Чиющалинова Карлыгаш Елюбаевна

Туған күні: 16.09.1964

Туған жер: Семей облысы Шаған қаласы

Білім:
Жоғары, «Семей Шәкәрім атандағы мемлекеттік педагогикалық институт»

Қоғамдық қызмет:
Аймақтық олимпиадада комиссия мүшесі, төрағасы
Қалалық олимпиадада комиссия мүшесі
ҰБТ –де апелляциялық комиссия мүшесі тарих пәнінең
Қалалық олимпиадада комиссия мүшесі
Қазақстан тарихы пәнінен қала мектептері оқушыларына сабақ өткіздім
Автокеруенмен облыс көлемінде Шубартау, Аяқөз, Ұржар ауданы ауылдарында шеберлік - сынып , зияткерлік сайыс өткіздім
Тарих кафедрасының жетекшісі қызметін атқардым
Мектепішілік сайыстарда комиссия төрайымы, мүшесі.
Мектепішілік іс шараларға қатысу, дайындау, өткізу, көмектесу.

Педагогикалық өтілі: 31 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Кәсіби жетістіктер:
Марапаттарым
2007 ж «Қалалық дебат орталығы белсене қатысып жақсы топтарды дайындағаны үшін» Алғыс хат
2008 ж «За добросовестный труд и активную жизненую позицию» Почетная грамота Мектепішілік профкомнан
2008 ж «За творческий вклад и активное участие в работе с подрастающим поколением» Грамота
2008 ж «Қалалық пікір- сайыста жақсы топтар дайындаған үшін» Мақтау қағазы
2009 ж «Қазақстан Республикасы мектептерінде білім сапасын басқару»атты Халықаралық ғылыми-практикалық семинардағы мазмұнды баяндамасы үшін Өскемен мадақтама ШҚО БАИ директоры: С.З.Байхонова
2009 ж «Шығыс Қазақстан облысының үздік мұғалімі-Семей мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі» облыстық конкурсына белсенді қатысқаны үшін берілді» сертификат ҚР СМПИ Ректоры М.Ғ.Ескендиров
«Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы беттерінде өзінің шығармашылық ізденімпаздығын дамыту жолдарындағы еңбектері үшін редакция алғыс білдіреді мақтау қағазы Бас редакторы: Әзімханова Т.О.
2009 ж « Шығармашылық жетістіктері, егеменді Отанымыздың болашақ буынын тәрбиелеу ісіне қосқан қомақты үлесі үшін марапатталды грамота Білім бөлімінің бастығы М.Дүйсенбаева
2011 ж «Дарынды, қабілетті балалармен жұмыстың үздік авторлық бағдарламалары байқауында ІІІ орын алғаны үшін марапатталады» грамота Білім бөлімінің бастығы М.Дүйсенбаева
11.05.2012 ж Семейдің облыстық Тарихи -өлкетану музейінде өткен «Қазақ халқы этнография сының білгірі» алғыс хат.
2011 желтоқсан 2013 ж наурыз 2014 ж қазан Қалалық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің Құрмет грамотасы
2012 ж «Дебат технологиясы бойынша дарынды, оқушыны қалыптастыру мақсатында жеке жұмыс түрлерін ұйымдастыру жолдары» конкурсында І орын алғаны үшін марапатталады» грамота мектеп директоры Г.Б. Оразбекова
2012 ж Семейдің облыстық тарихи - өлкетану музейінде өткен «Қазақ халқы этнографиясының білгірі» сайысын ұйымдастыруға белсене атсалысып, жас буынды туған елін, жерін, салтын сүюге тәрбиелеудегі зор еңбегі үшін алғыс хат Семей облыстық тарихи - өлкетану музей директоры Б.Н. Теміров
2013 « Шығармашылық жетістіктері, егеменді Отанымыздың болашақ буынын тәрбиелеу ісіне қосқан қомақты үлесі үшін марапатталды» Құрмет грамотасы Семей қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.А Қусаинова
2013 «Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі ерен еңбегі үшін марапатталады» грамота мектеп директоры Г.Б.Оразбекова
2012 ж, Алматы: «Ғылым» баспасынан шыққан «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» атты Жинаққа ҚР Білім беру жүйесінің үздік қызметкері ретінде енгізілді. Алматы: «Ғылым» баспасы«Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» атты Жинақ ҚР Білім беру жүйесінің үздік қызметкері
2014 «Білімді шәкірт даярлаған білікті кәсіби деңгейіңізге зор ризашылық білдіреміз» Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі кәсіби конкурстарда, ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық кеңестерде қатысуы
2012 ж қараша «Ең үздік әдістемелік құрал» конкурсында - І орын Грамота
2012 жыл «Үздік тарих кабинеті» Грамота
2012 жылы СМПИ ББ Мұғалімдердің инноваиялық жобаларының облыстық конкурсына қатыстым Сертификат
2014 г. МЭСИ участие в Международном Мастер –классе на тему : «Роль преподавания общественных дисциплин в формировании гражданского сознания личности» сертификат
2014 г. МЭСИ Участие в Международной н.п.к. стран участниц Таможенного Союза на тему: «Инновации в образовании, экономике и менеджменте» Сертификат
2014 год 18 декабря участие в н.п.к. «Сохранение и развитие духовных и культурных ценностей Казахстана – дорога к прогрессу» ДИПЛОМ ВКО Обл.Музей им Невзоровых
