Жумабекова Алтынай Анасовна

Туған күні: 31.03.1972

Туған жер: ҚазССР, Қараганды облысы, Шахтинск ауданы, п.Шахан

Білім:
Біржан-сал атындағы Кокшетау музыкалық училищесі, хор дирижеры, музыка мұғалімі мамандығы бойынша

Педагогикалық өтілі: 24 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
1994-1995 жж. - Өнер мектебі «Қарлығаш» хор класс Айсары совхозы;
1995-2001 жж. - Орта мектепте ән күй мұғалімі Қызыл-ағаш ауылы, Айсары совхозы;
2001-2007 жж. - №2 Ленинград орта мектебі, Ленинград ауылы;
2007 ж. бастап - «Еркетай» балалар бөбек бақшасында музыка жетекшісі боп қызмет етемін.

Кәсіби жетістіктер:
Облыстық байқау Фотосәт «Біздің сүйікті балабақшамыз» номинациясының жеңімпазы ІІІ дәрежелі Диплом 2014 ж.;
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті әзірлемесі» атты облыстық байқауының «Презентацияны қолдану арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті» номинация бойынша Диплом 2014 ж.;
Аудандық «Қыз сыны» сайысында Алимова Дильназ ІІ орын иегері 2014 ж.;
Аудандық «Қыз сыны» сайысында Сейтова Зарина Бас жүлде иегері 2015ж.;
Аудандық «Қыз сыны» сайысында Бахытқан Аяулым І орын иегері 2016 ж.;
Аудандық «Қыз сыны» сайысында Чикунова Виктория Бас жүлде иегері 2017 ж.;
«Азбука.kz» халықаралық білім беру порталында тақырыбы: «Ана өмір шырағы» атты оқу материалды жарияланған үшін Сертификат 2017 ж.;
«Plani.kz» халықаралық білім беру порталында тақырыбы: «Шырша мерекесі» атты материалды жарияланған үшін Сертификат 2017 ж.;
«Шабыт» білім беру – әдістемелік орталығы «Көктемнің алғашқы мерекесі» атты республикалық сырттай өткізілген интернет-байқауында жүлдегерлерін жоғары дәрежеде дайындағаны үшін Диплом 2017 ж.;
«Шабыт» білім беру – әдістемелік орталығы «Көктемнің алғашқы мерекесі» қашықтықтан өткізілген интернет-байқауында «Музыкалық құттықтау» номинациясының жүлдегері Сейтова Зарина Бас жүлде Диплом 2017 ж.;
«Шабыт» білім беру – әдістемелік орталығы «Көктемнің алғашқы мерекесі» қашықтықтан өткізілген интернет-байқауында «Музыкалық құттықтау» номинациясының жүлдегері Абдугапарова Айым ІІ дәрежелі Диплом 2017 ж.;
«ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы «Үлгілі сабақ» атты жинақта материал жариялаған үшін Сертификат 2017 ж.;
«Шабыт» білім беру – әдістемелік орталығы «Жаңа жылдық калейдоскоп» республикалық сырттай өткізілген интернет-байқауында жүлдегерін жоғары дәрежеде дайындағаны үшін Диплом 2018 ж.;
«Шабыт» білім беру – әдістемелік орталығы «Жаңа жылдық калейдоскоп» республикалық интернет-байқауында «Менің жаңа жылдық костюмым» номинацияның жүлдегері Куликова Назым Диплом ІІ орын 2018 ж.

----------------------------------------

Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. «Еркетай» балалар бөбек бақшасында музыка жетекшісі боп қызмет етемін. Ұстаз болу – жайғана мамандық емес. Ол адам бағдарын жасаушы. Алғашқы сәбилердің сыңғырлаған күлкісі, балдай тәтті сөздері, мөлдіреген көздері бәрі – бәрі өте қызықты сәттер болды. Бала өмірдің гүлі, отбасы дәнекері, анна ғұмырының жалғасы, ең бастысы, біздің қоғамымыздың алға қарай дамытушы болашағы. Сондықтан да жас ұрпақты заман талабына сай, көздің ғана емес, көңіл қуанышы етіп тәрбиелеу – басты міндет.

Балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин «балалармен қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлесу, мағыналы сөздермен түсіндіру керек» деп кеңес береді. Ал сәби жүрегіне қонымды жауап беру үшін, мен күнделікті оқу іс - әрекеттерді шынайы, жақсы, қызықты өткізуге тырысамын. Әр оқу іс - әрекетінің сәтті шығуы бірінші кезекте, әрине, ұстаздар қауымына – өзімізге байланысты.

Бүлдіршіндерді әсемдік әлеміне неғұрлым кеңінен жақындатып өнерге баулитын кезең – балабақша уақыты. Музыка өнері-ең қызықты, ғажайып және балалармен қолайлы қарым қатынас икендігіне сенімдімін, өйткені балалар музыка оқу іс-әрекетінде қиялдайды, музыка, ертегі әлеміне барады.

Әсіресе музыка өнерімен шұғылдану баланың жеке басының жалпы дамуына жәрдемдеседі. Музыка сабақтары балаларды жан-жақты дамыту барысында көптеген мақсаттар қояды. Дәлірек айтсақ: балаларды музыка тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлілікке баулу, дыбыстардың типін түсіну және музыкаға қызығушылығын арттыру. Ән айту, музыка тыңдау, музыкалық сауат және қозғалыс (ырғақ) – музыкаға тәрбиелеудің міндетті бөлімдері. Бірге би билеп, ән айтып, ойнаймыз және тыңдаймыз. Кейде баланың табиғи дарыны кұтпеген жерде пайда болады. Үлкендерге қарағанда, бала сурет салған кезде әндетуі, кітапты қарап отырып үстелдің жанында билеуі мүмкін. Сондықтан музыка жетекшісі ретінде келешек музыкантардың қабілеттерін байқау, мен үшін маңызды. Олардың таланттарын ашу және шығармашылықты жалғастыруға мүмкіндік беруім қажет.

Музыкалық мерекелер және ойын-сауықтар («Алтын күз», «Жаңа жыл», «Наурыз мерекесі»ж.т.б.) мен ерекше музыкалық әрекеті деп елестетемін,ондағы әр бала өзін көрсете біледі және таланттарын дамытады.

Жұмысымның нәтижесі боп саналатын менің тәрбиеленушілерімнің марапаттары: Аудандық «Қыз сыны» сайысында Алимова Дильназ ІІ –орын иегері 2014ж.; Сейтова Зарина Бас жүлде иегері 2015ж.; Бахытқан Аяулым І – орын иегері 2016ж.; Чикунова Виктория Бас жүлде иегері 2017ж.;

«Шабыт» білім беру – әдістемелік орталығы «Көктемнің алғашқы мерекесі» қашықтықтан өткізілген интернет-байқауында «Музыкалық құттықтау» номинациясының жүлдегері Сейтова Зарина Бас жүлде Диплом 2017ж.;

«Шабыт» білім беру – әдістемелік орталығы «Көктемнің алғашқы мерекесі» қашықтықтан өткізілген интернет-байқауында «Музыкалық құттықтау» номинациясының жүлдегері Абдугапарова Айым ІІ дәрежелі Диплом 2017ж.;

Өз жұмысымда мен балаларды музыканы түсіну және сезінуді маңызды деп есептеймін. Шынымен музыка өнерін сүйген адам, мейірімді, шыдамды әрі ақылды болып келеді. Ол сезімтал, жақын адамдарын және қоршаған ортаны түсіне біледі. Болашақта шәкірттерімнен Қазақстан елінің жарқын да белсенді балалары болады деген үлкен үміт күтемін.