Сейтова Копей Байхабылқызы

Туған күні: 01.02.1965
Туған жер: Ресей, Омбы облысы
Білім:
Щучье педагогикалық училищесі, мамандығы «Мектепке дейінгі балалар тәрбиешісі», 1985 жыл
Қоғамдық қызмет:
мектепке дейінгі ұйымда шығармашылық тобының жетекшісі
Педагогикалық өтілі: 23 жыл
Біліктілік санаты: жоғары
Еңбек қызметі:
1985-1999 жж. - Кокшетау облысы, Ленин ауданы, Горький ауылы, тәрбиеші 2007-2018 жж. - Ақжар ауданы, Ленинград ауылы, «Еркетай» балалар бөбек бақшасы» МКҚК, тәрбиеші
Кәсіби жетістіктер:
Республикалық «Үлкер» марафонына жүлдегерлер мен женімпаздарды дайындаған үшін, Диплом 2014 ж.
Халықаралық ПОНИ турниріне жүлдегерлер мен женімпаздарды дайындаған үшін, Диплом 2014 ж.
Республикалық «Үлкер» марафонына жүлдегерлер мен женімпаздарды дайындаған үшін, Диплом 2015 ж.
Мектепке дейінгі ұжымдағы тәрбиешілердің арасында «1 қыркұйек» Республикалық байқауына қатысқан үшін, Сертификат 2015 ж.
Республикалық (сыртай) облыстық кезеңіне «Ұлы дала ұрпақтары» атты фестиваліне қатысқан үшін, Мадақтама 2016 ж.
«Тіуелсіздік жолдарындағы Солтүстік Қазақстан обылысының білім беру жүйесінің дамуы» Облыстық ғылыми-практикалық конференциясында педагогикалық тәжрибені ұсынған үшін, Сертификат 2016 ж.
«Педагогтардың БАҚ-пен жұмыс жасауы» атты тренингінен өткен үшін, Сертификат 2017 ж.
«Азбука. кz» халықаралық білім беру порталында «ТРИЗ ойындары» атты оқу материалы жарияландғандығын растайтын, Сертификат 2017 ж.
Piani. kz «Жаса менің Қазақстаным!» атты оқу материалы жарияландғандығын растайтын, Куәлік 2017 ж.
VIDEOUROKI. «Үй құстары» атты оқу материалы жарияландғандығын растайтын, Куәлік 2017 ж.
«Шабыт» білім беру-әдістемелік орталығы өткізілген
байқауында жүлдегерін жоғары дәрежеде дайындаған үшін, Диплом 2017 ж.
«ТРИЗ ойындары арқылы балалардың шығармашылық қиялын дамыту» - әдістемелік құрал жарияланды, 2017 ж
«Шабыт» білім беру-әдістемелік орталығы өткізілген интернет-байқауында «Алақанмен сурет саламыз» наминациясының жүлдегері Диплом ІІІ дәрежелі.
«ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы «Үлгілі сабақ» атты жинақта материал жарияланғанын растайтын, Сертификат 2018 ж.
----------------------------------------
Мамандық тандайтын өте маңызды кезең туындайды. Әлемде мыңдаған кәсіп түрлері бар, таңдау әрине қиын. Мен әлемдегі ең мейрімді, өте керемет, қызықты да, жауапты мамандықты тандадым. Бұл тәрбиеші.
Балабақшада жұмыс істей бастағанан жан дүнием мен сездім, мен үшін бұл тек жай мамандық немесе жұмыс емес. Әр адам өз өмір жолын өзі таңдайды.
Мен балаларды жанымдай жақсы көремін... Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олардың жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады. Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы...
Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады.
Әрбір оқу әрекеттерім жас бүлдіршіндер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, өзім сол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай боламын. Әр күннің сәтті шығуы, әрине өзіме байланысты
Өз педагогикалық тәжірибемде, қандай білім беру саласында болмасын әр жұмыстың тартымды, сәтті шығуы тәрбиешінің бала назарын еріксіз оқу іс - әрекетіне аударту, баламен оқу іс - әрекеті үстіндегі әрбір қарым - қатынасты шебер ұйымдастыра білуіне байланысты екеніне көзім жетіп жүр. Жұмысымның негізгі бөлімдерінде жана технологияларды қолданып ғана қоймай әр әрекетімді тың идеяларға толтыруға тырысамын.
Мен 2014 жылдан ТРИЗ бойынша жұмыс істеймің.ТРИЗ технологиясы бұл қызықты
әдіс – тәсілдер жүйесі, балалардың қиялдық ойлау жүйесі дамып, ой –өрістерінің толығуына көп пайдасы барын практика жүзінде дәлелденді.
Мен ТРИЗ технологиясының элементтерін, ойындарын күнделікті ұйымдастырылған оқу іс – әрекетімде пайдаланамын. ТРИЗ технологиясындағы көп топтамалық ойындардың ішінде мына ойындарды балалармен ойнауға тиімді деп таңдап алдым: «Ойлан, тап», «Жақсы – жаман», «Поезд», «Затты сипатта», «Сөйлем құрастыр», «Ия, жоқ», «Артық затты тап», «Сиқырлы алақан», «Не береді?», «Пішінді көзәйнек», «Бір сөзбен ата», «Бейне құрастыр», «Сиқырлы дүрбі», «Не артық?», «Сиқырлы доп» т.б. ойындар.
Балалабақшада әдістемелік отырыста «ТРИЗ» технологиясы тақырыбына баяндама оқыдым, аудандық дөнгелек үстелде Триз бойынша мастер-класс көрсетім.
«Тәуелсіздік жолдарындағы Солтүстік Қазақстан обылысының білім беру жүйесінің дамуы» Обылыстық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып «ТРИЗ ойындары» тақырыбы бойынша педагогикалық тәжрибемен бөлістім.
2017ж «ТРИЗ ойындары арқылы балалардың шығармашылық қиялын дамыту» -әдістемелік құрал шығарып «Шығармашылық педагог» ретінде облыстық базаға енгізуіне ұсыныс алдым.
Басты сұрақ, өз таңдауымды дұрыс жасадым ба? Енді міне 23 жыл артта қалған соң, мен сеніммен айта аламын.
Сүйікті өз жұмыс орнымды таптым, бұл мен үшін бақыт, күн сайын бақытты бала қуанышын сезіну, балдай тәтті сөздерін есту, сағат сайын минут сайын қоятын сұрақтарына жауап беру.