Тауекелова Алтыншаш Қизатқызы

Туған күні: 08.12.1974

Туған жер: КазССР, Көкшетау облысы

Білім:
Шортан педагогикалық колледжі, мамандығы «Мектепке дейінгі тәрбиелеу», 1995 жыл
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, мамандығы «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», 2011 жыл

Қоғамдық қызмет:
Мектепке дейінгі ұйымда әдістемелік бірлестігінің жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 10 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
2007-2011 жж. - Ақжар ауданы, Ленинград ауылы «Еркетай» балалар бөбек бақшасы» МКҚК, тәрбиеші
2011-2018 жж. - Ақжар ауданы, Ленинград ауылы «Еркетай» балалар бөбек бақшасы» МКҚК, балабақша әдіскері

Кәсіби жетістіктер:
Облыстық «Күн шуағы жерді аялайды» атты сурет байқауының қатысушысы, Сертификатпен марапатталды, 2013 ж.
Облыстық сыртай өткізілген «Қысқы ертегі» атты байқауының жеңімпазын дайындаған үшін Дипломмен марапатталды, 2013 ж.
Республикалық мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілердің арасында өткізілген «Сиқырлы Жаңа жыл» тақырыбында байқауының қатысушысы, Дипломмен марапатталды, 2014 ж.
Мектепке дейінгі мекеме әдіскерлерінің «Заттық дамытушы орта қалыптастыру арқылы «Мәнгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру» тақырыбындағы облыстық семинарының қатысушысы, сертификатпен марапатталды, 2015 ж.
«Білім беру ұйымының әдіскері» республикалық білім беру парталында оқу материалы жарияланды, 2017 ж.
«Бүгінгі мектепке дейінгі тәрбие және білім мәселелері» атты аудандық семинарды жоғары деңгейдегі ұйымдастырганы үшін Дипломмен марапатталды, 2017 ж.
«Азбука.kz» халықаралық білім беру парталында «Тәуелсіз елім-Қазақстаным» атты тақырыбына оқу материалы жарияланды, 2017 ж.
«PLANI.KZ» республикалық білім беру парталында оқу материалы жарияланды, 2017 ж.

----------------------------------------

Балабақша әдіскері – жай ғана мамандық емес. Ол – бала жанының бағдаршысы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Бұдан әдіскер мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігін аңғаруға болады. Ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу ісі кәсіби біліктілік пен білімділікті, ізденімпаздық пен жауапкершілікті талап етеді.

Мен өз қызмет жолымды Солтүстік Қазақстан облысында,Ақжар ауданы,Ленинград ауылы МКҚК «Еркетай» балалар бөбек бақшасында тәрбиеші қызметінен бастадым. Сол уақыттан бастап баламен жұмыс жасаудың үлкен бақыт екен сезіндім.Ал қазір мен «Мектепке дейінгі мекеме әдіскерімін».

Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамдағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын.

Менің өмірдегі ұстанымым:

-көмек сұрағандарға көмек беру.

-өз сезімімді жасырмай, оны бақылай алу

-өзгелердің пікірін сыйлай білу

-тыңдай білу, тыңдата алу

-жаңалыққа жақын жаңашыл әдіскер болу.

Қол жеткізген жетістіктерім де аз емес: Мектепке дейінгі мекеме әдіскерлерінің «Заттық дамытушы орта қалыптастыру арқылы «Мәнгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру» тақырыбындағы облыстық семинарға қатысып, сертификатпен марапатталдым. «Білім беру ұйымының әдіскері» Республикалық білім беру парталында «Мектеп жасына дейінгі балаларды танымдық-тілдік дамыту»оқу материалы жарияланды. «Бүгінгі мектепке дейінгі тәрбие және білім мәселелері» атты аудандық семинарды жоғары деңгейдегі ұйымдастырганы үшін дипломмен марапатталдым.

Біздің балабақшада төмендегідей формада мамандардың шеберлігін арттыру жұмыстары жүргізіледі:

1. Педагогтарды міндетті біліктілік арттыру курстарына жіберіп, білімдерін жетілдіру.

2. Түрлі байқаулар, конкурстар ұйымдастыру. Оған ата - аналарды қатыстырып, балаларды қуанышқа бөлеу.

3. Ғаламтордан мектепке дейінгі ұйымдардың жаңалықтармен хабардар болу, инновациялық ізденіс, тәжірибе алмасу түрлі тақырыптарда семинар, кеңестер өткізіп отыру.

4. Шығармашылық топ құру.

Балабақшадағы оқу тәрбие процесіне қатысты заманауи технологияларды ендіру жолдарын қарастыру. Бұл топқа білікті педагог кадрлар кіреді. Білікті педагогтармен бірлесе отырып жас мамандармен де жұмыстар жүргізу жүйелі жолға қойылған. Жас мамандарға аға тәрбиешілер бекітіліп берілген.

Сонымен қатар өзімнің айналамдағы тәрбиешілеріме кеңес беруге, жан жақты ізденіп ақпараттар алып, оларды балабақша тәжірбиесінде кадрларымның қолдану жолдарын іздестіремін.