Турашева Жаннат Абухановна

Туған күні: 21.05.1960

Туған жер: Қазақ ССР Семей облысы

Білім:
Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институты, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы, Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, 1982 жыл

Педагогикалық өтілі: 35 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1982-1994 жж. - Шар ауданы, Көшек орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
1994-2006 жж. - Салкынтөбе ауылы Жарма ауданы, Маяковский атындағы негізгі мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі
2006 жылдан осы уақытқа дейін - Семей қаласы, Евразиялық технико-гуманитарлық колледжі, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы және колледж әдіскері.

Кәсіби жетістіктер:
ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің Алғысы, 2017ж
Қазақ тілінен өткен облыстық олимпиадада жүлдегер (II орын) дайындағаны үшін Алғыс хат, 2017ж
Облыстық «Жас айтыскер» сайысында Бас жүлдегер дайындағаны үшін ШҚО Білім Басқармасы Алғыс хаты, 2016ж
Колледждің 15 жылдық мерейтойына байланысты колледждің оқу-әдістемелік жұмыстарының өркендеуіне қосқан үлесім үшін Құрмет грамотасы, 2015ж.
«Әдістемелік кабинет қызметінің негізгі бағыттары»тақырыбында әдіскерлердің қалалық әдістемелік семинарын өте жақсы өткізгенім үшін Семей қаласы колледж әдіскерлері комиссиясы төрағасының Мақтау қағазы, 2015ж
Қалалық колледж әдіскерлері комиссиясының жұмыстарына белсене қатысқаным үшін комиссия төрағасының Мақтау қағазы, 2015ж
«Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша облыстық олимпиаданы ұйымдастырып өткізгенім үшін ШҚО ТжКББ орталығының Мақтау қағазы, 2014ж.
Семей қалалық орталықтандырылған кітапханасы директорының Алғыс хаты, 2013ж.
«Әдістемелік жұмысты жүргізу іс-тәжірибемнен» тақырыбындағы әдіскерлердің қалалық әдістемелік семинарын өткізгенім үшін Семей қаласы колледж әдіскерлері комиссиясы төрағасының Алғыс хаты, 2012ж
«Өрт қауіпсіздігі» мамандығының Типтік оқу бағдарламасын әзірлеудегі еңбегім үшін колледж директорының Мақтау қағазы, 2011ж.
Жас ұрпақты тәрбиелеудегі жемісті еңбегім үшін колледж директорының Мақтау қағазы, 2010ж.

----------------------------------------

Менің осы мамандықты таңдауым отбасылық әулетке байланысты десем де болады. Әке-шешем де ұстаз болған адамдар. Әкем – Хасенов Абухан Абыралы елінің тумасы Семей полигонының әсерінен (1964 жылы) ерте дүниеден өтті. Анам –Имашева Майра Семей облысы Жарма ауданы Белтерек ауылында бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етті, Қазақ ССР Білім беру ісінің үздігі болды. Мен де осы қадірлі мамандықтың жүгін арқалап, Абай атамыз: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей , шәкірттеріме білгенімді үйретіп келемін.

Менің әдістемелік тақырыбым: « Жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сапалы білім беру». Сабақ барысында оқытудың ақпараттық технологиясын, М. Жанпеисованың модульдік оқыту , И. В. Занковтың дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологияларын жиі қолданамын. Мемлекеттік тілдің жанашыры ретінде түрлі колледжішілік, қалалық, облыстық іс-шаралар өткізіп тұрамын. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» тақырыбында колледжішілік білім сайысын, «Ана тілі-асыл мұра» атты интелектуальдық ойын, 2008 жылы өзге ұлтты студенттер арасында «Тіл-достықтың кепілі» атты қалалық конкурс, 2017 жылы ҚР «Тіл туралы» Заңының 20 жылдығына орай өзге ұлт өкілдері арасында «Тілге құрмет, елге құрмет» атты облыстық конкурс өткіздім. Сондай-ақ, 2010 ж «Абай мен Гете Евразиялық тұжырымдама контексінде», 2015 жылы «Абай жаһандану әлемінде» атты халықаралық ғылыми зерттеу конференцияларына қатысып , баяндамаларым жинақта басылды. 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап «Ұлы Жеңістің ұлылығы» атты қалалық іздену-зерттеу конференциясын, 2011 жылы Тәуелсіздіктің 23 жылдығына орай «Мен-Тәуелсіздік құрдасымын» атты қалалық сайыс өткіздім. Әдіскер ретінде екі рет (2012, 2015жж) қала әдіскерлеріне арнап «Әдістемелік жұмыс жүргізу іс-тәжірибемнен», «Әдістемелік кабинет қызметінің негізгі бағыттары» тақырыптарында қалалық семинарлар өткіздім. Жас мамандарға арнап әртүрлі тақырыпта семинарлар өткізіп, оқу-әдістемелік көрме ұйымдастырдым. Өз іс-тәжірибемді тарату мақсатында оқу-әдістемелік материалдарымды республикалық, облыстық, қалалық басылымдар мен интернет-сайттарына жариялап тұрамын.