баланың қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі біліммен білік бәсекелес заманды ұландарымыздың биіктен көрінуге күнделікті ісіміздегі жаңажылдығымыз арқылы жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.