Жаныбекова Жибек Казиевна

Туған күні: 04.01.1960

Туған жер: Казахстан, Костанай облысы

Білім:
Костанай әлеуметтік-техникалық университет, мамандығы «Педагогика и методика начального образования», 2005 жыл

Қоғамдық қызмет:
Қоғамдық кеңес торайымының м.а.
Жас өспірім құқық бұзушылығына қарсы жұмыс жүргізу комиссиясының мүшесі

Құрметті атағы, кәсіби марапаттары және премиялар:
«Білім беру саласының үздігі» медалі қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі Республикалық кеңес, 2017 ж.

Педагогикалық өтілі: 23 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1977-1993 жж. - Есмурза мәдени ошағының меңгерушісі
1993-2014 жж. - Есмырза бастауыш мектеп меңгерушісі және мұғалім
2014-2018 жж. - «№2 Ұзынкөл орта мектебі» КММ директоры

Кәсіби жетістіктер:
Аудан әкімі Т.Ташмагамбетовтың мақтау қағазы - 2014 жыл
Облыс әкімі Н.Садуакасовтың мақтау қағазы - 2015 жыл
Облыстық кәсіподақ торайымы З.Дельдибекованың мақтау қағазы - 2016 жыл
Авторлық лицензиядан өткен жұмыстар:
«Шағын жинақталған мектептерге арналған қазақ тілі пәні бойынша тапсырма жинағы» (3 сынып) облыстық сараптамалық кеңес - 2011ж
«Бақылау – өлшеу материал банкі» (4 сынып) «Үш қиян» Алматы қ - 2013ж
«Қазақ тілінен практикум» (оқу әдістемелік кешен) облыстық сараптамалық кеңес - 2015 ж
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың жолы ретінде бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында орфографиялық дағдыларды дамыту» (әдістемелік құрал) Мемлекеттік Ұлттық Кітап палатасы - 2017 ж
Баспасөз көзі:
«Шағын жинақталған мектептердің қиындықтары және оны шешу жолдары» - облыс журналы «Білім – Инфо» Қостанай қ - 2011 ж
«Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдер» коучинг – Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналы «Қазақстанның Білім және ғылым әлемі» Алматы қ - 2013 ж
«Сындарлы оқыту- оқу мен оқытудағы жетістіктердің тиімді стратегиясы» мақала-облыстық журнал «Қостанай Дарыны» - 2014 ж
«Жаңартылған білім беру жағдайында қазақ тілі сабақтарында айтылымға үйрету» облыстық журнал «Қостанай Дарыны» - 2017 ж
«Қазақ тілі сабақтарында оқу әрекетін ұйымдастырудағы жаңа көзқарастар» облытық журнал «Вестник- Орлеу» - 2017 ж
Авторлық өлең – Тәуелсіз еліміздің 25 жылдығына арналған «Мен елімді сүйемін» - «Қостанай облысының білім беру қызмекерлерінің кәсіподақ ұйымы» ақпараттық бюллетені - 2017 ж
Байқаулар, жетістіктер:
«Бастауыш сыныптарға арналған үздік бақылау – өлшеу материалдары банкі» облыстық деңгей – сертификат - 2013 ж
«Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы пәндер бойынша оқу материалын жоспарлаудың «Үздік әдістемелік әзірлемесі» облыстық деңгей диплом 1 орын - 2014 ж
«Шағын жинақталған мектептегі үздік сабақ» облыстық деңгей сертификат - 2014 ж
«Мамандағым – мақтанышым» эссе –республикалық деңгей – диплом 3 орын - 2016 ж
Мұқағали Мақатаевтың ән –жыр байқауы Алматы қ «Көркем сөз» номинациясы бойынша гранпри жас маман Сатпаев А.Г., «Вокал» номинациясы бойынша гранпри 10 сынып оқушысы Амангельдин Е., «Би» номинациясы бойынша 1 орын -11 сынып оқушысы Тоспаева А.А.
Өз үлесін қосқан іс – шаралар:
Облыстық интернет алқалы жиында шеберлік сынып өткіздім «Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мазмұнының ерекшелігі мен әдістемесі» - 2016 жыл
Республикалық вебинарға «Жаңартылған білім беру жағдайында қазақ тілі сабақтарында айтылымға үйрету» мақала жазылды - 2016 ж

----------------------------------------

Қиындығы мен қызығы қиылысқан мамандықты өзім таңдадым. Менің негізгі педагогикалық қағидам : әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, оның ой – пікірін ескере отырып ой бөлісу, еңбегін бағалап, шағын да болсын жетістіктерін көре біліп, бағалау және өзара сенімділікке негізделген қарым – қатынас орната білу.

Менің мәселелі тақырыбым: «Бастауыш сатыда орыс сыныптарында қазақ тілінен сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту»

Осы мәселе бойынша жұмыс атқара отырып мен үнемі өзімнің білім деңгейімді курстарға бару, өздінен ақпарат іздестіру, теорияны тәжірибемен ұштастыру арқылы көтеремін. Сабақтарда модульдік, жобалық, мәселелі, көрнекілік т.б. әдіс – тәсілдер қолданамын.

Сабақтың барысы ізденушілік, диалог және тығыз қарым – қатынаста жұмыс жүргізуге бағытталған. Қандай да сабақ болмасын оқушының қызығушылығын арттыру - басты мәселенің бірі. Өйткені, оқушының қызығушылығын арттыру - баланың бойында ізденімпаздық қасиетті қалыптастырып сабақтың барысын, өту үдерісін өнімді және тартымды қылып өткізу.

Жоғарда атап өткен жетістіктер – осы тынып таппай жасаған жұмыстардың жемісі деп білемін.

Сабақта «Көкпар», «Бәйге», «Ашық сұрақтар», «Іскерлер ойыны», «Саяхат», «Миға шабуыл», «Кім артық?» т.б. оқу ойындарын молынан қолданамын.

Сабақта басқа да жұмыс түрлерін қолданамыз –топпен, жұппен, жеке дара, ролдік т.б.

Қазіргі таңда біз жаңа ғасырда – ғылымның, техниканың, инновацияның дамыған кезеңінде өмір сүрудеміз. Сондықтан да осы игі істерді шындыққа айналдыру – ұстаздың еңбегі.