Мажитова Куралай Шохановна

Туған күні: 25.07.1979

Туған жер: Қостанай обл, Арқалық қаласы

Білім:
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, мамандық "Математика-информатика пәнінің оқытушысы", 2000 ж.

Құрметті атағы, кәсіби марапаттары және премиялар:
Қазақстан Республикасы «Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы «Жылдың үздік ұстазы» төсбелгісі. 2017 ж.

Педагогикалық өтілі: 17 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
2000-2001 ж. – Ш.Уалиханов атындағы №1 орта мектеп
2001 ж. – қазіргі уақытта – «Астана қаласы Политехникалық колледжі» МҚКҚ, арнайы пәндер оқытушысы

Кәсіби жетістіктер:
2011 ж. – Астана қаласы Білім басқармасының құрмет грамотасы. «Қазіргі заман талаптарына сай оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру мен жетілдіруде қол жеткізген табыстары, білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін»;
2012 ж. – Диплом «2011-2012 оқу жылының ең үздік сынып жетекшісі» байқауында «Студенттік өзін-өзі басқару жұмысын ұйымдастырғаны үшін». Политехникалық колледж;
2012 ж.- Диплом «Оқушылардың зерттемелік жұмыстарын жақсы ұйымдастырғаны үшін», Политехникалық колледжі;
2013 ж.- Диплом «2012-2013 оқу жылының ең үздік сынып жетекшісі» байқауының «Жұмысқа қабілетті ұжымды ұйымдастыру бойынша;
2013 ж.– Диплом ІІ дәрежелі. Оқытушылардың «Ұлағатты ұстаз» Республикалық конкурсында»;
2017 ж.– Астана қаласы Білім басқармасының құрмет грамотасы. «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстарымен астаналық білім беру саласына қосқан үлесі үшін»;
2017 ж. – Диплом І дәрежелі. Қазақстан Республикасы «Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстан 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру мақсатында білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқытушылары арасында өткен «Жылдың үздік ұстазы» атты республикалық байқауы.

----------------------------------------

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға..."
деп, Абай атамыз тегін айтпаған.

Ұстаздық бұл өмірдегі ең жақсы, ең адал, ең жауапты мамандықтардың бірі. Ұстаз әрқашанда іздену үстінде болу керек, үнемі жаңалықты ашушы болу керек, елбасымыз айтып кеткеніндей «Біздің басты байлығымыз – адам, және адамдағы бар жаксылық - мұғалімнен» біздерге қазіргі таңда үлкен жауапкершілік артылып отыр, өйткені Қазақстанның болашағы – қазіргі жас ұрпақ, ал болашақтың қандай болатынына тікелей әсер етуші біз- ұстаздармыз.

«Ұстаздық - ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, оған лайық болу - үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін. Мұғалім - мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу - абыройлы іс. Бүгінгі қоғам талабының негізгі міндеттерінің бірі қажетті білімдерді меңгеріп, оны қайталап айтып бере алумен ғана емес, сонымен бірге шығармашылықпен жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында былай делінген: “Білім беру жүйесі міндеттерінің бірі, жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту”.

Бүгінгі мұғалім өзінің инновациялық іс - әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу - тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет.

Бүгінгі күнгі әлеуметтік-экономикалық жағдайда арнайы пәндер оқытушылары қазіргі заманғы еңбек нарқына төтеп бере алатын бәсекелеске қабілетті мамандарды дайындау мақсатында оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізуі және білім алушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, меңгерген білім мен дағдыларын тәжірибеде қолдану біліктілігін дамытуы және қолдауы қажет.

Бағдарламалаудың арнайы пәндерін оқытуда жүйелік тәсіл технологиясын қолдану арқылы білім алушының білім сапасын арттырады және кәсібилілікті шыңдап, шығармашылық дағдыларын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі заманғы педагогиканың ерекшелігі - оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағдарланған жаңа білім беру технологиясын құруға ұмтылу. Осы бағытта арнайы пәндер оқытушысы болып жұмыс істеп келе жатқаныма 17 жыл. Өнегелі ұстаз - өнерлі шәкірт. Шәкірт жеңісі - ұстаз жемісі. Өзім де, білім алушыларым да қалалық, аймақтық, республикалық, онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциялардан жүлделі орындарды иеленді. Осы бағытта жұмыс істей отырып, сабақ беретін пәндер бойынша бірнеше әдістемелік оқу құралдары, зертханалық жұмыстарға арналған нұсқаулар, оқу-әдістемелік кешені дайындалды. Білім алушылардың арнайы пәндерге деген танымдылық белсенділігі мен қызығушылығы артты, әр түрлі қалалық конференциялар мен көрмелерге қатысып, жетістіктерге қол жеткізді.

Болашақта өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтар өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой - пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Біздің болашағымыз білікті де білімді жастардың қолында десек, сол жастарды дайындау біздің қолымызда. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда шәкірт бойына білімді сіңіру – әрбір ұстаздың міндеті деп ойлаймын.

Ендеше «ел келешегі - ұстаз қолында»- деген тұжырымды баса айта отырып, өнімді шығармашылықты өрістету жолында өркениет шыңына ілгері, басу мақсатында шебер ұстаздарымыздың саны жыдан жылға, арта берсін деген тілек білдіремін.