Таджибаева Айжан Кенжебекқызы

Туған күні: 08.03.1969

Туған жер: ОҚО Ордабасы ауданы

Білім:
Қазақ-Түрік университеті, бастауыш сынып педогогикасы мен методикасы, 1993 ж.

Құрметті атағы, кәсіби марапаттары және премиялар:
Елеулі еңбегі үшін «Ы. Алтынсарин» төс белгі, 2017 ж

Педагогикалық өтілі: 30 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
№75 мектеп-гимназиясының директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Кәсіби жетістіктер:
«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Білім беру жүйесін жаңарту мен жаһандану үдерісі жағдайында мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудегі өзекті мәселелерді шешу жолдары» тақырыбында облыстық ғылыми –практикалық конференцияда баяндама жасап, мақтау қағазымен марапатталып, мақаласы кітапта жарық көрді. 2014 ж. «Өрлеу»
«Білім берудің инновациялық стратегиясы - мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбында өткізілген тамыз педагогикалық оқунда құнды баяндама жасап мақтау қағазымен марапатталды. ҚББ. 2014 ж
Шымкент қалалық мәслихат хатшысы Н.К. Бекназаровтың алғыс хатымен марапатталды. 2012 ж
Әл-Фараби аудан әкімінің Н.Н. Иманқұловтың мақтау қағазымен марапатталды.
Білім беру жүйесін модернизациялаудағы проблемалар мен шешімдер тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасап мақтау қағазымен марапатталды және кітапта мақаласы жарияланды. 2012 ж. «Өрлеу»
«Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары бастауыш сынып оқушыларының тиімді құзіреттіліктерін дамыту негізі ретінде» тақырыбында тамыз кеңесінде құнды баяндама оқып мақтау қағазымен марапатталды. 2015 ж
Щучье қаласында өткен «Зерде» оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың VІІІ республикалық конкурсына оқушысы Сейіт Нұрасыл ІІ дәрежелі дипламмен марапатталды. 2013 ж. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталық
Жылда өтетін республикалық қашықтық олимпиадасына үзбей қатысып сертификаттармен марапатталып отырады. 2013, 2014 ж

----------------------------------------

№75мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Таджибаева Айжан Кенжемырзақызы 08.03.1969 жылы Ордабасы ауданында дүниеге келген. 1988- 93 жылдар аралығында Қазақ-Түрік университетінің бастауыш сынып педогогикасы мен методикасы факультетін бітірді. Еңбек жолын қала мектептерінде бастап, бүгінгі таңда №75 мектеп-гимназиясының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызыметін атқарып келеді. Осы жылдар ішінде Айжан Кенжебекқызы көптеген жетістіктерге жетті. Ол алғашқылардың қатарында АКТ-ны меңгеріп өз білімін шыңдай түсті. Үш деңгейлік курстың бірінші (ілгері) деңгейін жоғары көрсеткіште бітірді.