Купеева Алия Кайргожаевна

Туған күні: 21.02.1975

Туған жер: Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы

Білім:
Ш. Уалиханов атындағы мемлекттік университет

Дәрежелер мен ғылыми атақтар:
А. Байтұрсынов атындағы төс белгі «За вклад в дело просвещения»

Педагогикалық өтілі: 25 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
1993-2009 жж. - Зеренді ауданы Жолдыбай орта мектебі, география пәні мұғалімі
2009 жылдан бүгінгі күнге дейін - Көкшетау қаласының «№2 орта мектеп-лицейі» КММ, тарих және география мұғалімі

Кәсіби жетістіктер:
Грамота ҚҚ Халықаралық экология, инженерия және педогогика ғылым академиясы Астана қаласы, 2017 жыл;
Алғыс хат Облыстық білім басқармасы 2017 жыл;
Алғыс хат Республикалық Ғылыми-әдістемелік орталық «Просвещение» Астана қаласы 2017 жыл;
Диплом «ZIAT» Ғылыми–әдістемелік орталығы 2016 жыл;
Кұрмет грамотасы Қалалық кәсіподақ ұйымы 2015 жыл;
Диплом «Инновационные методы совершенствования научного и образовательного потенциала в процессе» Украина, Киев қаласы;
Алғыс хат Академия «Көкше», 2016 жыл;
Алғыс хат Академия «Көкше», 2015 жыл;
Алғыс хат мектепішілік 2014, 2015, 2016, 2017 жыл.
2015жыл Көкше Академиясында өтілген Өлкетану ІІ олимпиадада 9 сынып оқушылары ІІІ орынға ие болды.
2017 жыл География пәніне жаңа формат бойынша ҰБТ-ге арналған тест тапсырмасы;
«Жаңа сипаттағы -жаңа Қазақстан: Тәуелсіздікке 25 жыл»тақырыбында облыстық ғылыми практикалық конференциясының материалдар жинағы «Мәңгілік Ел» идеясының «Түрік-бірлік» идеясымен байланысы;
2016 жыл «Жер тану» атты бағдарлама, 10 сынып
2015 жыл Географиялық 6-7 сыныптарға арналған диктанттар жинағы жарық көрді.

----------------------------------------

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,
өйткені мұғалім – мектептің жүрегі
Ыбырай Алтынсарин.

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Мұғалім мамандығын таңдап тер төгіп еңбек еткеніме 24 жыл өтіпті. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.

Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқытудың көптеген жаңа әдіс-тәсілдерін алып, өз іс-тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын. «Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың субъективті ұстанымдарын дамыту» атты әдістемелік-шығармашылық тақырып бойынша және bilimland.kz сайтымен жұмыс атқарып жүрмін.

Мұғалім өз шығармашылығы арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады. Ал менің мақсатым – оқушыға оқу үрдісін ұйымдастыру барысында шығармашылықтың маңызын білдіру, баланың басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу.

Осылайша,географияны оқытуда оқушының шығармашылығын дамыту жолын оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға бағыт беретін білім технологияларын қолдану арқылы дамыту керек деп білемін.

Оқушылардың шығармашылығын дамытуда тек компьютерлік технологиялармен шектеуге болмайды, өйткені адам ақпаратты басқа көздерден де – баспа беттерінен, аудио – бейне құралдарынан алады. Алайда бүгінгі күні, әрине, басымдылық пен маңыздылық компьютер мен коммуникация құралдарына беріліп отыр. Өзім география сабақтарында интернеттің көмегімен оқытудың жаңа құралы ретінде оқушылардың жеке қажеттіліктері мен қабілеттерін ескере отырып, олардық ақпараттық – коммуникативтік және шығарамашылық іс-әрекетін ынталандыруға үлкен септігін тигізетін біркелкі емес дидактикалық жағдайларды ұйымдастыра аламын.

Әрине, бұл жұмыстарымда кемшілікетер де жоқ емес. Сондықтан келешекте өз әдістемелік технологияларын мен сабақ үйрету шеберлігімді жетілдіру үшін мынандай жұмыстар жүргізу қажет деп білемін:

  • үздіксіз білімділігімді көтеріп отыру;
  • арнайы әдебиеттер оқу;
  • оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын енгізіп отыру;
  • өзіндік сарап жүргізу арқылы ұстаздық шеберлікті жетілдіру.
  • Қалай болса да география сабағында оқу сапасын арттыру арқылы оқушылардың дамуына ықпал ету – әрбір мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігіне тікелей байланысты деп айта аламын.