2014 жыл Семей қаласы Ішкі саясат бөлімінің тапсырмасы мен « Қазақстан жастарын қолдау» ШҚО семинар тренинг СЕРТИФИКАТ
2014 жыл Семей облыстық тарихи - өлкетану музейі «Менің отбасымның тарихы- менің Республикамның тарихында алғыс хат
2014 жыл «Ең үздік бейне сабағы» облыстық байқауының қалалық кезеңінде ІІ орын Грамота Білім Бөлімі
2014 жыл «Озық педагогикалық іс тәжірибе галереясында» тәжірибемен бөлісу. Білім Бөлімі АЛҒЫС ХАТ
Тәжірибе алмасу, әдістемелік құралдар, баспа, шығармашылық жұмыстары
2012 ж, Алматы: «Ғылым» баспасынан шыққан «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» атты Жинақта ҚР Білім беру жүйесінің үздік қызметкері .
2012 жылы 6,7,8 қараша күндері №16 мектепте Қазақстан тарихы пәнінен қала мектептері оқушыларына сабақ өткізді
Автокеруенмен облыс көлемінде Шубартау, Аяқөз, Ұржар ауданы ауылдарында шеберлік - сынып , зияткерлік сайыс өткізді, Қалалық аппеляциялық комиссия мүшесі, олимпиадада комиссия мүшесі жұмысын атқарды.
2014 .3.11 МЭСИ жинағында «Дінтану пәні мәселесі хақында» мақаласы басылып шықты.
2014.20.09.МЭСИ жинаңында «Патриоттық тәрбиедегі қоғамдық пәндердін рөлі» мақалам басылып шықты
Шығарған әдістемелік құралдары мен бағдарламары:
1.«Аймақттық компонетті оқыту пәнінің бағдарламасы »
2.«Дарынды, қабілетті балалармен жұмыс» авторлық бағдарламала сайысында І орын
3.«Тарих сабағында АКТ қолдану» әдістемелік құрал
4. «Қазақстан Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) . Авторлық бейне сабақ облыстық байқауының қалалық кезеңінде ІІ орын алды Грамотамен марапатталды.
5.«Қазақстан тарихына саяхат авторлық вариативті бағдарламасы » 2014 жыл «Озық педагогикалық іс тәжірибе галереясында» ұсынылды .Білім Бөлімі алғыс хат
6. «Роль преподавания общественных дисциплин в формировании гражданского сознания личности» методическая разработка
Оқушыларымның олимпиада, шығармашылық ғылыми жарыстарда, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі ҒПК жеңімпаздары
2011 ж. «Дарын» республикалық зияткерлік сайысы «Золотое руно», Шымырбаев Д «Үздік» Ағзамова Д, Оразбеков Д - 5 класс. Дипломдар.
2011 ж. «Дарын» облыстық интеллектуалдық «Тұлпар» конкурсында ІІІ орын Ибрахимова А, Ашкенова З. 10-класс.
2011 жылы «Дарын» «Елім- ай» аймақтық конкурсында Қазақстан тарихы пәні бойынша ІІ орын Ескалмасова А, 6-класс Смағұлов А , ІІІ орын Әлимбаев Ә,Тұрсынханов Н.
2012 ж « Дарын» қашықтық олимпиадада ІІ орын Әділбекова Н-8 класс, ІІІ орын Жолдина Д- 6 кл., Дубаева А -8 кл.,Төліғазиев Ж – 11 кл. Грамота
11.05.12 Өлкетану мұражайы «Қазақ халқы этнографиясының білгірі сайысы» Әділбекова Н, Союзбек Э. ДИПЛОМ алды.
2013ж.қалалық олимпиадада Әділбекова Н. ІІ орын алды Грамотамен марапатталды.
2013 ж «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиада,Қазақстан тарихы пәні: салт дәстүр, тұрмыс, қазақ халқының мәдениеті бойынша олимпиадада Жандагазинова Д Жолдина Ж,Бекбаева Э, Акимжанова Е, Ибраева А,АлиасқароваА., Тұрсынханов Н., Сертификат алды.
2013 ж. Щучье қаласында «Тарих ата» VІІІ республикалық қашықтық олимпиадасында Әлиасқарова А.жүлдегері ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды № ІІ – 012 Щучье қаласы
2014 ж сәуір Тарих пәні бойынша аймақтық олимпиадада Адамзатова Ш, Кумарбек А. Мадақтамамен марапатталды .
2014 .09.10 «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасына қатысқан Оразбаев К, Доскина С, Калиева Ш, Жандагазинова Д, Ибраева А,Серрікқазы Н, Токмурзаева Л, Султанова К, Муратбекова А, Серікқазы Н, Тоқмурзаева Л, Укаев Ф,Төлеуғазы Е Сертификат иеленді.
2014 .9.12 Семейдің облыстық тарихи - өлкетану музейі ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Менің отбасымның тарихы менің Республикамның тарихында» ғ.т к. Советова Е , Доскина С, Тұрсынханов Н, Султанова К. Дипломмен марапатталды, жұмыстары конферения жинағында басылып шықты
2014 ж 18.12. Облыстық Невзоровтар отбасы мұражайы ғ.т.к.Ескалмасова А, Султанова К, Қадыр Қ. Дипломмен марапатталды, жұмыстары конферения жинағында басылып шықты
2015.26.03 Облыстық интеллектуалдық «Тұлпар» олимпиадасында 9 оқушы ІІ орын алды: 9 класс Доскина С, Султанова К, Тұрсынханов Н, Рахимов Б, Ескалмасова А, Қадыр Қ, Доскина А, Қасенов А, Агзамова Д.
2016.26.03 Облыстық интеллектуалдық «Тұлпар» конкурсында ІІ орын алды: Рахимжанова Аружан 6 класс, ІІІ орын алды: Умутбаев Темирлан, Төлеубеков Мақсат, Сабиева Дильназ, Ислямов Сабыржан, Танатбек Анель

