Мухаммедия Самал Ескендировна

Туған күні: 30.06.1979

Туған жер: ҚазССР, Қарағанды облысы, Егіндібұлақ с.

Білім:
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, мамандық «Кәсіби оқыту (информатика және ЕТ профилі)», біліктілік «Инженер-педагог, жалпы техникалық пәндер және пәндер профилінің оқытушысы», 1995 ж.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті РМКҚ, мамандық «Ақпараттық жүйелер», біліктілік «Ақпараттық жүйелер бакалавры», 2007 ж.

Құрметті атағы, кәсіби марапаттары және премиялар:
Қазақстан Республикасы «Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы «Жылдың үздік ұстазы» төсбелгісі. 2017 ж.

Педагогикалық өтілі: 18 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1999-2006 жж. – М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы
2006 ж. - қазіргі уақытта – «Астана қаласы Политехникалық колледжі» МҚКҚ, арнайы пәндер оқытушысы

Кәсіби жетістіктер:
2012 ж. – Алғыс хат. ТжКБ студенттерінің Репсубликалық техникалық шығармашылық көрмесін дайындауда шығармашылық танытқаны үшін.
2012 ж. – Алғыс хат. «Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің Астана қаласы Әкімдігімен бірлесе отырып ұйымдастырған колледж оқушылары арасында өткен ең үздік ғылыми жұмыстардың қалалық конкурсына қатысқан 4 курс студенті Мадияр Шакеновтың дайындығына елеулі үлес қосқаны және ғылыми жұмысына жетекшілік еткені үшін»
2012 ж. – Алғыс хат. «Тәуелсіз Қазақстан: дамуы, қазіргі кезеңі және болашағы» ІІІ аймақтық студенттік ғылыми-практикалық конференциясына белсенді қатысқаны үшін.
2013 ж. – Диплом. «Үздік топ жетекшісі -2013» ІІ орын. Политехникалық колледж.
2014 г.– «ҚР-да техникалық және кәсіптік білім жүйесінде мамандарды даярлауға заманауи қарым-қатынас» Астана қаласы колледждерінің арнайы пән оқытушыларына және өндірістік оқыту шеберлеріне арналған қалалық ғылыми-практикалық конференциясы. «Тұран» колледжі. ІІ орын.
2015 ж. – Алғыс хат. «ҚР Тәуелсіздік күні, КТБб саласының 75 жылдығы және ТжКБД және ББРҒӘО 10 жылдығына орай, Тәуелсіз еліміздің рухани және әлеуметтік даму жолында техникалық және кәсіптік білім саласын дамытуға сіңірген белсенді қызметіңіз, техникалық және қызмет көрсету еңбегінің жоғары білікті, бәсекеге қабілетті кадрларын даярлауға қосқан зор үлес үшін».
2017 ж. – Благодарность. «За подготовку учащихся к научно-практичесой конференции «ЕХРО-2017». Республиканский информационно-методический центр «Просвещение».
2017 ж. – Құрмет грамотасы. Астана қаласы білім Басқармасы. Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен астаналық білім беру саласына қосқан үлсі үшін.
2017 ж. – Диплом І дәрежелі. Қазақстан Республикасы «Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев-тың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстан 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру мақсатында білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқытушылары арасында өткен «Жылдың үздік ұстазы» атты республикалық байқауы.

----------------------------------------

«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ол жас ұрпақтың тағдыры – ұстаз қолында» - деп Елбасымыз айтқанын ескерсек, еліміздің білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Ғылымның соңғы жаңалықтарын күнделікті сабақтарымда пайдалануды мақсат етіп қойдым. Еңбек еткен он сегіз жыл педагогкалық өтілімде осы мақсатымды нақты ұстанамын. Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың пәніме қатысты элементтерін сабақ жоспарыма енгіздім.

Жаңашыл ұстаз ешнәрсені назардан тыс қалдырмай, білім алушыны білдірмей жетелейді, байқатпай бағыт - бағдар береді. Сондықтан әр кез ізденуден жалықпаймын. Еңбегім де жеміссіз емес. Өзім де, білім алушыларым да қалалық, аймақтық, республикалық, онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциялардан жүлделі орындарды иелендік. Мәселен, Мадияр Шакеновтың дайындығына елеулі үлес қосқаны және ғылыми жұмысына жетекшілік еткенім үшін, сол сияқты, Гаухар Жұмаханованың да онлайн ғылыми-тәжірибелік конференцияда өзін үздік көрсеткені үшін Алғыс хаттармен марапатталдым.

Бүгінгі оқу үрдісінің сұраныстарына сай педагогикалық шеберлік қажет. Ал, педогогтік шеберлік –үйрену, ізденудің нәтижесі. Ұстаз шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ. Барлығы да өзімізге, жаңашылдығымызға байланысты. Менің зерттейтін әдістемелік тақырыбым: «Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы білім алушылардың ақпараттық мәдениетін көтеруге ықпал ету». Сабақ барысында түсіндірмелі – иллюстративті, жобалау, мәселелі-ізденісті, танымдылық әдістерін қолданамын. Сол сияқты, оқытудың топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлерімен жұмыс жасаймын.

Қорыта келгенде айтарым, қытай ғұламасы Конфуций: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң-үйренемін» -дегендей білім алушының өз бетімен ой қозғауына, ізденуіне бағыт бағдар беріп отырамын. Әрдайым жаңашылдыққа ұмтылып, ізденудемін, шығармашылыққа баса назар аударамын.