----------------------------------------

Қоғамның дамып - өркендеуі, оның әлеуметтік - мәдени этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар туралы болып жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып, салауатты өмір салтын құруда, білім беру саласындағы инновацияны меңгеруде, қоғамымызды ізгілендіруде мұғалімдерге, олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы, т.б. қасиеттеріне байланысты екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан - жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап ететінін, еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана жемісті болатынын сезінемін және осы бағытта үздіксіз еңбек етемін.

Өзекті тақырыбым: «Білім сапасын арттыруда заман талабына сай оқушыларды жан-жақты тұлға ретінде дамыта отырып, оқыту үрдісінде озық технологияларды пайдалану», барлық жұмысым осы тақырып аясында жүзеге асуда. Әл Фарабидың «адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беру керектігі» жөніндегі нақыл сөзі  үнемі жадымда, оқушының бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу , тәрбиелеу арқылы білімге жетелеу, кез келген пәннең алған білімін  өз өмірлеріне қажеттігін сезіндіру - күнделіктегі жұмыс бабындағы менің  әрекетім және мақсатым. Бала - жасы кәмелетке толмаған, жан - жақты тәрбиені қажет ететін, болашағынан көп үміт күттіретін жеке тұлға. Ал, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп,  тәрбие берушілер ата - ана, жанұя, араласатын ортасы, жолдастары, тәрбиешісі және ұстаздары.

Тәрбие беруші және ұстаз ретінде негізгі мақсатым – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой - өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.Ол үшін оқушыларымды алға  жетелеймін, тың жерден жаңа білім іздеуге , оны дұрыс түсінуге, және озіне сенімін арттыруға көмектесемін, алға ұмтылуға жағдай жасауға тырысамын, тіпті жасаған әрекеттері жоғары нәтиже көрсетпеген жағдайда еш уақытта баланың еңсесін түсірмеймін, керісінше үнемі шабыттандырып отырамын. «Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ...Егер мұғалім өз ісін ұната білсе, ол жақсы мұғалім болады.» - деген еді Л.Н.Толстой, өзім де осы қағиданы ұстанамын ол үшін үздіксіз ізденемін, өткені адам алдына мақсат қойса кез келген шыңды ала алады оған мен сенімдімін, және де өз шәкіртерімді де дәлелді түрде  сендіремін, осы бағытта тәрбиелеймін.

Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт болып қалуының кепілі.Еліміздің жарқын болашағы , өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінемін.Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып , тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек, сондай болуға тырысамын, үнемі ізденістемін, білімімді ары қарай көтеруге жалықпаймын, және сол білімімді оқу тәрбие жұмысымда толығымен қолданамын.